Ірі акционер Нурбанктің капитализациясын өз қаражатымен 20,038 млрд теңгеге аяқтады. Осы арқылы қаржы институты активтердің сапасын бағалау (AQR) нәтижелері бойынша Қаржылық тұрақтылықты арттыру бағдарламасына қатысу міндеттемелерін орындады. Бұл туралы банкке сілтеме жасап, Kapital.kz іскерлік ақпарат орталығы хабарлайды.
Нурбанк басқарма төрағасы Эльдар Сәрсенов атап өтті: «Өткізілген капитализация банктің сенімділігін және қаржылық тұрақтылығын арттырады. Бұл шара қазіргі уақытта орын алған дағдарыс құбылыстарына қарсы тұруға, банктің таңдалған стратегия бойынша өсуіне ықпал етеді».
Алынған қаражат несие берушілер мен салымшылар үшін «қауіпсіздік жастығын» ұлғайтуға, нақты сектор экономикасына несие беруге және шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландыруға бағытталады.
«Банктің жоғары капитализациясы және өтімділігі осы қиын уақытта банктің тұтынушыларға қызмет көрсетуін жоғары деңгейде сақтауға мүмкіндік берді. Біз клиенттер алдындағы барлық міндеттемелерді орындауды жалғастырдық, қысқа мерзім ішінде 20 мыңнан астам несие мерзімін ұзарттық. Қазіргі уақытта банк ATM желісін белсенді дамытуды жалғастыруда, I тоқсанда 50 жаңа банкомат сатып алынды. Алдағы айларда біз жаңа автоматтандырылған банктік жүйе Colvir енгізу жобасын аяқтаймыз. Бұл біздің бизнес-процестерімізді барлық бағыттарда тиімдірек ұйымдастыруға мүмкіндік береді», - деп қосты Эльдар Сәрсенов.
Ескерту керек, жыл басында Нурбанктің капитал жеткіліктілік деңгейі 19% болды, норма 10% болса. Ағымдағы өтімділік мөлшері норма 0,3 болғанда 1,7 болды. Берілген несиелер көлемі айтарлықтай өсті. Қаңтар-сәуір айлары аралығында шығарулар өткен жыл деңгейінен 16,5% асты.
2020 жылдың басынан бастап пайыздық кірістер өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 9% өсті. Корпоративтік бизнес бойынша бұл көрсеткіш 10% өсті. Жыл басынан бері депозиттік портфель 3,5 млрд теңгеге немесе 1,3% өсті.
Дилинг операцияларының кірістері айтарлықтай өсті, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,5 есе артып, 2,6 млрд теңгені құрады.