Sales Expert АО «Нұрбанк» байланыс орталығының жұмысын 5 баллмен бағалады. Осылайша, Sales Expert аналитиктері банктердің call-орталықтарына тек барлық шарттарды білу мақсатында ғана емес, сонымен қатар менеджерлердің клиенттермен жұмысын тексеру үшін де қоңырау шалды: олардың банк өнімдері туралы ақпаратты қаншалықты жақсы меңгергені, бәсекелестер алдында өз артықшылықтарын көрсете алуы және өзіне клиент ете алуы.
«Қуаныштысы, бәсекелестермен салыстырғанда артықшылықтарды кәсіби түрде көрсете отырып, жеңілдіктер мен бонусар туралы айтып беру, әрі келесі қадамға - үйге ең жақын бөлімшені көрсету немесе интернет арқылы қызметке тапсырыс беру жолын түсіндіруге мүлтіксіз ауыса алатын мамандар бар екен», - деп қорытындылады Sales Expert аналитигі.