Егер банк жүйесі әлсіз болса, ол бүкіл экономикаға әсер етеді

Егер банк жүйесі әлсіз болса, ол бүкіл экономикаға әсер етеді

Kursiv.kz

Іскерлік портал Kursiv.kz

Банк секторын одан әрі шоғырландыру Қазақстанның қаржы жүйесінің сауығып, нығаюына ықпал етеді, бұл тұтастай алғанда экономиканың дамуына және оның инвестициялық имиджін жақсартуға оң әсер етеді. Бұл туралы және басқа да көптеген мәселелер жөнінде «Къ»-ге берген сұхбатында «Нурбанк» АҚ басқарма төрағасы Эльдар Сарсенов айтып берді, саланың өзекті оқиғалары мен банктің соңғы қаржылық көрсеткіштерін түсіндіріп өтті.

– Бүгінгі қаржы нарығындағы ең талқыланатын жаңалықтар – алдағы M&A мәмілелері, атап айтқанда, Халық банкі мен ККБ-ның, Цесна мен БЦК-ның бірігуі. Әрі тағы 3-4 банктің бірігуі туралы қауесет тарауда. Банктік сектордың бірігу үдерісін сіз қалай бағалайсыз? Бұл банктер үшін, олардың клиенттері мен Қазақстан экономикасы үшін жақсы ма әлде жаман ба?

– Нарық экономикасының үнсіз заңы – қаншалықты бәсекелестер көп болса, клиенттерге соншалықты жақсы болады. Біздің нарық ерекше, тіпті Еуропа бір адам басына шаққандағы осыншама қаржы институтымен мақтана алмайды, оның ішінде микроқаржы ұйымдары мен финтех бар.

Ұлттық банк ЕНПФ-нан 50 миллиардты қайда жұмсайтынын түсіндірді...
ЕНПФ қоғамдық кеңесінің төрағасы Досым Сатпаев ЕНПФ қоғамдық кеңесі атынан Ұлттық банкке сұрау салған еді...

Бізде несиелендірілген нарық жеткілікті, бірақ ол өсіп жатқан жоқ. Мұның бәрі бірге алғанда жақсы көрініс бермейді – депозиттер қабылдай алатын 34 классикалық қаржы институты. 17-18 миллион адамға – бұл мүмкін жеткілікті ақылға қонымды сан, бірақ біз жылдан жылға экономика өсімінің кері мәнін көреміз. Адам басына шаққандағы ЖІӨ экономиканың БВУ арқылы несиелендіруінен өспейді.

Табысым мұнайдың бағасының құлдырауы мен девальвациядан тоқырайтын болса, жеке тұлға, кәсіпкер немесе ірі кәсіп болғанымда, несиені төлеу үшін артық табысты қайдан аламын?

 Демек осы көрсеткіштер арасында корреляция жоқ?

– Иә. Бұл біздің барлық әріптестерімізге қиындық туғызады, соның ішінде бізге де. Мұнда біріншіден, несие жүктемесі болуы үшін экономикада жарылыс, қарқын керек, екіншіден, әрі қарай өсу үшін қор болуы үшін экономикаға қажет, немесе банктер санының азаюы керек – біз көріп отырған саясатты Ұлттық банк ұстанады. Бұл дұрыс, өйткені банктер басқа коммерциялық кәсіпорындардан айырмашылығы, депозиттермен жұмыс істейді. Бұл бізді ерекшелендіретін және белгілі бір жауапкершілік артатын принципті айырмашылық.

– Әрине. Егер банктер кейбір қиындықтарды бастан кешірсе, өздерінің облигациялық қарыздарын төлей алмаса, жеке тұлғаларға ақшаны шешіп беру мүмкін болмаса, тұтас жүйе сынып кетеді. Тым алысқа кетпейік: 2008 жыл. Америка. Бір үлкен банк құлағанда, бірден кредиторлар мен дебиторлар арасындағы байланыс жабылды. Екі жақ та азап шеге бастайды. Бұдан кейін тізбектей жалғаса береді. Бұл толқындық әсер деп аталады. Көптеген компаниялар, сол жерде жұмыс істейтін қызметкерлер зардап шегеді, жұмыссыздық өседі, тұтынушылық сұраныс төмендейді, бүкіл экономика зардап шегеді.

Ұлттық банк пен үкімет үшін теңдестірілген банктік жүйеге ие болу өмірлік маңызды. Бұл біріншіден. Бұл үшін экономиканың өсуі қажет, ол бізге байланысты емес, немесе банктер санының азаюы қажет, олар қалпына келіп, үлкейіп, бір жағынан мемлекет, екінші жағынан – жеке сектор үшін өте қажет өзегін алады.

Екіншіден – қазір жұмыс істемейтін несиелердің тым көп саны. Бұл тәуелсіз рейтингке, несие және инвестиция рейтингіне әсер етеді. Соңғысы әлдеқайда маңызды, өйткені жақсы беделсіз ірі институционалдық инвесторлар Қазақстанға кірмейді. Ал инвестициялар біздің экономикамыз үшін өте маңызды. Инвестициялар – бұл бюджетті жүктемей, инвестормен болашақта табысты бөлісу арқылы кәсіпорындарды, салаларды, экономиканы дамытатын құрал.

– Әрине, сала алады. Бірақ егер банк жүйесі әлсіз болса, ол бүкіл экономикаға әсер етеді. Бұл банктік сектор экономиканы тиімді қолдай алмайды дегенді білдіреді, ал мен сияқты инвестор неге әлсіз банктік секторы бар, уытты несиелер саны өсіп жатқан, халық және кәсіпорындардың сатып алу қабілеті төмендеп жатқан елге инвестиция салуым керек екенін түсінбеймін.

Сондықтан біздің үкімет жүйені қалпына келтіруге, проблемалық портфельдерімізді тазартуға жұмыс жасап жатыр, бұл инвесторлар үшін тартымдылығымызды арттыруға оң серпін береді. Бұл біздің негізгі мақсатымыз.

 Банктік жүйені біріктіру NPL жүйесін төмендетуге қалай көмектеседі?

– Екі банк қандай да бір жолмен қосылғанда, олар кітаптарын ашады. Әрбір банк-сатып алушы тексеріс жүргізіп, тексереді, неге «жақсы», неге «жаман». Жаман активтер алынып тасталады, жақсы активтер қалады немесе үлкен дисконтпен сатып алынады. Бұл «көктемгі тазалау» сияқты. Жаман не бар екенін бірден көрінеді. Әдетте өз жұмысында банк қандай да бір мәселелерді цифрлармен жұмыс істеп ретушь жасау мүмкіндігіне ие. Бұл мүлдем заңды, әлемдік тәжірибе. Бірақ сатып алуда бұл мәселелер бірден анықталады, 6-7 банк қосылып, бірлессе немесе тағы басқа жолмен үлкейсе, бәрі көрінеді.

Екіншіден, 2018 жылдан бастап Базель 3 және IFRS 9 енгізіледі, олар капитал мен резервті есептеу әдістерін реттейді. Банкирлерге есептеу аса ұнамайтын екі көрсеткіш. Бұл дегеніміз, – біз міндетті түрде резервті басқаша есептеуіміз керек және ол бізге көрініп тұрғандай, анағұрлым консервативті түрде көрсетуге мәжбүр боламыз деген сөз. Екіншіден, өлшем капитал бойынша қатаяды. Сондықтан бұл дұрыс.

Әрине, бәсекелестік мұнда зардап шегеді, бірақ бастысы банктер саны қандай да бір сыни шектің астына төмендемеуі керек. Ешқашан АҚШ немесе Еуропадағыдай болмайды деп айтуға болмайды – 3-4 ірі банк, қалғаны – микробанк. Менің ойымша, шағын, орта және ірі барлық типтегі банктер жұмыс істегенде ең оңтайлы нұсқа – клиенттерге бәрі жетіледі. 10 банк кетсе – бұл жақсы, бірақ оны ақырындап жасау керек, бүкіл банктік секторға күдік тудырмау үшін. Банктік сектор қалпына келтірілсе, жаңа бастамаларды бастауға болады.

10.03.2017