Капитал іскерлік ақпарат орталығы
16 маусым күні Проблемалық қарыздар қоры (ФПК) мемлекеттік бағдарлама аясында ипотеканы қайта қаржыландыру үшін кейбір банктерге қаражат жібергені белгілі болды. 130 млрд теңгеден банктерге 63,2 млрд теңге берілді. Қаражат ФПК келісімшартқа қол қойған банктерге жақын арада беріледі. Kapital.kz іскерлік ақпарат орталығы Қордың қаражаты қай банктерге жеткенін анықтады.
Ипотеканы қайта қаржыландыруға 2,4 млрд теңге бөлу жоспарланған Еуразиялық банк келісімшартқа 10 маусым күні қол қойған. «Келісімшартқа сәйкес, Қордың қаражаттары құжатқа қол қойылған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде түсуі тиіс», - деп атап өтті банк өкілдері.
ATFBank өнімдер әзірлеу басқармасының жетекшісі Замира Кілібасованың айтуынша, банк те ФПК-мен келісімшартқа қол қойған. «Қордың қаражаттары алдын ала түсті. Қазіргі уақытта мемлекеттік бағдарлама аясында ипотеканы қайта қаржыландыру бойынша 600-ден астам өтінім қабылданды», - деп нақтылады ол.
Банк ЦентрКредит және Нұрбанктер де ФПК-мен келісімшартқа қол қойды. «Қордың қаражаттары жақында түседі. Банкке шамамен 100 қарыз алушы жүгінді», - деп атап өтті Нұрбанк баспасөз қызметі.
«Kaspi bank ФПК-мен келісімшартқа 18 маусымда қол қойды. Осы келісім аясындағы қаражат жақын арада түседі. Мемлекеттік бағдарлама аясында ипотеканы қайта қаржыландыру бойынша 50-ге жуық өтінім қабылданды», - деп атап өтті банк өкілдері.
Казкоммерцбанк ФПК-мен жиырма жылға 38,1 млрд теңгелік банктік депозит келісімшартына қол қойғанын хабарлады. «Алынған қаражат Казком, БТА Банк және БТА Ипотека клиенттерінің ипотекалық қарыздарын қайта қаржыландыруға бағытталады», - деп хабарлады қаржы ұйымы.
16 маусым күні ForteBank Проблемалық қарыздарды алу тобының аға банкірі Қанат Мусин келісімшарт келесі аптада қол қойылатынын мәлімдеді.
Kapital.kz-ке жүгінген көптеген банкирлер несиелерді есептен шығару барысында кейбір қиындықтарға тап болғандарын атап өтті.
Атап айтқанда, Замира Кілібасова банктерге мемлекеттік ипотеканы қайта қаржыландыру бағдарламасын нақты жүзеге асыруда салық төлеу тәртібі қиындық туғызатынын нақтылады.
«Жеке тұлғаның қарызын кешіргенде, банк бұрын шегерімдер әдісімен есептеуге қосылған жинақтарды салық салынатын табыстарға қосудан салық міндеттері туындайды. Банк Жеке табыс салығын (ЖТС) 10% өз қаражаты есебінен төлеуге мәжбүр. Банк кешірілген сомадан корпоративтік табыс салығын 20% төлейді. Қарыз алушы салық төлемейді. Егер қарыз алушы жеке кәсіпкер болса, онда кешірілген қарыз сомасынан ЖТС төлемін жеке кәсіпкер өзі төлеуі тиіс. Банк қарыз бойынша қарыз кешірілгендігі туралы салық органын хабардар етеді», - деп атап өтті ол.
Мемлекеттік ипотекалық және ипотекалық тұрғын үй қарыздарын қайта қаржыландыру бағдарламасы 2015 жылдың сәуір айында бекітілді. Сәуірдің ортасында Ұлттық банк ФПК-ның капиталына 130 млрд теңге инвестициялау шешімін жариялады, бұл қаражат банктерге 2,99% жылдық мөлшерлемемен және 20 жылға беріледі. Мемлекеттік қаражат арқылы 2004-2009 жылдары берілген ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру шешімі қабылданды.
Ұлттық банк бұрын ипотеканы қайта қаржыландыру бағдарламасы Қазақстандағы «улы» несиелер деңгейін төмендетуге, экономиканың долларлануын және әлеуметтік кернеу тәуекелдерін азайтуға бағытталғанын атап өтті. Бұрын айтылғандай, мемлекеттік бағдарлама аясында қарыз алушылар валюталық несиелерін теңгеге ауыстырып, ипотека мерзімін 20 жылға дейін арттыра алады. Бірақ банктердің негізгі мәмілеге дайындығы - комиссиялы, сыйақылы, тұрақсыздық үшін қарыздарды кешірмеу. Проблемалық ипотека алушылары тек негізгі қарызды 3% жылдық мөлшерлемемен төлеуі керек.
Мемлекеттік бағдарлама бойынша ипотеканы қайта қаржыландыра алатын 9 банк анықталған. Казкомға 38,1 млрд теңге, Халық банкіне – 33,6 млрд теңге, ForteBank-ке – 20,3 млрд теңге, ЦентрКредит Банкіне – 15,6 млрд теңге, ATFBank-ке – 9,5 млрд теңге, Kaspi bank-ке – 5,3 млрд теңге, Цеснабанке – 3,6 млрд теңге, Еуразиялық банкке – 2,4 млрд теңге, Нұрбанкке – 1,6 млрд теңге бөлінеді.