Экономика мен қаржының өзекті жаңалықтары
«Нұрбанк» АҚ және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ өңдеу өнеркәсібінде қызмет атқаратын ШОБ субъектілерін қолдау бағдарламасына қатысу жөнінде үшінші келісімге қол қойды. Бұл туралы Etoday.kz Банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Нұрбанк» АҚ ірі банктердің бірі ретінде «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорымен өңдеу өнеркәсібіндегі ШОБ субъектілерін қолдау бағдарламасы аясында кредиттік келісім жасасқан 13 екінші деңгейлі банктердің қатарына енді.
Осы бағдарламаны жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатынан 50 млрд теңге бөлініп, ол бағдарламаның қатысушы-банктері арасында өңдеу өнеркәсібіндегі ШОБ субъектілерін қолдау мақсатында бөлінді.
Бағдарлама шарттарына сәйкес, ШОБ субъектілерін қаржыландыру инвестициялық мақсаттарға және айналым капиталын толықтыруға арналған, сондай-ақ әрекеттегі несиелерді толықтыру мен инвестициялық мақсаттарға қайта қаржыландырылу үшін, жылдық сыйақы мөлшерлемесі 6%* жеңілдікпен жүргізіледі, осылайша қаржыландырудың максималды мерзімі 10 жылға дейін болуы мүмкін. Бағдарлама шеңберінде Банк несие беру мен қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар, жинақтар және басқа төлемдер алмайды.