Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған «Нұрбанк» АҚ (Алматы) KASE-ге 2015 жылғы 20 наурыздағы мынадай мазмұндағы баспасөз хабарламасын ұсынды: дәйексөз басы Нұрбанк Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес жасалған біріктірілген қаржылық есептерге негізделген 2014 жылғы қызметінің нәтижелерін жариялады. 2014 жылғы қызметтің негізгі қорытындылары: — несие портфелі (провизияларды қоспағанда) 233,9 млрд теңгені құрады. — Банктің активтері 369,5 млрд теңгені құрап, 46,2% өсті. — депозиттік портфель 24%-ға өсіп, 189,2 млрд теңге болды; — касса және аударым операциялары есебінен банктің комиссиялық кірістері 13% артты; — резервтерді жасағанға дейін банктің таза пайыздық кірісі 84% ұлғайды. — Банктің таза кірісі 2,6 млрд теңгені құрады. дәйексөз соңы Баспасөз хабарламасының толық нұсқасы KASE интернет-сайтында келесі мекенжайлар бойынша орналастырылған: — http://www.kase.kz/files/emitters/NRBN/nrbn_reliz_200315_kz.pdf — қазақ тілінде; — http://www.kase.kz/files/emitters/NRBN/nrbn_reliz_200315.pdf — орыс тілінде.