Коммуналдық мекеме қызметкерлерін қуантты
Коммуналдық мекеме қызметкерлерін қуантты

Коммуналдық мекеме қызметкерлерін қуантты

Тұрғындардың жайлы өмір сүруін коммуналдық мекеме қызметкерлері өз міндеттері санайды. Бірақ олар бұл жұмыстары үшін ешкімнен алғыс күтпейді. Дегенмен «Нұрбанк» АҚ қызметкерлері қыстың көзі қырауда, бел жазбай еңбек етіп, қала көшелерін тазалайтын жұмысшыларға ыстық бауырсақ пен шай ұсынып өз алғыстарын жеткізді.

 

«Жылулық сыйлаймыз» акциясын «Нұрбанк» АҚ қызметкерлері қаланың шеткі шағын аудандарының бірінде ұйымдастырды. Коммуналдық мекеме жұмысшылары қала көшелерінің қыста қарын тазартып, жазда қоқысын теріп көгалдандырумен шұғылданады. Жұмысшылардың көбі тамақты үйлерінен дайындап әкеліп сол жерде ауқаттанады. Алайда сол маңдағы дүкендерде қайта ысытуға үнемі мүмкіндік бола бермейді. Сондықтан банк қызметкерлері ұсынған ыстық кофе мен шай және кондитрелік тағамдар жұмысшылардың көңілін көтерді.

 

«Жылулық сыйлаймыз» мейірімділік акциясы бүкіл еліміз бойынша өткізіледі. Ал «Нұрбанк» АҚ құрылғаннан бері республикалық, облыстық және қалалық деңгейде 1000-нан астам қайырымдылыққа бағытталған ірі жобаларды жүзеге асырды. Қазіргі уақытта банк басшылығы осындай әлеуметтік маңызы бар жобаларды қолдауға баса назар аударып отыр.

 

Дереккөз: https://altaitv.kz/kz/news/20320

03.02.2025