Нұрбанк қызметкерлері 7 жыл қатарынан «Жылу сыйлаймыз» акциясын ұйымдастырып келеді. Ауа райының қолайсыздығына да қарамастан күн сайын қала игілігі үшін еңбек етіп жүргендерге қолдау білдіруде. Биыл да ізгілік акциясын қайталады. Суық күндері олар коммуналдық қызметтің жұмысшыларына ыстық шай және буы бұрқыраған нан өнімдерін ұсынды.
Қыста коммуналдық қызметтің жұмысшылары таңмен таласа тұрып жолдарды қардан тазартып, қала тұрғындарына жайлылық жасайды. Олар ауа райының кез келген жағдайында еңбек ете береді. «Жылу сыйлаймыз» акциясы аясында «Нұрбанк» өкілдері жылы лебіздерін білдіріп, ілтипат көрсетті.
Дереккөз: https://kokshetv.kz/kz/news/38242