Құрметті ханымдар мен мырзалар!
«Нурбанк» АҚ негізгі және резервтік деректерді өңдеу орталықтары үшін сақтау жүйелерін сатып алуға арналған ашық тендер жариялайды.
Тендер түрі: ашық
Тендердің басталуы: 2024 жылғы 19 қыркүйек, сағат 14:30, мекенжайы: Абая даңғылы 10В, 3-қабат, 310 үлкен конференц-зал
Тендердің аяқталуы: сағат 18:00
Құжаттар мен ұсыныстарды жинау: 2024 жылғы 17 қыркүйек, сағат 12:00-ге дейін (қоса алғанда), мекенжайы: Абая даңғылы 10В, 204 кабинет.
Тендерге келесі критерийлерге сәйкес келетін әлеуетті жеткізушілер қатыса алады:
- №4 қосымша Жеткізушілерге қойылатын талаптар.
Техникалық спецификация көрестілген:
- №1 қосымша техникалық спецификация.
Тендерлік өтінімдерді бағалау критерийлері:
- жоғарыда көрсетілген талаптарға әлеуетті жеткізушінің сәйкестігі;
- тендерлік өтінімнің тендерлік құжаттардағы техникалық спецификацияларға сәйкес келуі;
- ұсынылған баға;
- төлем шарттары;
- жабдықтарды жеткізу мерзімі.
Тендерге қатысу үшін келесі құжаттар пакеттерін ұсыну қажет:
1 пакет: Заңды құжаттама
1) тендерге қатысуға өтінім;
2) заңды тұлғаны тіркеу/қайта тіркеу туралы құжаттардың көшірмесі (Жарғы, қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік);
3) лицензиялардың көшірмелері (салыстырмалы түпнұсқасы), егер сатып алынған тауарлар/жұмыстар/қызмет түрлері лицензиялауға жататын болса;
4) өкілетті тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі - жеткізуші өкілі;
5) Тендерге қатысуға мақұлданған тұлғаның жеткізушіден сенімхаты;
2 пакет: Қаржылық құжаттама
1) ұсынылып жатқан баға кемінде 12 ай;
2) үміткердің банк деректемелерін растайтын және банкте қарыздың жоқтығын растайтын қызмет көрсететін банктен анықтаманың түпнұсқасы;
3) заңды тұлғалар үшін бір жылдық қаржылық есептілік көшірмелері, компания мөрімен расталады, жеке кәсіпкерлер үшін мөрі болса, расталған салық декларациялары;
4) жеткізушінің тіркеу орнындағы Салық комитетінен салық төлеуден қарыздың жоқтығы туралы анықтаманың түпнұсқасы;
5) материалдық-техникалық база туралы ақпарат;
6) Келісім шарт бойынша жеткізу кезінде өзара есеп айырысуды «Нурбанк» АҚ-тағы банктік шот арқылы жүзеге асыруға келісім бергендігін растау.
3 пакет: Басқа құжаттама
1) техникалық спецификациялар, жеткізу шарттары, мерзімдер;
2) Алматы қаласындағы өз сервис орталығының бар болуы немесе өндіріс компаниясының уәкілетті сервис серіктесінің сервис қолдау көрсетуі және ресми өкілеттігін растайтын құжаттар;
3) әлеуетті Жеткізуші өз тендерлік өтінімін дайындау және тапсырумен байланысты барлық шығындарды көтереді, ал Банк және тендерлік комиссия бұл шығындар үшін жауап бермейді және міндеткерлік жүктемейді, тендер өткізілу сипатына және нәтижесіне қарамай.
Өз тарапымыздан Банк тендерлік комиссиясы тендерлік өтінімдерді қарастыру, бағалау және салыстыруға қатысты ақпаратты әлеуетті жеткізуші мекемелер мен қызметтердің және осы өтінімдермен ресми түрде айналыспайтын ешбір басқа тұлғаға ашпауға құқылы екенін атап өтеміз.
Әлеуетті жеткізуші өз өтінімін түпкілікті өткізу мерзіміне дейін өзгертуге немесе кері қайтарып алуға құқылы.
Тендер уәкілетті тұлғаның қатысуымен немесе уәкілетті тұлға болмаған жағдайда, онсыз өткізіледі.
Байланыс тұлғалары:
Техникалық тапсырмаға сәйкес құжаттама жинау сұрақтары бойынша Кальсин Виталий Игоревич
Жұм. 8(727)2 500 000, ішкі 4406vkalsin@nurbank.kz