Ашық тендер

Ашық тендер

18.06.2024

Құрметті ханымдар мен мырзалар!

"Нурбанк" АҚ стандартты "Dell" өнімінің техникалық қолдауын сатып алу бойынша ашық тендер өткізілетінін жариялайды

Тендер түрі: ашық

Тендердің басталуы: 2024 жылғы 27 маусымда, сағат 14:30, мекенжайы: Абай даңғылы 10В, 3 қабат, 310 конференц-залы;
Сауда-саттық аяқталуы: 16:30;
Құжаттамалар мен ұсыныстарды қабылдау 2024 жылғы 26 маусымда сағат 12:00-ге дейін (қоса алғанда), мекенжайы: Абай даңғылы 10В, 204 каб. канцелярия.
Тендерге қатысуға қойылған критерийлерге сай келетін әлеуетті жеткізушілер жіберіледі:

  • Қосымша №4 Жеткізушілерге қойылатын талаптар.

Техникалық сипаттамалар:

  • Қосымша №1 техникалық сипаттама.

Тендерлік өтінімдерді бағалау критерийлері:

  • жоғарыда аталған талаптарға әлеуетті жеткізушінің сәйкестігі;
  • тендер өтінімінің тендерлік құжаттаманың техникалық сипаттамаларға сәйкестігі;
  • ұсынылған баға;
  • төлем шарттары;
  • жабдықтарды жеткізу мерзімдері.

Тендерге қатысу үшін келесі құжаттар пакетін ұсыну керек:
1 пакет: Заңдық құжаттама
1) тендерге қатысуға өтінім;
2) заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының, тіркеу/қайта тіркеу куәлігінің көшірмелері (Жарғы, қосымша құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік);
3) мемлекет лицензиялайтын қызмет түрлеріне мемлекеттік лицензиялардың көшірмелері (салыстыру үшін түпнұсқа) (егер сатылып алынатын тауарлар/жұмыстар/қызметтер бойынша қызмет лицензиялауға жататын болса);
4) жеткізушінің өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

  • 5) өкілге тендерге қатысуға жеткізушіден сенімхат;
  • 2 пакет: Қаржылық құжаттама
    1) кемінде 12 айға арналған баға ұсынысы;
    2) қызмет көрсететін банктен келген өтінімді растау түпнұсқасы, өтінушінің банктің алдындағы мерзімі өткен қарыздарының жоқтығын растайтын;
    3) заңды тұлғалар үшін бір жылға арналған қаржылық есеп-қисаптың көшірмелері, заңды тұлғаның мөрімен расталған, жеке кәсіпкерлер үшін салық декларацияларының көшірмелері, мөрі болған жағдайда расталған;
    4) жеткізушінің тіркелген орнындағы салық комитетінен салықтар бойынша қарыздар жоқтығын растайтын анықтаманың түпнұсқасы;
  • 5) материалдық-техникалық базаның бары туралы мәліметтер;
  • 6) "Нурбанк" АҚ банктік шоты арқылы өзара есеп айырысу келісімін растау.
  • 3 пакет: Өзге құжаттама
    1) техникалық сипаттамалар, жеткізу шарттары, мерзімдері
    2) Алматы қаласында өзінің қызмет көрсету орталығының бар болу фактісі, не қызмет көрсету қолдауын ұсыну және өндіруші компанияның авторизацияланған қызмет көрсету серіктесінің ресми өкілеттіктерін растайтын құжаттар.

  • 3) Әлеуетті Жеткізуші өзінің тендерлік өтінімін дайындауға және беруге байланысты барлық шығындарын көтереді, ал Банк және тендер комиссиясы тендер нәтижесіне қарамастан, бұл шығындар үшін жауап бермейді және міндеттеме алмайды.
  • Біздің тараптан айта кететініміз, Банктің Тендер комиссиясы тендерлік өтінімдерді қарауға, бағалауға және салыстыруға қатыспайтын қызмет көрсетушілерге немесе кез келген басқа тұлғаға "Нурбанк" АҚ тендерлік өтінімдерді қарауға, бағалауға және салыстыруға қатысты ақпаратты ашуға құқылы емес.
    "Нурбанк" АҚ тендер өткізуді жоюға немесе кейінге қалдыруға, оны жою немесе кейінге қалдыру туралы тендерлік өтінімдерді ұсынған әлеуетті жеткізушілерді жазбаша түрде хабарлауға құқылы.
    Әлеуетті жеткізуші өзінің өтінімін, тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі бітпей, өзгертуге немесе кері қайтарып алуға құқылы.
    Тендер әлеуетті қызмет көрсетушінің өкілетті тұлғасының қатысуымен немесе онсыз өтуі мүмкін, егер өкілетті тұлға тендерге қатыспаса.

    Байланыс тұлғалары:

    Құжаттама пакетін техникалық тапсырмаға сәйкес қалыптастыру мәселелері бойынша Виталий Кальсинге хабарласыңыз.
    Тел. +7 (727) 2500–000 ішкі тел. 4406 VKalsin@nurbank.kz.