Ашық тендер

Ашық тендер

24.05.2024

"Нурбанк" АҚ кеңсе тауарларын сатып алуға арналған ашық байқау өткізу туралы хабарлайды.

Байқау нәтижесі бойынша үздік шарттарды ұсынған компаниямен жеткізу келісім-шарты жасалады.

Осы хабарландыру қоса берілген файлдарда талаптар тізімі мен қажет кеңсе тауарларының көлемі көрсетілген.

Байқау түрі: ашық

Сауда-саттық басталуы: 2024 жылғы "30" мамырда сағат 14:30-да, мекенжайы: Алматы қаласы, Абай даңғылы 10 "в"

Сауда-саттық аяқталуы: 2024 жылғы "30" мамырда сағат 16:00-да, мекенжайы: Алматы қаласы, Абай даңғылы 10 "в"

Ұсыныстар қабылдау мерзімі: 2024 жылғы "29" мамырда сағат 12:00-ге дейін, мекенжайы: Алматы қаласы, Абай даңғылы 10 "в"

Жеткізушілерге негізгі талаптар:

- Тауар 1-Қосымшадағы тізім мен ерекшеліктерге сәйкес болуы тиіс

- Қазақстанның 16 қалаларына (Атырау, Астана, Ақтау, Ақтөбе, Көкшетау, Қостанай, Қарағанды, Өскемен, Павлодар, Петропавл, Семей, Тараз, Талдықорған, Шымкент, Орал, Алматы) және Бас банкке тегін жеткізу жүзеге асыру

- Қажетті тауар саны болуы тиіс

- Жыл бойы ай сайын тауар жеткізу мүмкіндігі болуы

- "Нурбанк" АҚ-да шот ашу

- Кәсіби құзыретке ие болу, жеткізу келісімі бойынша міндеттерді орындау үшін қажетті қаржылық, материалдық және еңбек ресурстары болуы

- Төлем қабілеттілігі бар, таратуға жатпайтын, мүлкіне тәркі салынбаған, қаржы-шаруашылық қызметі тоқтатылмаған болуы тиіс

Байқауға қатысу үшін келесі құжаттар пакеттерін ұсыну қажет:

1 пакет: Заңды құжаттар

1) белгіленген нысан бойынша байқауға қатысу өтініші

2) Құрылтай құжаттардың, заңды тұлғаны тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлігінің көшірмелері (Жарғы, ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік)

3) Мемлекетпен лицензияланатын қызметті жүзеге асыру лицензиясының көшірмелері (тексеру үшін түпнұсқа) (сатып алынатын тауарлар/жұмыстар/қызметтердің қызметі лицензияланатын жағдайда)

4) Жеткізуші өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі

5) Жеткізушінің уәкілетті тұлғаға байқауға қатысуға өкілеттігі

2 пакет: Қаржылық құжаттар

1) Өтінімгердің банктік деректемелерін және банктен жоқ мерзімі өткен қарызы жоқ екенін растайтын анықтама

2) Заңды тұлғалар үшін жылға арналған қаржылық есептілігі көшірмелері, кәсіпкерлер үшін мөрленген салық декларациялары

3) Жеткізуші тіркелген жердегі Салық комитетінің салықтар бойынша қарыздың жоқтығы туралы анықтама

4) Бұрын жеткізушімен жұмыс істеген заңды тұлғалар/кәсіпкерлердің бағалауы мен сипаттамалары бар ұсыныс хаттар (бар болған жағдайда)

5) Материалдық-техникалық базаның бар екендігі туралы ақпарат

6) Баға ұсыныстары

7) Корпоративті табыс салығы бойынша жүргізілген байқауға дейінгі 2 (екі) жылға арналған декларациялардың көшірмелері. Екі жылдық салық есебінде залал болған жағдайда, баға дәлелдемесін және тауардың / қызметтің сипаттамасын ұсыну қажет

3 пакет: Басқа құжаттар

1) Тауардың сипаттамасы, жеткізу шарттары, мерзімдері

2) Потенциалды жеткізуші өзінің байқау ұсынысының дайындалуымен байланысты барлық шығындарды өзіне алады, ал Банк және байқау комиссиясы бұл шығындар үшін ешқандай жауапкершілік көтермейді

Банктың байқау комиссиясы байқау ұсыныстарын қараған, бағалаған және салыстырған туралы ақпаратты ашпауы туралы құқыққа ие

"Нурбанк" АҚ байқауды жоюға немесе кейінге қалдыруға, және байқауға қатысушыларды жою немесе кейінге шегеру туралы жазбаша хабарлауға ерекше құқыққа ие

Потенциалды жеткізуші байқау ұсынысының соңғы мерзімі аяқталғанға дейін өз өтінішін өзгертуге немесе кері қайтаруға құқылы

Байланыс тұлғасы:

Бағалық ұсыныстар және құжаттар пакеттері бойынша сұрақтар үшін хабарласу

- Жангужинова М.С. тел: 8(7272) 599-710 іш. 4654

- Одинаева Г.Р. тел: 8(7272) 599-710 іш. 5628