Ашық тендер

Ашық тендер

12.03.2024

Құрметті ханымдар мен мырзалар!
«Нұрбанк» АҚ «Dell» өніміне стандартты техникалық қолдау көрсету бойынша ашық тендер өткізілетінін хабарлайды.
Тендер түрі: ашық
Тендер басталуы: 2024 жылғы 20 наурызда сағат 14:30; мекенжайы: Абая даңғылы, 10В, 3-қабат, 310-конференция залы;
Сауда-саттықтың аяқталуы: сағат 16:30;
Құжаттарды жинау және ұсыныстарды қабылдау мерзімі: 2024 жылғы 19 наурызда сағат 12:00 дейін (қоса алғанда); мекенжайы: Абая даңғылы, 10В, 204-бөлме, әкімшілік.
           
Тендерге Қосымшаның 4-тармағында көрсетілген критерийлерге сай келетін ықтимал жеткізушілер қатыса алады:

  • Қосымша № 4 жеткізушілерге қойылатын талаптар.

Техникалық сипаттама көрсетілген:

  • Қосымша № 1 техникалық сипаттама.

Тендерлік өтінімдерді бағалау критерийлері:

  • жеткізушінің жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкестігі;
  • тендерлік өтінімнің тендерлік құжаттаманың техникалық сипаттамаларына сәйкестігі;
  • ұсынылған баға;
  • төлем шарттары;
  • жабдықтарды жеткізу мерзімдері.

Тендерге қатысу үшін келесі құжаттар топтамасын ұсыну қажет:
1 топтама: Құқықтық құжаттар
1) тендерге қатысу өтінім;
2) құрылтай құжаттарының көшірмелері, заңды тұлғаның тіркеу/қайта тіркеу куәлігі көшірмелері (Жарғы, Қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлік);

  • мемлекеттің лицензиялауды талап ететін қызмет түрлеріне лицензия көшірмелері (түпнұсқалары тексеру үшін);

4) жеткізушінің өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
5) жеткізушінің өкілетті тұлғаға тендерге қатысу туралы сенімхаты;

2 топтама: Қаржылық құжаттар
1) 12 айдан кем емес қаржылық ұсыныс;
2) Қызмет көрсететін банктен талапкердің банктік реквизиттерін растайтын, банктен берешегінің жоқтығын растайтын анықтаманың түпнұсқасы;
3) заңды тұлғалардың бір жылға арналған қаржылық есептілігінің мөрмен расталған көшірмелері, жеке кәсіпкерлер үшін салық декларацияларының мөрмен расталған көшірмелері;
4) жеткізушінің тіркелген жеріндегі Салық комитетінен салықтарды төлеу бойынша берешегінің жоқтығын растайтын анықтама түпнұсқасы;
5) материалдық-техникалық базаның бар екенін растайтын мәліметтер;
6) «Нұрбанк» АҚ-дағы банктік шот арқылы келісім-шарт бойынша өзара есеп айырысу келісімін растайтын құжат.

3 топтама: Басқа құжаттар
1)  техникалық сипаттамалар, жеткізу шарттары, мерзімдер.
2) Алматы қаласында өзінің сервис орталығының болуы немесе қызмет көрсету қолдауын ұсынатын құжаттарды және компанияның өнімдерін шығарушының ресми сервис серіктесінің өкілеттіктерін растау құжаттарын ұсыну.
3) ықтимал жеткізуші тендерлік өтінімді дайындау және ұсынумен байланысты барлық шығындарды өзі көтереді, ал Банк және тендерлік комиссия бұл шығыстар үшін жауап бермейді.

 

Банк Тендерлік комиссиясы тендерлік өтінімдерді қарастыру, бағалау және салыстыруға қатысты ақпаратты ашпау құқығын өзіне қалдырады. «Нұрбанк» АҚ тендерді жою немесе кейінге қалдыра алады және тендерге өтінім берген ықтимал жеткізушілерді өткізу күні ауыстырылғаны туралы жазбаша хабарлау арқылы бұл жайлы хабардар ету мүмкін.
Ықтимал жеткізуші өз өтінімін түпкілікті қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін өзгертуге немесе кері қайтаруға құқылы.
Тендерге қатысу жеткізушінің өкілетті тұлғасы қатысқан кезде немесе өкілетті тұлға қатыспаған жағдайда өткізіледі.

Байланыс тұлғалары:

 

Техникалық құжаттар топтамасына қатысты сұрақтар бойынша байланысу үшін: Виталий Кальсин.
Тел. +7 (727) 2500-000 ішкі 4406 VKalsin@nurbank.kz.