Құрметті ханымдар мен мырзалар!
«Нурбанк» АҚ «Oracle» бағдарламалық жасақтама лицензияларын сатып алу үшін ашық тендер өткізетінін жариялайды және потенциалды жеткізушілерді 2024 жылғы 20 наурызда, сағат 14:30-да «Нурбанк» АҚ ғимаратында, мекенжайы: Абай даңғылы 10В.
Тендер түрі: ашық
Тендердің басталуы: 20.03.2024ж. 14:30, мекенжайы: Абай даңғылы 10В, 3-қабат, 310 үлкен конференц-зал;
Сауда-саттықтың аяқталуы: 16:30;
Пакеттерді және ұсыныстарды 2024 жылғы 19.03, сағат 12:00-де қоса алғанда, Абай даңғылы 10В, 204 кабинетке тапсыру қажет.
Тендерге қойылған талаптарға сәйкес келетін потенциалды жеткізушілер қатыса алады:
Техникалық сипаттама берілген:
Тендерге қатысу үшін келесі құжаттар пакеттерін тапсыру қажет:
1 пакет: Заңды құжаттама
1) тендерге қатысу үшін өтінім;
2) құрылтай құжаттарының, заңды тұлғаны тіркеу/қайта тіркеу туралы куәліктің көшірмелері (Жарғы, қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік);
4) жеткізушінің өкілі болып табылатын уәкілетті адамның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
5) тендерге қатысу үшін уәкілетті тұлғаға жеткізушінің сенімхаты;
2 пакет: Қаржылық құжаттама
1) кем дегенде 12 айға бағалық ұсыныс;
2) талапкердің банктік деректемелерін растайтын қызмет көрсететін банктен түпнұсқа анықтама, талапкердің банктің алдында мерзімі өткен қарыздарының жоқтығы туралы;
3) заңды тұлғалар үшін заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған бір жылға арналған қаржылық есептердің көшірмелері, әр жеке кәсіпкерлер үшін салық декларациялары, мөр болса куәландырылған;
4) жеткізушінің тіркелген жеріндегі Салық комитетінен салықтарды төлеу бойынша қарыздардың жоқтығы туралы түпнұсқа анықтама;
5) материалдық-техникалық базаның бар болуы туралы мәліметтер;
6) шарт бойынша жеткізу кезінде өзара есеп айырысуды «Нурбанк» АҚ банктік шот арқылы жүзеге асыру келісімін растау.
3 пакет: Басқа құжаттама
Өз тарапымыздан, Банк Тендерлік комиссиясы потенциалды қызметтер жеткізушілеріне немесе ресми түрде тендерлік өтінімдерді қарауға, бағалауға және салыстыруға қатыспайтын кез келген басқа тұлғаға өтінімдерді қарауға, бағалауға және салыстыруға байланысты ақпаратты ашпау құқығына ие екенін атап өтеміз.
«Нурбанк» АҚ тендерді ресми өтінімдер ұсынған потенциалды жеткізушілерге жазбаша хабарлама жіберу арқылы тендерді күшін жоюға немесе кейінге қалдыруға құқығы бар.
Потенциалды жеткізуші өзінің өтінімін тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін өзгертуге немесе қайтарып алуға құқығы бар.
Тендер потенциалды қызмет жеткізушісінің уәкілетті тұлғасының қатысуымен немесе мұндай тұлға тендерге қатыспайтын жағдайда өткізіледі.
Байланыс тұлғалары:
Техникалық тапсырмаға сәйкес құжаттама пакетін қалыптастыру бойынша сұрақтар болса Виталий Кальсинге хабарласыңыз.
Тел. +7 (727) 2500-000 ішкі 4406 VKalsin@nurbank.kz.