Ашық тендер

Ашық тендер

21.02.2024

Құрметті ханымдар мен мырзалар!

«Нұрбанк» АҚ SOAR жүйесін сатып алу үшін ашық тендер жариялайды және әлеуетті жеткізушілерді 2024 жылдың 29 ақпанында «Нұрбанк» АҚ ғимаратында, мына мекен-жайда өтетін ашық тендерге қатысуға шақырады: Алматы қаласы, Абай даңғылы, 10 «В», кабинет №310.

Құжаттарды жинау мерзімі: 2024 жылдың 28 ақпаны, 12:00 дейін, мына мекен-жайда: Алматы қаласы, Абай даңғылы, 10 «В», канцелярия, кабинет №204
    
Тендерге шақырылатындар: тендерге қатысқанда келесі талаптарға сай болуы тиіс заңды тұлғалар (қызмет жеткізушілері):

  • кәсіби құзыреттілік және жұмыс тәжірибесі бар, келісімшарт бойынша міндеттерді орындауға қажетті қаржылық, материалдық және еңбектік ресурстарға ие болуы керек;
  • «Нұрбанк» АҚ тарапынан бұрын келісілген келісімдер бойынша ешқандай шағым болмауы керек;
  • төлей алатын, жоюға жатпайтынын, мүлкіне тыйым салынбағанын, оның қаржылық-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамалық тәртібі бойынша тоқтатылмағанын көрсетуі қажет;
  • тендерге қатысу үшін өтініш беру және қызмет көрсету келісімшартын жасау кезінде салықтар мен басқа да міндетті төлемдер төлеу міндеттемелерін орындау;
  • Қазақстан Республикасында осалдық сканерінің лицензияларын сату және техникалық қолдау көрсету құқығы жөнінде дистрибьютордан ресми қағаз алу.

Техникалық сипаттамалары және бағдарламалық өнімдер сипаттамасы №5 Қосымшада көрсетілген.

Тендерлік өтінімдерді бағалау критерийлері:

  • әлеуетті жеткізушінің жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкестігі;
  • тендерлік өтінімнің тендер құжаттарының техникалық сипаттамаларына сәйкестігі;
  • ұсынылған баға;
  • төлем шарттары;
  • жабдықты жеткізу мерзімі.

Тендерге қатысу үшін келесі құжаттар пакетін ұсыну қажет:
1 пакет: Заңды құжаттар
1) тендерге қатысу өтініші;
2) жарғылық құжаттардың көшірмелері, заңды тұлғаны тіркеу/қайта тіркеу куәлігі (Жарғы, қосымша құн салығына тіркеу бойынша куәлік);

  • мемлекеттен лицензияланатын қызметті жүргізуге лицензияның көшірмелері (лицензияланатын қызметтер/жұмыстар/тауарларға қатысты заң талабы болса лицензияның түпнұсқасы көрсетілуі тиіс);

4) жеткізушінің өкілі – өкілетті тұлға екендігін куәландыратын құжаттың көшірмесі;
5) Тендерге қатысу үшін жабдықтаушы тарапынан өкілетті тұлғаға берілген сенімхат;

2 пакет: Қаржылық құжаттар
1) 1 жылға бағытталған баға ұсынысы;
2) үміткердің банктік деректемелерін растау және үміткердің банк алдындағы қарызы жоқтығын көрсететін қызмет көрсетуші банктен алынған түпнұсқа анықтамасы;
3) заңды тұлға ретінде бір жылға арналған қаржылық есептіліктің нотариалды расталған көшірмелері, қажетті жағдайларда мөрі бар жеке кәсіпкерлерге арналған салықтық декларациялар;
4) қызмет көрсетушінің тіркеу мекенжайы бойынша салық комитетінің түпнұсқа анықтамасы, салық міндеттемелері бойынша қарыздың жоқтығын көрсете отырып;
5) материалды-техникалық база бар екендігі туралы мәліметтер;
6) жеткізіліп көрсетілетін қызметтің келісімі бойынша «Нұрбанк» АҚ арқылы банктік есепшот арқылы келісілген өзара есеп айырысуды растайтын растау.

3 пакет: Басқа құжаттар
1) техникалық сипаттамалар, жеткізу шарттары, мерзімдері.
2) Өндіруші компаниялардан авторизацияланған хаттың болуы қажет:

  • жүйеге кіру кезінде пайдаланушыны анықтау және аутентификациялау жүйесін тарату және кепілдік қызметтер көрсету құқығын растайтын құжаттармен бірге,
  • Қазақстан Республикасында бағдарламалық қамтамасыз етудің лицензияланған көшірмелерін тарату / техникалық қолдауды көрсету құқығын растайтын қағазмен бірге.

3) Алматы қаласы немесе SOAR жүйесі жеткізілетін аймақтарда жеткізілетін жабдыққа кепілді қызмет көрсету үшін қызмет көрсету орталығы немесе қызмет көрсету серіктесі болуы (атауы, мекенжайы, байланыс деректемелерін көрсете отырып ақпарат беру).

  • Жабдық сериялық өндіріс қатарынан жеткізілуі керек, өндіруші зауыттарда тексерілуі тиіс. Құрастыруға тапсырмада көрсетілген барлық компоненттер кіреді.
  • Әлеуетті жеткізушінің нарықта кемінде 2 жылдық жұмыс өтілі болуы қажет.
  • Жеткізу бір ретте және тапсырыс берушінің мекенжайы бойынша толық көлемде жүзеге асырылуы тиіс.
  • Әлеуетті жеткізуші өзінің тендерлік өтінімін дайындау және ұсынуға байланысты барлық шығындарды өз мойнына алады, ал Банк пен тендер комиссиясы бұл шығындар үшін, тендер әдістеріне және нәтижесіне қарамастан жауап бермейді және міндеттемелер алмайды.

Өз тарапымыздан айта кетейік, Банктің тендерлік комиссиясы тендерлік өтінімдердің қаралуы, бағалануы мен салыстырылуына қатысты ақпаратты қызмет жеткізушілерге немесе тендерлік өтінімдерді қаралау, бағалау және салыстыру бойынша ресми қатыспаған тұлғаларға жарияламау құқын сақтайды.
«Нұрбанк» АҚ ұсынылған тендерлік өтінімдердің әлеуетті жеткізушілерін жазбаша хабардар ете отырып, тендерді өткізуді не тоқтату не кейінге қалдыру құқын сақтайды, осылайша тендер бойынша жаңа мерзімді көрсету арқылы.
Әлеуетті жеткізуші соңғы мерзімге дейін тендерлік өтінімін өзгертуге және/немесе қайтарып алуға құқылы.
Тендер әлеуетті қызмет жеткізушінің өкілетті тұлғасының қатысуымен немесе онсыз өткізіледі, егер өкілетті тұлға тендерге қатысудан бас тартса.

Байланыс тұлғалары:
Конотуненко Игорь Анатольевич
Тел.+7 (727) 250 00 00 вн 4002
ikonotunenko@nurbank.kz