Ашық тендер

Ашық тендер

13.02.2024

Құрметті ханымдар мен мырзалар!

«Нұрбанк» АҚ Қазақстан Республикасының қалалары (шалғай ауылдарды қоса алғанда), халықаралық бағыттар мен қалаішілік жеткізу бойынша корреспонденция, сәлемдемелер мен жүктерді жеткізу бойынша қызметтерді сатып алуға ашық тендер өткізілетіні туралы хабарлайды және әлеуетті жеткізушілерді тендерге қатысуға шақырады.

 

Тендер түрі: ашық.

Сауда-саттық басталуы: «15» ақпан 2024 жылы сағат 14:00-де, мекен-жайы: Алматы қ., Абай даңғылы 10 «В».

Сауда-саттық аяқталуы: «15» ақпан 2024 жылы сағат 16:00-де, мекен-жайы: Алматы қ., Абай даңғылы 10 «В».

Ұсыныстарды жинау мерзімі: «14» ақпан 2024 жылы сағат 12:00, мекен-жайы: Алматы қ., Абай даңғылы 10 «В» №204 каб. Кеңсеге.

 

Тендерге заңды тұлғалар (қызметтің әлеуетті жеткізушілері) қатыса алады, олар тендер өткізу сәтіне төмендегі талаптарға сай болуы керек:

- тендерге қатысуға өтінім берген сәтте және сатып алу туралы шарт жасасу сәтінде бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдер бойынша өз міндеттемелерін орындау;

- төлем шарттары: қызмет көрсетілген айдан кейінгі айда;

- Тапсырыс берушімен келісілген уақытта тасымалдауға арналған жіберілімдерді «есікке дейін» қағидасы бойынша қабылдау:

   - қала ішінде;

   - Қазақстан Республикасы;

   - ТМД елдері және алыс шетелдер.

- Тапсырыс берушіні тегін қосымша қызметтермен қамтамасыз ету:

   - Тегін курьер шақыру;

   - Тегін негізде арнайы қаптамамен қамтамасыз ету (қағаз, полиэтилен, ауа қаптамалары);

   - Жіберілімдердің нақты және көлемдік салмақтарын өлшеу үшін тегін негізде еден таразыларымен қамтамасыз ету.

- Тегін негізде корреспонденцияның жеткізілу уақыты туралы ақпаратты телефон арқылы Тапсырыс берушіге ұсыну;

- Корреспонденцияның жеткізілгені туралы растауды (түпнұсқа-хабарлама) Тапсырыс берушінің көрсетуі бойынша тегін негізде ұсыну,

- Жеткізілу мерзімдерін (экспресс 2 күнтізбелік күнге дейін, эконом 5 күнтізбелік күнге дейін) қамтамасыз ету;

- Өздерінің республикалық қалаларында өкілдігін болуы;

- қажет болған жағдайда құжаттардың шұғыл жіберілуі бойынша қайта шақыру арқылы курьерлік қызмет көрсету (тегін негізде);

- бір жылдан астам пошталық-курьерлік қызмет нарығында жұмыс тәжірибесінің болуы.

Пошталық-курьерлік қызметті сатып алу бойынша техникалық сипаттама және іріктеу құжаттары осы хабарландырудың 1 және 2-қосымшаларында көрсетілген.

 

Тендерлік өтінімдерді бағалау критерийлері:

- әлеуетті жеткізушінің жоғарыда аталған талаптарға сәйкестігі;

 

Тендерге қатысу үшін келесі құжат пакеттерін ұсыну қажет:

1 пакет: Құқықтық құжаттама

1) осы хабарландырудың 3-қосымшасына сәйкес белгіленген үлгідегі тендерге қатысу өтінімі;

2) құрылтай құжаттарының көшірмелері, заңды тұлғаны тіркеу/қайта тіркеу куәлігі (Жарғы, қосымша құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою куәлігі);

3) тауар жеткізушінің уәкілетті тұлғасының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

4) жеткізушінің уәкілетті тұлғаға Тендерге қатысуға берген сенімхаты.

 

2 пакет: Қаржылық құжаттама:

1) талапкерлердің банктік реквизиттерін растайтын банк қызмет көрсететін анықтаманың түпнұсқасы, банктің алдындағы мерзімі өткен берешектің жоқтығын растау;

2) жылдық қаржылық есептіліктің көшірмелері, заңды тұлғалар үшін мөрмен расталған, жеке кәсіпкерлер үшін салық декларациялары, мөр болған жағдайда;

3) жеткізушінің тіркелген жері бойынша Салық комитетінің салық төлеу бойынша берешегінің жоқтығын растайтын анықтаманың түпнұсқасы;

4) бұрын жеткізушімен жұмыс істеген заңды тұлғалардың/жеке кәсіпкерлердің ұсыныс хаттары мен пікірлерінің көшірмілері, тәжірибенің уақытылы, толық орындалуы және т.б. бағаларын қамтиды (болған жағдайда);

5) баға (коммерциялық) ұсынысы;

6) Тендер өткізілген екі жылға дейінгі корпоративті табыс салығы бойынша декларациялардың көшірмелері. Алдыңғы екі жылдағы салық есебінде шығындар болған жағдайда қатысушы ұсынылған тауардың / қызметтің бағасын негіздеу қажет (кейін халықаралық іскерлік операцияның нысаны болатын тауарлар/жұмыстар/қызметтерді сатып алу).

 

3 пакет: Басқа құжаттама

1) РК қалалары бойынша өкілдіктердің болуын растайтын хат (мекенжайды, байланыс деректерін көрсете отырып ақпарат беру).

 

Әлеуетті жеткізуші өзінің тендерлік өтінімін дайындау және беруге байланысты барлық шығындарды өтейді, банк пен байқау комиссиясы бұл шығындарға тәуелсіз сипаттама бермейді және оларға қатысты жауапкершілік атқармайды,

 

Өз тарапымыздан, Банк тендерлік өтінімдердің қаралуы, бағалануы және салыстырылуына қатысушыларға немесе адамдарға ақпараттың ашылмауына құқығы бар екенін көрсетеміз

«Нұрбанк» АҚ тендерді өткізу немесе кейінге қалдыру туралы жазбаша хабарламамен тендерлік өтінімдерді тапсырған әлеуетті жеткізушілерді хабардар етуге құқылы,

Әлеуетті жеткізуші өзінің өтінімін соңғы сенімхаттың мерзімінің аяқталуына дейін өзгертуге немесе кері қайтарып алуға құқылы.

Тендер қызметтің әлеуетті жеткізушісінің уәкілетті тұлғасының қатысуымен немесе онсыз, егер уәкілетті тұлға тендерге қатыспаса өткізілетін болады.

Тендерлік құжаттаманы жеткізудің соңғы мерзімі: 2024 жылғы «14» ақпан, Алматы қ., Абай даңғ., 10 «B», 204 бөлме сағат 12:00-ге дейін.

Тендерлік құжаттаманы жабық конвертпен ұсыну қажет, конвертте байланыс мәліметтері көрсетілген болуы тиіс.

 

Байланыс тұлғалары:

Баға ұсыныстары мен құжат пакеттеріне қатысты сұрақтар бойынша Харины Юлия тел. 2 599710 ішкі 5300,YHarina@nurbank.kz, Ахметбай Жанерка тел. 2 599710 ішкі 4686,ZAkhmetbay@nurbank.kz.