Құрметті ханымдар мен мырзалар!
«Нұрбанк» АҚ Алматы қаласындағы Той думан, Дача, Русское радио, МОНТЕ КАРЛО радиостанцияларында жарнамалық материалды (аудио ролик) орналастыру жөніндегі ашық тендер өткізу туралы жариялайды және әлеуетті жеткізушілерді тендерге қатысуға шақырады.
Тендердің түрі: ашық
Сауда-саттықтың басталуы: 2024 жылдың «15» ақпанында сағат 14.30-да
Өтінімдерді жинау: 2024 жылдың «13» ақпанына дейін Алматы қ., Абай даңғылы, 10 «В», 204 бөлме (концелярия).
Алматы қаласындағы Той думан, Дача, Русское радио, МОНТЕ КАРЛО радиостанцияларында жарнамалық материалды (аудио ролик) орналастыру.
Мерзімі: 2024 жылдың ақпан – мамыр айлары аралығында.
Аудио роликтің хронометражы: 20 сек.
Бюджет: жеткізуші ұсынған ең төменгі құн негізінде, ТШ-ке сәйкес барлық талаптарды сақтай отырып қалыптастырылады.
Жарнамаланатын өнім: депозит, кепілді кредит, қайта қаржыландыру.
География: Алматы қ.
Мақсатты аудитория: 21+, орташа табысты әйелдер мен ерлер.
Мақсат: жеке тұлғаларға арналған кредиттер, депозиттер және қайта қаржыландыру сатылымын арттыру.
Міндеттер: пайдаланушыны nurbank.kz интернет-ресурсына өтуге, мақсатты әрекет жасауға, Байланыс орталығына қоңырау шалуға, филиал мен ОСБ-ға кіруге тарту, брендті танымалдығын жоғарылату.
Радиостанциялар: Той думан, Русское радио, Дача, МОНТЕ КАРЛО
Төлем шарттары: 100 % алдын ала төлем. Қызмет көрсетуді жабу – ай сайын, Есепті кезеңге орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) туралы Актіні Тараптар қол қойғаннан кейін.
Жеткізушілерге қойылатын негізгі талаптар:
1) Жеткізуші заңды тұлға/жеке кәсіпкер болуы тиіс.
2) Келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті қаржылық, материалдық және еңбек ресурстарына ие болу.
3) Төлем қабілеттілігі бар, таратуға жатпайтын, жеткізушінің мүлкіне арест салынбаған болуы, оның қаржылық-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтатылмаған болуы.
4) Тендер өткізу кезінде жеткізуші және оның бірінші басшысы/құрылтайшысы қарызы болмауы тиіс.
5) Бұрын жасалған шарттар бойынша «Нұрбанк» АҚ тарапынан елеулі шағымдары болмауы тиіс.
6) Жеткізуші Қазақстан Республикасында тіркелген болуы тиіс.
7) Келісімшарт бойынша есеп айырысуды «Нұрбанк» АҚ ашылған банк шоты арқылы жүзеге асыруға жеткізушінің келісімі.
8) Радиостанцияларда аудиоматериалдарды орналастыру бойынша кем дегенде 3 жыл жұмыс тәжірибесі.
Тендерлік өтінімдерді бағалау критерийлері:
1) Жарнамалық материалды орналастыру құны (қосымша қараңыз);
2) Жеткізуші заңды тұлға/жеке кәсіпкер болуы тиіс;
3) Келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті қаржылық, материалдық және еңбек ресурстарына ие болу, кәсіби құзыреттілік және жұмыс тәжірибесіне ие болу;
4) Төлем қабілеттілігі бар, таратуға жатпайтын, жеткізушінің мүлкіне арест салынбаған болуы, оның қаржылық-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтатылмаған болуы;
5) Бұрын жасалған шарттар бойынша «Нұрбанк» АҚ тарапынан шағымдарының болмауы;
6) Жеткізуші Қазақстан Республикасында тіркелген болуы;
7) Келісімшарт бойынша есеп айырысуды «Нұрбанк» АҚ ашылған банк шоты арқылы жүзеге асыруға жеткізушінің келісімі;
8) Радиостанцияларда жарнамалық материалдарды орналастыру бойынша оң тәжірибеге ие болу және ұйымдардан алғыс хаттарын немесе «Нұрбанк» АҚ-мен оң тәжірибелі жұмыс туралы растамалар беру;
9) Потенциалды жеткізуші тендерлік өтінімін дайындауға және тапсыруға байланысты барлық шығындарды көтереді, ал «Нұрбанк» АҚ және тендер комиссиясы бұл шығындарға жауап бермейді;
10) Төлем шарттары:
100 % алдын ала төлем. Қызмет көрсетуді жабу – ай сайын, Есепті кезеңге орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) туралы Актіні Тараптар қол қойғаннан кейін.
Тендерге қатысу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:
Заңды құжаттар:
1) Тендерге қатысуға өтінім, осы хаттың Қосымшасы 1-ге сәйкес қазақ/орыс тілдерінде;
2) Тіркеу/қайта тіркеу туралы құжаттардың, тіркеу туралы куәліктің көшірмелері;
3) Сенім білдірілген өкілдің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) Тендерге қатысуға сенім білдірілген өкілдің сенімхаты;
5) Атқарушы органды (басшыны) тағайындау (таңдау) туралы заңды тұлғаның өкілетті органының шешімі.
Қаржылық құжаттар:
1) Бағалық ұсыныстар;
2) Банк реквизиттерін және банктен өтелмеген қарыз жоқтығын растайтын анықтаманың оригиналы;
3) Заңды тұлғаның бір жылға қаржылық есептілігінің көшірмелері;
4) Жеткізушінің тіркелген орны бойынша Салық комитетінің анықтамасы немесе салықтарды төлеу бойынша қарыздың бар/жоқтығы туралы электронды үзінді көшірме;
5) Жеткізушімен бұрын серіктес болған заңды тұлғалар/жеке кәсіпкерлердің ұсыныстары мен пікірлерінің көшірмелері;
6) Тендерға дейінгі екі жыл ішіндегі корпоративті табыс салығы декларациясының көшірмелері;
7) «Нұрбанк» АҚ ашылған банк шоты арқылы есеп айырысуды жүзеге асыруға келісім.
Потенциалды жеткізуші тендерлік өтінімін дайындауға және тапсыруға байланысты барлық шығындарды көтереді, ал Банк және тендер комиссиясы бұл шығындарға жауап бермейді.
Өз тарапынан «Нұрбанк» АҚ тендерді өткізуді тоқтату немесе кейінге қалдыру құқығын өзіне қалдырады, бұл туралы тендерлік өтінімдерді ұсынған потенциалды жеткізушілерге жазбаша хабарлама жібереді.
Потенциалды жеткізуші өз өтінімін түпкілікті ұсыну мерзіміне дейін өзгертуге немесе кері қайтарып алуға құқылы.
Тендерге әлеуетті жеткізушінің уәкілетті өкілі мен бірге немесе уәкілетті өкіл қатыспаған жағдайда өткізіледі.
Тендерлік құжаттаманы ұсынудың түпкілікті мерзімі: 2024 жылдың «13» ақпанында сағат 10.00-де. Құжаттар Банктің кеңсесінің кеңесіне мекенжай бойынша Алматы қ., Абай даңғылы, 10 «В», 204 бөлмеге жеткізіледі.
Тендер өткізу күні: 2024 жылдың «15» ақпанында сағат 14.30
Құқықтық және қаржылық құжаттамаларды қалыптастыру мәселелері бойынша Әмина Рустемоваға мына телефон бойынша жүгіну: +7 (727) 250 00 00 ішкі. 5774, arustemova@nurbank.kz
Бағалық ұсыныстар және басқа да мәселелер бойынша Аннамға мына телефон бойынша хабарласу: 8 (727) 2 599-710 ішкі. 5428, моб. +7 705 715 6267, anam@nurbank.kz