Ашық тендер

Ашық тендер

10.11.2023

«Нұрбанк» АҚ ашық тендерді өткізу туралы хабарлайды және осалдық сканерінің лицензияларын сатып алуға хабарлайды, мүмкін жеткізушілерді 2023 жылғы 16 қарашада Алматы қаласы, Абая даңғылы, 10 «В», № 310 кеңседе өтетін ашық тендерге қатысуға шақырады.

Құжаттарды жинау мерзімі: 2023 жылғы 15 қараша сағат 12:00-ге дейін, мекен-жайы: Алматы қаласы, Абая даңғылы, 10 «В», кеңсе қызметі, № 204 бөлмесі.

Тендерге қызмет жеткізушілері болып табылатын заңды тұлғалар жіберіледі, олар:

- кәсіби құзыреттілікке және жұмыс тәжірибесіне ие болу, қызмет көрсету шартына сәйкес міндеттерді орындау үшін қажетті қаржылық, материалдық және еңбек ресурстарына ие болу;

- бұрын жасалған келісімшарттар бойынша «Нұрбанк» АҚ тарапының шағымдары болмауы;

- төлем қабілетті, таратылуға жатпайтын, оның мүлкіне тыйым салынбаған, қаржы-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіпте тоқтатылмаған болуы тиіс;

- тендерге қатысуға өтінім беру және қызмет көрсетуші келісім-шартын жасасу сәтінде салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша міндеттемелерді орындау;

- осалдық сканерінің лицензияларын сатуға жəне Қазақстан Республикасының аумағында техникалық қолдау көрсетуге таратушы ұсынған құжаттық куəландыруы.

 

Бағдарламалық өнімнің техникалық сипаттамасы және сипаттамасы Қосымша № 5-те көрсетілген.

Тендерлік өтінімдерді бағалау критерийлері:

- ықтимал жеткізушінің жоғарыда аталған талаптарға сәйкестігі;

- тендерлік өтінімнің тендерлік құжаттаманың техникалық сипаттамаларына сәйкестігі;

- ұсынылған баға;

- төлем шарттары;

- лицензияларды жеткізу мерзімі.

 

Тендерге қатысу үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет:

1 пакет: Заңдық құжаттама

1) тендерге қатысуға өтінім;

2) заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының нотариалды куәландырылған көшірмелері, тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлігі (Жарғы, қосымша құн салығы бойынша тіркеу есебіне куәлік);

3) мемлекет лицензиялайтын қызмет түрі үшін лицензия көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқа);

4) жеткізушінің өкілі - уәкілетті тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;

5) жеткізушінің уәкілетті тұлғаға тендерге қатысуға сенімхаты;

 

2 пакет: Қаржылық құжаттама

1) баға ұсыныстары (1,3 жыл);

2) өтінім берушінің банк шотын растаушы қызмет көрсетуші банкінен түпнұсқа құжат, өтінім берген банктен кешіктірілген қарыздың жоқтығы туралы

3) заңды тұлғаларға арналған бір жылдық қаржылық есептеме көшірмелері, заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған, деректі жоқ жағдайда жеке тұлғаларға арналған салық декларациясы;

4) жеткізушінің тіркелген жеріндегі Салық комитетінен салық міндеттемелерін төлеу бойынша қарыздың жоқтығы туралы түпнұсқа анықтама;

5) материалдық-техникалық базаның болуы туралы ақпарат;

6) Нұрбанк АҚ-тағы банк шоты арқылы келісім-шарт бойынша жабдықтарды жеткізу кезінде есеп айырысуға келісуді растау.

 

3 пакет: Өзге құжаттама

1) техникалық сипаттамалар, жеткізу шарттары, мерзімдері.

2) өндіруші компаниялардан рұқсат хаттардың болуы қажет:

- жүйеге кіру кезінде пайдаланушыны сәйкестендіру және аутентификациялау жүйесін тарату және кепілдік қызмет көрсету құқығын растайтын құжаттарды;

- Қазақстан Республикасының аумағында лицензияланған бағдарламалық қамтамасыз етуді тарату/техникалық қолдау көрсету құқығын растайтын құжаттарды.

3) Алматы қаласында немесе аппараттық-бағдарламалық кешендер жеткізілетін аймақтарда жабдықтарды жеткізу бойынша кепілдік қызмет көрсету үшін сервистік орталық немесе сервис-серіктестің болуы (атауы, мекенжайы, байланыс ақпаратын көрсету).

4) жабдықтарды өндірістегі сериялық шығарылған желіден жеткізу қажет, өндірушінің зауыттарында зертханадан өткізілген. Құрамына тапсырмада көрсетілген барлық компоненттер кіреді.

5) әлеуетті жеткізуші ретінде кемінде 2 жыл нарықта жұмыс істеу мерзімі.

6) жеткізу бір жолға және толық көлемде тапсырыс беруші мекен-жайына жүзеге асырылуы тиіс.

7) әлеуетті жеткізуші өз тендерлік өтінімін дайындаумен және ұсынуымен байланысты барлық шығымдарды көтереді, ал Банк және тендер комиссиясы өткізудің сипатына және нәтижелеріне қарамастан бұл шығымдар бойынша жауап бермейді және міндетті емес.

 

Банк Тендер комиссиясы қызмет жеткізушілердің тендерлік өтінімдерін қарау, бағалау және салыстыру ақпаратын ашпауға құқылы.

«Нұрбанк» АҚ тендерді жоюға немесе кейінге қалдыруға және ұсыныс өткізген әлеуетті жеткізушілерді жазбаша түрде хабардар етуге құқылы, көрсетілген жаңа күнді хабарлау арқылы.

Ықтимал жеткізуші өзінің тендер өтінімін түпкілікті тендерлік өтінімдерді тапсыру мерзімі аяқталғанға дейін өзгертуге немесе қайтарып алуға құқылы.

Тендерге қатысу қызмет жеткізушінің уәкілетті тұлғасының қатысуымен немесе уәкілетті тұлға қатыспаса оның қатысуынсыз өтеді.

 

Байланыс тұлғалары:

Коноптуненко Игорь Анатольевич

Тел. +7 (727) 250 00 00 ішкі. 4002

ikonotunenko@nurbank.kz