«Нұрбанк» АҚ желілік инфрақұрылымды қорғау бойынша бағдарламалық-аппараттық кешенді жаңартуға/сатып алуға арналған ашық тендер өткізетінін хабарлайды PaloAlto PA-3250/PA-1420, және әлеуетті жеткізушілерді ашық тендерге қатысуға шақырады, ол 2023 жылғы 14 қыркүйекте болмақ Алматы қ., Абай даңғылы, 10 «В», 310 кабинет мекенжайы бойынша өтеді.
Құжаттарды жинау мерзімі: 2023 жылғы 13 қыркүйек, сағат 12:00-ге дейін, мекенжайы: Алматы қ., Абай даңғылы, 10 «В», кеңсе, 204 кабинет.
Тендерге кұқықтық тұлғалар (қызмет жеткізуші әлеуетті жеткізушілер) қатысуға жіберіледі, олар тендер өткізу кезінде келесі талаптарға сай болуы тиіс:
- кәсіптік құзыреттіліктері мен жұмыс тәжірибесі бар, келісімшартқа сәйкес міндеттерді орындау үшін қажетті қаржылық, материалдық және еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілген болуы тиіс;
- «Нұрбанк» АҚ-ның бұрынғы келісімшарттары бойынша талаптары болмауы тиіс;
- төлем қабілетті болуы тиіс, таратуға жатпайтын, мүлкіне арест салынбаған, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы-шаруашылық қызметі тоқтатылмаған болуы тиіс;
- тендерге қатысуға өтінім беру және қызмет көрсету келісімшарты жасасу кезінде салықтар мен өзге де міндетті төлемдерді бюджетке төлеу міндеттемелерін орындауы тиіс;
- Қазақстан Республикасы аумағында осалдық сканерінің лицензияларын сату және техникалық қолдау көрсету құқығын растайтын дистрибьютордан құжаттық растау.
Бағдарламалық өнімдердің техникалық сипаттамасы және сипаттамасы Қосымша №5-те көрсетілген.
Тендерлік өтінімдерді бағалау критерийлері:
- әлеуетті жеткізушінің жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкестігі;
- тендерлік өтінімнің тендерлік құжаттаманың техникалық спецификацияларға сәйкестігі;
- ұсынған баға;
- төлем шарттары;
- жабдықты жеткізу мерзімі.
Тендерге қатысу үшін келесі құжат пакеттерін ұсыну қажет:
1 пакет: Құқықтық құжаттама
2 пакет: Қаржылық құжаттама
3 пакет: Бөгде құжаттама
1) техникалық сипаттамалар, жеткізу шарттары, мерзімдері;
2) Өндіруші компаниялардың авторизациялық хаттарына ие болу қажет:
- қолдану жүйесінде пайдаланушыны сәйкестендіру және аутентификациялау жүйесін тарату және оған кепілдік қызмет көрсету құқығын растайтын құжаттармен;
- Қазақстан Республикасы аумағында бағдарламалық қамтамасыз етуді тарату/техникалық қолдау көрсету құқығын растайтын құжаттармен.
3) Алматы қ. немесе аппараттық-бағдарламалық кешен ұсынылатын аймақтарда көрсетілетін жабдыққа кепілді қызмет көрсететін сервис орталығы немесе сервис-серіктесі болуы керек (атауы, мекенжайы, байланыс деректері көрсетілген ақпараттарды ұсыну);
4) Жабдық сериялық өндіріске енгізілген өнімдер қатарынан ұсынылуы, өндірушінің зауыттарында тексерілген болуы тиіс. Құрастыруға техникалық тапсырмада көрсетілген барлық компоненттер кіреді;
5) Әлеуетті жеткізушінің нарықта жұмыс істеу кезеңі кемінде 2 жыл болуы керек;
6) Жеткізу тапсырыс берушінің мекенжайына толық көлемде бір мезгілде жүзеге асырылуы тиіс.;
7) Әлеуетті жеткізуші өзінің тендерді дайындау және ұсынуымен байланысты барлық шығындарды өзі көтереді, ал Банк пен тендерлік комиссия осы шығындар үшін жауап бермейді және міндеттеме алмайды, тендерді өткізу сипаты мен нәтижелеріне қарамастан.
Өз тарапымыздан, Банк тендерлік комиссиясы тендердің тендерлік өтінімдерді қарастыру, бағалау және салыстыру жайлы ақпаратты әлеуетті қызмет жеткізушілеріне немесе ресми түрде өтінімдерді қарастыру, бағалау және салыстыруға қатыспайтын кез келген тұлғаға ашуға міндетті емес екендігін атап өтеміз.
«Нұрбанк» АҚ тендерді өткізуді жазбаша түрде жеткізушілерге хабарлай отырып, өткізбеу немесе кейінге қалдыру құқығы сақталған.
Әлеуетті жеткізуші өзінің өтінімін тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзіміне дейін өзгерту не қайтарып алуға құқығы бар.
Тендер өткізуші немесе осында қатыспайтын болса, әлеуетті жеткізушінің өкілетті өкілі қатысуы мүмкін.
Байланыс тұлғалары:
Конотуненко Игорь Анатольевич
Тел.+7 (727) 250 00 00 ішкі 4002
ikonotunenko@nurbank.kz