Ашық тендер

Ашық тендер

29.08.2023

Құрметті ханымдар мен мырзалар!

«Нұрбанк» АҚ перифериялық жабдықтарды келесі лоттар бойынша сатып алуға ашық тендер өткізетіні туралы хабарлайды:

  • ЛОТ № 1 «МФУ»
  • ЛОТ № 2 «МФУ»
  • ЛОТ № 3 «ИБП»

Тендер түрі: ашық:

Тендердің басталу күні: 07.09.2023 ж. 14:30 сағ., мекенжайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Ә.Абая даңғ., 10В, 3 қабат, 310 үлкен конференц-зал;

Сауда-саттықтың аяқталуы: 16:30 сағ.;

Пакеттер мен ұсыныстарды жинау: 06.09.2023 ж дейін сағат 12:00 дейін (қоса алғанда) мекенжайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Ә.Абая даңғ., 10В, 204 кабинет.
Тендерге қатысуға құқықты заңды тұлғалар (қызмет көрсету ықтимал жеткізушілері), тендер ауқымына сәйкес келесі талаптарға сай болуы тиіс:

  • қажетті қаржылық, материалдық, еңбек ресурстары бола отырып, кәсіби құзіретке және жұмыс тәжірибесіне ие болу, қызмет көрсету келісім-шартын орындау;
  • бұрынғы келісім-шарттар бойынша «Нұрбанк» АҚ тарапынан талаптардың болмауы;
  • төлем қабілетті, жою процесіне жатпау, мүлкіне арест салынбау, қаржылық-шаруашылық қызметтің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтатылмауы тиіс;
  • тендерге қатысуға өтінім берген сәтінде және қызмет көрсету келісімін жасаған кезге дейін салықтар мен басқа міндетті төлемдерді бюджетке төлеу міндеттемелерін орындау;
  • Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Орал, Петропавл, Шымкент, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Семей, Өскемен, Талдықорған, Көкшетау, Тараз қалаларында кепілдік қызмет көрсету орталығы немесе сервис серіктесінің болуы (атауын, мекенжайын, байланыс деректерін көрсету);
  • Желіге жеткізілетін жабдықтың барлығы үшін кемінде 1 жыл кепілдік мерзім;
  • Ықтимал жеткізуші өзінің тендерлік өтінімін дайындау және енгізу шығындарын өзі көтереді, ал Банк пен тендер комиссиясы осы шығындар үшін және тендердің нәтижелеріне қарамастан жауапкершілік тартпайды;
  • Алматы және аймақтарға жеткізу «Нұрбанк» АҚ ұсынған жоспарға сәйкес орындалуы тиіс;
  • Келісім-шарттың әрекет ету мерзімі ішінде тауардың әрбір бірлігінің құнын бекіту, техникалық сипаттамаға енгізілген саннан жоғары тауарлар қосымша қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында;
  • Кемінде 5 дана компьютерлік жабдық пен перифериялық қондырғыларды кепілдік мерзімінде күйреген жағдайда жеткізу пунктіне және Қазақстан Республикасы бойынша тапсырыс берушінің орнына жеткізу бойынша барлық көлік шығындарын жеткізіп берушінің өзі көтереді (жеткізу құны тауар құнына кірісуі тиіс);
  • Төлем шарттары: 50% алдын ала төлем, 50% тауар жеткізілген кезде.

Техникалық сипаттама және бағдарламалық өнімдер сипаттамасы 1-қосымшада келтірілген (ЛОТ № 1, ЛОТ № 2).

Тендерлік ұсыныстарды бағалау критерийлері:

  • ықтимал жеткізушінің жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкестігі;
  • тендерлік өтінімнің тендерлік құжаттамадағы техникалық сипаттамаларға сәйкестігі;
  • ұсынылған баға;
  • төлем шарттары;
  • жабдықты жеткізу мерзімі.

Тендерге қатысу үшін келесі құжат пакеттарын беру қажет:

1 пакет: Заңды құжаттар

1) тендерге қатысуға өтінімді белгіленген формада, осы хаттың 5-қосымшасына сәйкес беру;
2) құқықтық құжаттардың, компанияны тіркеу/қайта тіркеу куәлік көшірмесін нотариалды куәландыру (Жарғы, салықтық тіркеуге қою куәлігі);
3) мемлекет тарапынан қызмет көрсету, тауарлар/жұмыстарды лицензиялауға жататын қызмет үшін лицензия көшірмесін қолда беру (тексеру үшін түпнұсқа);
4) жеткізушінің өкілі болып табылатын тұлғаның куәлік құжатының нотариалды куәландырылған көшірмесі;
5) Тендерге қатысуға өкілденген өкілге жеткізушінің сенімхаты.

2 пакет: Қаржылық құжаттар

1) банк қызмет көрсететін ұйымнан үміткердің банктік реквизиттерін, үміткердің банк алдындағы мерзімінен өткен берешектерінің жоқтығын растайтын анықтама түпнұсқасы;
2) бір жыл үшін заңды тұлғалардың қаржылық есептік көшірмелері, заңды тұлғаның мөрімен, жеке кәсіпкерлер үшін салық есебі көшірмелері;
3) жеткізушінің салық төлемдер бойынша берешегінің жоқтығын растайтын, жеткізушінің тіркеу орны жөніндегі салық комитетінің анықтамасының түпнұсқасы;
4) жеткізуші қызмет көрсеткен заңды тұлғалардың/жеке кәсіпкерлердің ұсыныстары мен пікірлерінің көшірмелері, оның ішінде қолданыстағы міндеттемелерді уақтылы орындау, толықтық және басқалар (бар болған жағдайда);
5) материалдық-техникалық база болуы туралы мәліметтер;
6) баға ұсыныстары;
7) «Нұрбанк» АҚ арқылы банктік шот арқылы толассыз есеп айырысуды жүзеге асыруға келісімін растау.

3 пакет: Басқа құжаттар

1) жеткізілетін жабдықтың сипаттамасы мен техникалық құжаттамасы;
2) жеткізілетін жабдықты жеткізу және кепілдік қызмет көрсету шарттары;
3) жеткізу мерзімі;

4) Қазақстан Республикасы бойынша сервис-орталықтардың болуы (атауын, мекенжайын, байланыс деректерін көрсету).

Банк Тендерлік комиссиясы ұсыныстарды қарау, бағалау және салыстыруға қатысты сервистік қызмет жеткізушілерге немесе басқа тараптарға ақпарат ашуға міндетті емес екенін байқаңыз.

«Нұрбанк» АҚ тендерді болдырмауға немесе кейінге қалдыруға құқықты, тендерге қатысу үшін ұсынылған ұсыныстарды ұсынған ықтимал жеткізушілерді тендерді болдырмау немесе қайта жоспарлау туралы жазбаша хабарлама арқылы хабарлайды.

Ықтимал жеткізуші өтінімдер тапсырысының соңына дейін өз ұсынысын өзгертуге немесе қайтаруға құқықты.

Тендер сервистік қызмет жеткізушінің өкілетті тұлғасының қатысуымен немесе онсыз жүргізіледі, егер өкілетті тұлға тендерге қатысуды жоспарламаса.

Байланыс тұлғалары:

Техникалық тапсырма бойынша қосымша құжаттаманың топтамасын қалыптастыру мәселелері бойынша Сабит Оспанбаевқа хабарласыңыз.
Жұмыс. 8(727)2 500 000 вн. 4000 Sospanbayev@nurbank.kz.