Ашық тендер

Ашық тендер

16.08.2023

Құрметті ханымдар мен мырзалар!

"Нұрбанк" АҚ келесі лоттар бойынша компьютерлік және перифериялық құрылғыларды сатып алу үшін ашық тендер жариялайды:

  • ЛОТ№ 1 "Ноутбук"
  • ЛОТ№ 2 "Сканер, струйный МФУ"

Тендердің түрі: ашық.

Тендердің басталуы: 2023 жылғы 31 тамыз, сағат 14:30-де, мекенжайы: Әбулаев 10В, 3-қабат, 310 үлкен конференц залы

Сауда-саттығының аяқталуы: 16:30 сағатта.

Құжаттар мен ұсыныстарды жинау мерзімі: 2023 жылғы 30 тамыз, сағат 12:00-ге дейін (қоса алғанда), мекенжайы: Әбулаев 10В; кабинет 204, канцеляриа.
Тендерге қызметтердің әлеуетті жеткізушілері болып табылатын заңды тұлғалар қатыса алады, олар тендер өткізілгенге дейін келесі талаптарға сай болуы тиіс:

  • көбiрек кәсіби құзыретке және тәжірибеге ие болу, қызмет көрсету туралы келісімшартқа сай міндеттемелерді орындауға қажетті қаржылық, материалдық және еңбек ресурстарына ие болу;
  • бұрын жасалған келісімшарттар бойынша "Нұрбанк" АҚ тарапынан наразылықтар болмауы керек;
  • төлем қабілетсіздігінен, таратуға жатқызылмауы, мүлкіне қамау салынбауы, оның қаржы-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте тоқтатылмауы керек;
  • өтінім берген кезде салықтар мен бюджетке басқа міндетті төлемдер бойынша міндеттемелерді орындауы тиіс, сондай-ақ қызмет көрсету туралы келісімшарт жасасатын уақытта;
  • Алматы, Астана, Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Орал, Петропавловск, Шымкент, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Семей, Өскемен, Талдықорған, Көкшетау, Тараз қалаларында кепілдік қызмет көрсету орталығы немесе серіктесі болуы тиіс (атауы, мекенжайы, байланыс деректерімен мәліметтер беру);
  • Жабдыққа кепілдік мерзімі — бүкіл тауар ассортиментіне кем дегенде 1 жыл;
  • Әлеуетті Жеткізуші өзінің тендерлік өтінімін дайындаумен және тапсырумен байланысты барлық шығындарды өзі көтереді, ал Банк және тендер комиссиясы бұл шығындар үшін жауапты болмайды және міндеттемелер қабылдамайды, тіпті тендердің өткізілу сипаты мен нәтижелеріне қарамастан;
  • Алматы қаласы мен өңірлеріне жеткізілім "Нұрбанк" АҚ ұсынған жоспарға сәйкес мерзімдерде жүзеге асырылуы тиіс;
  • Әрбір тауар бірлігінің бағасы келісімшарттың қолдану мерзімі ішінде бекітіліп қалады, егер Сатып алушыға техникалық спецификацияда көрсетілген мөлшерден артық қосымша тауар бірліктері қажет болса;
  • Қызмет көрсетуші кепілдік кезеңде істен шыққан кемінде 10 бірлік компьютерлік жабдық пен перифериялық құрылғыларды сервис орталығына жеткізіп беру мен қайта Заказчик тұрған жерге жеткізуге кететін барлық көліктік шығындарды өзі көтереді (жеткізу құны тауардың бағасына қосылуы тиіс);
  • Төлем шарттары: 50% алдын ала төлем, 50% тауар жеткізілуі бойынша.

Техникалық спецификация және бағдарламалық өнімдердің сипаттамасы №1 Қосымшасында (ЛОТ№ 1, ЛОТ№ 2) көрсетілген.

Тендерлік өтінімдерді бағалау критерийлері:

  • әлеуетті жеткізушінің жоғарыда аталған талаптарға сәйкестігі;
  • тендерлік өтінімнің тендерлік құжаттаманың техникалық спецификацияларына сәйкестігі;
  • ұсынылған баға;
  • төлем шарттары;
  • жабдықты жеткізу мерзімдері.

Тендерге қатысу үшін келесі құжат пакеттерін ұсыну керек:

1 пакет: Құқықтық құжаттама

1) тендерге қатысуға өтінім Қосымша №5-ке сәйкес белгіленген үлгі бойынша;
2) құрылтай құжаттарының, заңды тұлғаны тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмелері (Жарғы, қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік);
3) мемлекеттің лицензиясына жататын қызмет түрлеріне қатысты лицензиялардың көшірмелері (түпнұсқа тексеру үшін);
4) сенім білдірілген тұлғаның жеке басын куәландыратын нотариалды куәландырылған құжат көшірмесі — жеткізушінің өкілі;
5) тендерге қатысу үшін сенім білдірілген тұлғаға берілген жеткізушінің сенімхаты;

2 пакет: Қаржылық құжаттама

1) банктік реквизиттерін, банк алдындағы қарыздардың мерзімі өткендігі жоқтығын растайтын қызмет көрсету банкінен алынған түпнұсқа анықтама;
2) заңды тұлғалардың бір жылдық қаржы есебінің, жеке кәсіпкерлер үшін салық декларацияларының бар болуына қатысты заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған көшірмелері;
3) салық комитетінен тіркелу орны бойынша салық борышының жоқтығы туралы анықтаманың түпнұсқасы;
4) алдында жеткізушімен ынтымақтасқан заңды тұлғалар/жеке кәсіпкерлердің ұсыныс хат пен пікірлерінің көшірмелері, ынтымақтастық тәжірибесінің бағалары мен сипаттамалары, оның ішінде міндеттемелерді дер кезінде, толық орындау және басқа да (бар болған жағдайда);
5) материалдық-техникалық базаның бар болуы туралы мәліметтер;
6) бағалық ұсыныстар;
7) "Нұрбанк" АҚ арқылы есеп айырысуды жүзеге асыруға келісім туралы растау.

3 пакет: Өзге құжаттама

1) жеткізілетін жабдыққа қатысты сипаттамалар мен техникалық құжаттама;
2) жабдықтарды жеткізу және кепілдік қызмет көрсету шарттары;
3) жеткізу мерзімдері;
3) Қазақстан Республикасында сервистік орталықтардың болуы (атауы, мекенжайы, байланыс ақпаратын көрсете отырып мәліметтер беру).

Банктің Тендерлік комиссиясы тендерлік ұсыныстарды қарау, бағалау және салыстыруға қатысты ақпаратты әлеуетті жеткізушілерге немесе ресми түрде тендерлік ұсыныстарды қарау, бағалау және салыстыруға қатыспайтын басқа тұлғаларға жария етпеуге құқылы.

"Нұрбанк" АҚ тендерді жазбаша хабарламамен тендерлік өтінімдер беріп үлгерген әлеуетті жеткізушілерге хабарлай отырып, тендерді тоқтата немесе кейінге шегере отырып, жаңа күнді көрсете отырып өткізуден бас тарту құқығын өзіне қалдырады.
Әлеуетті жеткізушінің ұсыныс мерзімі аяқталмай тұрып, оның өтінімін өзгертуге немесе қайтарып алуға құқығы бар.

Тендер әлеуетті қызмет жеткізушінің уәкілетті тұлғасы қатысуымен немесе мұндай тұлға қатыспаса, тендерде онсыз өткізіледі.

Байланыс тұлғалары:

Техникалық тапсырма бойынша қосымша құжаттамаларды қалыптастыру мәселелері бойынша Оспанбаев Сабитпен байланысу керек.
Тел: 8(727)2 500 000 қон. 4000 Sospanbayev@nurbank.kz.