Ашық тендер

Ашық тендер

08.08.2023

Құрметті ханымдар мен мырзалар!

«Нұрбанк» АҚ пошта серверіне арналған антивирустық бағдарламалық қамтамасыз ету лицензияларын сатып алу жөнінде ашық тендер өткізетінін жариялайды жəне әлеуетті жеткізіп берушілерге 2023 жылғы 24 тамызда сағат 14:30-да Алматы қаласы, Абай даңғылы, 10 «В», 310 кабинет мекен-жайы бойынша «Нұрбанк» АҚ ғимаратында өтетін ашық тендерге қатысуға шақырады.

Құжаттар қабылдау соңғы мерзімі: 2023 жылғы 23 тамыз, сағат 12:00 дейін, мекен-жайы: Алматы қаласы, Абай даңғылы, 10 «В», канцелярия, 204 кабинет

Тендерге қатысуға заңды тұлғалар (қызмет көрсетуге әлеуетті жеткізіп берушілер) қатысуы мүмкін, олар тендер уақытында келесі шарттарға сай келуі тиіс:

  1. № 4 Қосымшада көрсетілген ықтимал қатысушыларды таңдаудың критерийлеріне сай келу.
  2. № 5 Қосымшада көрсетілген техникалық сипаттама жəне бағдарламалық өнімдердің сипаттамасына сай келу.

Тендерлік өтінімдерді бағалау критерийлері:

  • жоғарыда көрсетілген талаптарға ықтимал жеткізіп берушінің сәйкестілігі;
  • тендерлік өтінімдерге арналған тендерлік құжаттамадағы техникалық сипаттамаларға сәйкестігі;
  • ұсынылған баға;
  • төлем шарттары;
  • лицензияларды жеткізіп беру мерзімдері.

Тендерге қатысу үшін келесі құжаттар пакеттерін ұсыну қажет:

1 пакет: Құқықтық құжаттама

  1. Тендерге қатысуға өтінім;
  2. Құрылтай құжаттарының, заңды тұлғаны тіркеу/қайта тіркеу куәлігінің нотариуспен куәландырылған көшірмелері (Жарғы, қосылған құн салығына есепке алу туралы куәлік);
  3. Мемлекет тарапынан лицензиялауға жататын қызмет түрінің лицензиясының көшірмесі (түпнұсқасы сәйкестік үшін);
  4. Тапсырыс беруші өкілі — уәкілетті тұлғаның жеке куәлігінің нотариуспен куәландырылған көшірмесі;
  5. Тендерге қатысуға уәкілетті тұлғаға берілген жеткізіп берушінің сенімхаты.

2 пакет: Қаржылық құжаттама

  1. 1 жыл, 3 жыл, 5 жылға арналған баға ұсынысы;
  2. Банкке қарыздың жоқтығын растайтын талапкердің банк реквизиттерін растау туралы Банк қызмет көрсеткен түпнұсқа анықтама;
  3. Заңды тұлғалар үшін бір жылға арналған қаржылық есептілік көшірмелері, заңды тұлғаның мөрімен бекітілген, жеке кәсіпкерлер үшін салық декларациялары, мөрі болған жағдайда бекітілген;
  4. Салық төлеу міндеттемелері бойынша қарыздың жоқтығын жеткізушінің тіркелген жері бойынша Салық комитетінен алынған түпнұсқа анықтама;
  5. Материалдық-техникалық базаның бар екендігі туралы мәліметтер;
  6. Жеткізу шарттарына сәйкес «Нұрбанк» АҚ банк шотынан өзара есеп айырысуларды жүзеге асыруға келісімді растау.

Әлеуетті жеткізуші өзінің тендерлік өтінімін дайындап өткізуге байланысты шығындардың барлығын өз жауапкершілігіне алады, ал Банк пен тендерлік комиссия бұл шығындар үшін жауап бермейді жəне шығындар түріне, өткізу жəне тендер нәтижелеріне қарамастан жауапкершілікті өзіне алмайды.

Банктың тендерлік комиссиясы тендерлік өтінімдерді қарау, бағалау және салыстыру жөнінде ақпаратты ресми түрде қатыспайтын әлеуетті жеткізіп берушілерге немесе кез келген басқа тұлғаға жарияламауға құқылы.

«Нұрбанк» АҚ тендерді жою немесе кейінге қалдыру туралы, өзінің тендерлік өтінімдерін тапсырған әлеуетті жеткізіп берушілерге жазбаша түрде хабарлап, тендерді жою немесе жаңа өткізілетін күнін белгілеп өткізуге құқылы.

Әлеуетті жеткізуші өзінің өтінімін түпкілікті мерзіміне дейін өзгертуге немесе қайтарып алуға құқылы.

Тендерде әлеуетті қызмет көрсетушінің уәкілетті тұлғасының қатысуымен немесе айқын тұлға участиесіз, егер уәкілетті тұлға тендерге қатыспаса өткізіледі.

Барлық сұрақтар бойынша хабарласу:

Коннотуненко Игорь, тел: 8(7272) 599–710 вн. 4002

Электрондық пошта мекенжайы: ikonotunenko@nurbank.kz