«Нұрбанк» АҚ ашық тендері

«Нұрбанк» АҚ ашық тендері

10.04.2023

Құрметті ханымдар мен мырзалар!

«Нурбанк» АҚ сервер жабдықтарының және Oracle лицензияларының техникалық қолдау қызметтеріне қол жеткізу бойынша жеткізушіні таңдау үшін ашық тендердің өткізілетінін хабарлайды:

  • Лот № 1. Oracle Database EE лицензиялары үшін 1,3,5 жылдық техникалық қолдау;
  • Лот № 2. Oracle S7-2, Oracle S7-2L, Oracle T8-2 сервер жабдықтарына 1,3,5 жылдық техникалық қолдау (кепілдік міндеттемелерінің ұзартылуын қоса алғанда).

және әлеуетті жеткізушілерді 2023 жылғы 20 сәуірде сағат 14:30-да «Нурбанк» АҚ ғимаратында, мекен-жайы: Абай даңғылы, 10В өтуіне қатысуға шақырады.

Тендер түрі: ашық

Тендердің басталуы: 20.04.2023 ж. 14:30 сағ., мекен-жайы: Абай даңғылы, 10В, 3 қабат, 310 үлкен конференц-залы

Сауда-саттықтың аяқталуы: 16:30 сағ.

Пакеттер мен ұсыныстар 19.04.2023 ж. (қоса алғанда) сағат 12:00-ге дейін жинау мекен-жайы: Абай даңғылы, 10В, 204 кеңсе

Тендерге төмендегі талаптарға сай әлеуетті жеткізіп берушілер жіберіледі:

  • Қосымша № 4_лот № 1 және № 2 Жеткізушілерге қойылатын талаптар.

Техникалық сипаттама көрсетілген:

  • Қосымша № 1, лот № 1 және № 2 Oracle ТП бойынша техникалық сипаттама

Тендерге қатысу үшін келесі құжаттар пакеттерін ұсыну қажет:
1 пакет: Заңды құжаттама
1) тендерге қатысуға өтінім, Қосымша № 5-сәйкес нысан бойынша;
2) құрылтай құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері, заңды тұлғаны тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлігі (Жарғы, қосымша құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлік);
3) мемлекетті лицензиялауға жататын қызмет үшін лицензияның көшірмелері (тексеру үшін түпнұсқалары);
4) өкілетті тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
5) Тендерге қатысуға өкілетті тұлғаға сенімхат.

2 пакет: Қаржы құжаттамасы
1) талапкердің банк деректемелерін, банктен қарыздың болмауын растайтын қызмет көрсететін банктен анықтаманың түпнұсқасы;
2) заңды тұлғалар үшін бір жылдық қаржылық есептіліктердің көшірмелері, жеке кәсіпкерлер үшін салық декларацияларының (мөрі бар болса) көшірмелері;
3) салық міндеттемелерін өтеудің болмауы туралы салық комитетінен анықтаманың түпнұсқасы;
4) жеткізушімен бұрын қызметтес болған заңды тұлғалар/жеке кәсіпкерлердің ұсыныс хаттары (бар болса);
5) материалдық-техникалық базаның бар екендігі туралы мәліметтер;
6) баға ұсыныстары (1,3,5 жылдық);
7) жеткізілім бойынша өзара есеп айырысудың «Нурбанк» АҚ есеп айырысу шоты арқылы жүргізілетіндігін растау.

3 пакет: Басқа құжаттама

  • Oracle компаниясы техникалық қолдауды ұзартуға қызмет көрсетуді жүзеге асыру құқығы жайлы авторизация хат;
  • Oracle сервер жабдығының техникалық қолдауын ұзарту қызметтерін жүзеге асыру құқығы жайлы авторизация хат;
  • жеткізуші тарапынан қарыздардың жоқтығы туралы «Oracle» компаниясының Партнеріне хат;
  • Oracle деректер базасы өнімдері бойынша сертификаты бар мамандар саны туралы мәліметтер (мамандардың сертификаттарының көшірмелері);
  • қызметтер тізімі, тәртібі және мерзімдері.

Өз тарапымыздан Банктің Тендерлік комиссиясы әлеуетті жеткізуге қатысушыларға немесе тендерлік өтінімдерді қарастыру, бағалау және салыстыру жұмыстарына ресми түрде қатысы жоқ басқа тұлғаларға қатысты ақпаратты жарияламауға құқылы екенін атап өтеміз.

«Нурбанк» АҚ тендердің өткізілуін болдырмауға немесе басқа күнге ауыстыруға, тендерлік ұсыныстарын берген әлеуетті жеткізіп берушілерді жазбаша хабардар ете отырып, құқылы.

Әлеуетті жеткізушлерге қатысу өтінімдерін соңғы мерзімге дейін өзгерту немесе қайтарып алу құқығы беріледі.

Тендер әлеуетті қызмет жеткізушінің өкілетті тұлғасының қатысуымен немесе онсыз өткізіледі.

Байланыс тұлғалары:

Техникалық тапсырмаға сәйкес құжаттама пакетін қалыптастыру мәселелері бойынша Ли Евгенийге хабарласуға болады:
Тел. +7 (727) 244-77-24
Эл. почта: Evgeny.Lee@nurbank.kz.