Нұрбанк» АҚ ашық тендер жариялайды

Нұрбанк» АҚ ашық тендер жариялайды

13.09.2022

«Нурбанк» АҚ ESET антивирустық бағдарламалық жасақтамасының лицензияларын сатып алу бойынша ашық тендер өткізетінін хабарлайды және әлеуетті жеткізушілерді 2022 жылғы 22 қыркүйекте сағат 14:30-да Алматы қаласы, Абай даңғылы, 10 үй, «В» блогы, 310-кабинет мекенжайында өтетін ашық тендерге қатысуға шақырады.

Құжаттарды жинау мерзімі: 21.09.2022 сағат 12:00-ге дейін, мекенжайы: Алматы қаласы, Абай даңғылы, 10 үй, «В» блогы, кеңсе, 204-кабинет

Тендерге заңды тұлғалар (қызметтердің әлеуетті жеткізушілері) қатыса алады, олар тендер өткізілген уақытта төмендегілерге сәйкес келуі қажет:

  1. Қосымша №4-тегі әлеуетті қатысушыларды таңдау критерийлеріне.
  2. Қосымша №5-тегі бағдарламалық өнімдердің техникалық сипаттамаларына және сипаттамасына.

Тендерлік өтінімдерді бағалау критерийлері:

  • әлеуетті жеткізушінің жоғарыда аталған талаптарға сәйкестігі;
  • тендер құжаттамасының техникалық сипаттамаларына тендерлік өтінімнің сәйкестігі;
  • ұсынылған баға;
  • төлем шарттары;
  • лицензияларды жеткізу мерзімдері.

Тендерге қатысу үшін төмендегі құжаттар пакеттерін ұсыну қажет:

1-пакет: Заңды құжаттар

1) тендерге қатысу өтінімі;

2) құрылтай құжаттардың, заңды тұлғаларды тіркеу/қайта тіркеу туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмелері (Жарғы, қосымша құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік);

3) мемлекетті лицензиялауға жататын қызметпен айналысуға лицензияның көшірмелері (түпнұсқасы салыстыру үшін);

4) жеткізушінің өкілі ретінде уәкілетті тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;

5) жеткізушінің уәкілетті тұлғасына тендерге қатысуға сенімхат;

2-пакет: Қаржылық құжаттар

1) 1 жылға арналған баға ұсынысы;

2) талапкердің банк деректемелерін, банкте мерзімі өткен қарыздың жоқтығын растаушы қызмет көрсетуші банктен түпнұсқа анықтамасы;

3) заңды тұлғалардың мөрімен бекітілген бір жылға арналған қаржылық есептіліктің, жеке кәсіпкерлер үшін мөрмен бекітілген салық декларацияларының көшірмелері;

4) тіркелген жері бойынша салық комитетінен жеткізушінің салықтарды төлеу бойынша қарызының жоқтығы туралы түпнұсқа анықтамасы;

5) материалдық-техникалық базаның бар болуы туралы мәліметтер;

6) жеткізілім бойынша есеп айырысуды «Нурбанк» АҚ-ындағы есептік шот арқылы жүзеге асыруға келісім беру.

Әлеуетті жеткізуші тендерлік өтінімінің дайындалу және берілуімен байланысты барлық шығындарды өз мойнына алады, ал Банк және тендерлік комиссия осы шығындар үшін жауап бермейді және міндеттеме көтермейді, тендердің өткізілуі мен нәтижелеріне қарамастан.

Өз тарапынан Банктың тендерлік комиссиясы тендерлік өтінімдерді қарастыру, бағалау және салыстыру процесі туралы ақпаратты қызметтердің әлеуетті жеткізушілеріне немесе өтінімдерді қарастыру, бағалау және салыстыруға ресми қатыспайтын басқа үшінші тұлғаларға жарияламауға құқылы екенін атап өтеміз.

«Нурбанк» АҚ тендерді тоқтатуға немесе кейінге қалдыруға құқылы, бұл туралы тендерлік өтінімдерді ұсынған әлеуетті жеткізушілерге жаңа өткізу күні көрсетілген жазбаша хабарлама жіберіледі.

Әлеуетті жеткізуші тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін өз өтінімін өзгертуге немесе кері қайтарып алуға құқылы.

Тендер іске асырушы жеткізушінің уәкілетті тұлғасының қатысуымен немесе ондай тұлға қатыспаған жағдайда өткізілетін болады.