АҚ «Нұрбанк» ашық тендерінің хабарламасы

АҚ «Нұрбанк» ашық тендерінің хабарламасы

13.09.2022

«Нурбанк» АҚ Алматы қаласындағы Желтоксан көшесі, 173 мекенжайында орналасқан «Нурбанк» АҚ филиалы ғимаратына ролл ставеньдерін орнату бойынша ашық тендер өткізілетінін хабарлайды.

Конкурс нәтижелері бойынша Алматы қаласы, Желтоксан көшесі, 173 мекенжайында орналасқан «Нурбанк» АҚ филиалы ғимаратына ролл ставеньдерін орнату шартын жасау жоспарлануда. 

Тендер түрі: ашық

Sауда-саттықтың басталуы: 2022 жылғы 22 қыркүйек сағат 14:30-да мына мекенжай бойынша: Алматы қаласы, Абай даңғылы 10 «в»;  

Sауда-саттықтың аяқталуы: 2022 жылғы 22 қыркүйек сағат 17:30-да мына мекенжай бойынша: Алматы қаласы, Абай даңғылы 10 «в»;   

Ұсыныстарды жинау: 2022 жылғы 19 қыркүйек 18:00-ге дейін мына мекенжай бойынша: Алматы қаласы, Абай даңғылы 10 «в»;   

Жеткізушілерге қойылатын негізгі талаптар:

  • Заңды тұлға немесе ЖШС;
  • Төлем қабілетті болуы, таратуға жатпайтын, мүлкі тәркіленбеген, оның қаржылық-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтатылмауы тиіс;
  • Міндеттемелерін шарттарға сәйкес орындау үшін қажетті қаржылық, материалдық және еңбек ресурстарына ие болуы тиіс;
  • Компанияның ролл ставеньдерін өндіретін цехтың болуы немесе өндіруші зауытпен жеткізу туралы келісімшарттың болуы қажет болған жағдайда жеткізу және өндіріс мерзімі 60 күннен аспауы тиіс;
  • Аяқталған жұмыстардың кем дегенде 12 айға кепілдігі;
  • Төлем шарттары – 50% алдын ала төлем, толық орындалған жұмыс актісіне қол қойылғаннан кейін 50% төлеммен ақырғы есеп айырысу. 

Тендерге қатысу үшін келесі құжаттар пакеттерін тапсыру қажет:

1 пакет: Заңды құжаттар

1) тендерге бекітілген форма бойынша қатысуға өтінім;

2) құрылтай құжаттарының нотариалды куәландырылған көшірмесі, заңды тұлғаны тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік (Жарғы, қосылған құн салығына есепке қою туралы куәлік);

3) өкілдеген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі — жеткізушінің өкілі;

4) жеткізушінің тендерге қатысу үшін өкілдеген тұлғаға берген сенімхаты; 

2 пакет: Қаржылық құжаттар

1) талапкердің банктегі реквизиттерін, оның алдында банктің мерзімі өткен қарызының жоқтығын растайтын банктен анықтаманың түпнұсқасы;

2) заңды тұлғалардың бір жылдық қаржылық есептілігінің көшірмесі, мөрімен расталған, жеке кәсіпкерлер үшін салық декларациялары, мөрімен расталған болса;

3) жеткізушінің тіркеу мекен-жайындағы Салық комитетінен салық төлемдері бойынша берешегінің жоқтығы туралы анықтама түпнұсқасы;

4) бұрынғы әріптес компаниялардың заңды тұлғалары/жеке кәсіпкерлердің пікірлері мен ұсыныстарының көшірмелері, міндеттемелердің толықтығы және мерзімінен бұрын орындалу тәжірибесін бағалайтын сипаттамаларымен (мүмкіндік болған жағдайда);

5) материалдық-техникалық базаның бар екендігі туралы ақпарат;

6) бағалық ұсыныстар;

7) Тендер өткізуден бұрынғы 2 (екі) жылдық корпоративтік табыс салығы бойынша декларациялардың көшірмелері. Алдыңғы екі жылдағы салық есебіндегі шығыстар болған жағдайда, қатысушы ұсынылған тауар/қызмет бағасын негіздеу қажет (келешекте халықаралық бизнес-операция нысаны болатын тауарларды/жұмыстарды/қызметтерді сатып алу бойынша).

3 пакет: Басқа құжаттар

1) қызмет сипаттамасы, жеткізу шарттары, мерзімдері;

2) Потенциалды жеткізуші өзінің тендерлік өтінімін даярлау және ұсынуға байланысты барлық шығындарды көтереді, ал Банк және тендерлік комиссия бұл шығындарға жауап бермейді және ешбір міндеттеме алмайды, тендердің сипаты мен нәтижелеріне қарамастан.

Өз тарапынан Банк Тендер комиссиясы потенциальды жеткізушілерге немесе тендерлік өтінімдерді қарауда, бағалау кезінде ресми түрде қатыспаған кез келген басқа тұлғаға тендерлік өтінімдерді қарау, бағалау және салыстыру процедуралары туралы мәлімет ашпауы құқылы екенін атап өтеді.

«Нурбанк» АҚ тендерді өткізу мерзімін ауыстыру немесе тоқтату туралы және өзінің тендерлік өтінімдерін ұсынған потенциальды жеткізушілерді жазбаша хабарлама арқылы құқылы кідіртеді немесе тоқтата тұрады.

Потенциалды жеткізуші өзінің өтінімін соңғы мерзіміне дейін өзгерте немесе бас тарта алады.

Байланыс тұлғалары:

Бағалық ұсыныстар мен құжаттар пакеті мәселелері бойынша/басқа сұрақтар бойынша хабарласу         байланыс: Алматы қ., Абая, 10В: 

  • Бауржан Усебаевқа тел.: +7(727) 259-97-10 ішкі 5670
  • моб. тел.: +7 707 222 17 20
  • электрондық пошта мекенжайы: BUssebayev@nurbank.kz
  • Садыков Арсланға тел.: +7(727) 259-97-10 ішкі 5672
  • моб. тел.: +7 701 777 34 75
  • электрондық пошта мекенжайы: asadykov@nurbank.kz