«Нұрбанк» АҚ компьютерлік және перифериялық жабдықтарды сатып алуға ашық конкурс жариялайды:
- «Моноблок, жүйелік блок, монитор»
Конкурс түрі: ашық:
Конкурс басталуы: 2022 жылдың 9 маусым 14:30, мекенжайы: Абай даңғылы 10В, 3-қабат, 310 үлкен конференц зал;
Сауда-саттық аяқталуы: 16:30;
Қарастырылатын пакеттер мен ұсыныстарды қабылдау 2022 жылдың 8 маусымы 12:00-ге дейін (қоса алғанда) мекенжайы: Абай даңғылы 10В; офис 204 канцелярия.
Конкурсқа заңды тұлғалар (қызметтердің әлеуетті жеткізушілері) қатыса алады, олар конкурс өткізу кезінде келесі талаптарға сәйкес болуы тиіс:
- қызмет көрсету келісімшарттарына сәйкес өз міндеттемелерін орындауға кәсіби біліктілік пен жұмыс тәжірибесі, қажетті қаржылық, материалдық және еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілген болуы;
- «Нұрбанк» АҚ алдындағы бұрынғы келісімшарттары бойынша шағымдары болмауы;
- төлеу қабілеті, таратуға жатпайтыны, оның мүлкіне тыйым салынбауы, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте оның қаржы-шаруашылық қызметі тоқтатылмағаны тиіс;
- конкурстық өтінімді беру және қызмет көрсету келісімшарты жасау кезінде салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді төлеу міндеттерін орындауы тиіс;
- Алматы қаласында, Нұр-Сұлтанда, Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Орал, Петропавл, Шымкент, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Семей, Өскемен, Талдықорған, Көкшетау, Тараз, Түркістан қалаларында кепілдік қызмет көрсету орталығы немесе сервис серіктесі болуы (атауы, мекенжайы, байланыс деректері көрсетілген ақпаратты ұсынуы);
- жабдықтың кепілдік мерзімі – тауардың барлық ассортиментіне кемінде 3 жыл болуы;
- әлеуетті жеткізуші өз конкурстық өтінімін дайындау және ұсыну бойынша барлық шығындарды өз мойнына алады, бұл шығындар үшін Банк пен конкурстық комиссия жауап бермейді және конкурстың өту сипаты мен нәтижесіне қарамастан міндеттеме алмайды;
- тасымалдау Алматы қ. және аймақтарға «Нұрбанк» АҚ ұсынған тізімге сәйкес уақытында орындалуы тиіс;
- әрбір тауар бірлігі құны Техникалық сипаттамада көрсетілген санына қосымша қажет болған жағдайда Қосымша сатып алу үшін келісім-шарттың әрекет ету мерзіміне бекітіліп тұрады
- қызмет жеткізуші кем дегенде 10 компьютерлік жабдықтар мен перифериялық құрылғыларды кепілдік мерзімі ішінде істен шыққан жағдайда, сервис орталығына дейін және қайтадан тапсырыс берушінің орнына дейін тасымалдау бойынша барлық көлік шығындарын өз мойнына алады (жеткізу құны тауардың бағасына кіргізілуі тиіс);
- төлем шарттары: 50% алдын-ала, 50% тауар жеткізілген соң
Техникалық сипаттамасы және бағдарламалық өнімдер сипаттамасы қоса берілген.
Конкурс өтінімдерін бағалау критерийлері:
- әлеуетті жеткізушінің жоғарыдағы талаптарға сәйкестігі;
- техникалық сипаттамаларға сәйкес келуі
- қарастырылып отырған баға;
- төлем шарттары;
- жабдықтардың жеткізу мерзімдері;
Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар топтамаларын ұсыну қажет:
1 топтама: Құқықтық құжаттама
1) осы хатқа №5 қосымшаға сәйкес әзірленген формадағы конкурстық өтінімін толтыру;
2) құрылтай құжаттарының, заңды тұлғаны тіркеу/қайта тіркеу туралы куәліктердің нотариалды куәландырылған көшірмелері (Жарғы, ҚҚС бойынша есепке алу туралы куәлік);
3) лицензиялардың көшірмелері (түпнұсқасы тексеру мақсатына) мемлекеттік лицензияланатын іс-әрекеттерді орындауға арналған (сатып алынатын тауарлар/жұмыстар/қызметтер лицензиялауға жатса);
4) жеткізушінің уәкілетті тұлғасының жеке басын куәландыратын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
5) уәкілетті тұлғаға конкурстық қатысу үшін берілген жеткізушінің сенімхаты;
2 топтама: Қаржылық құжаттама
1) Қатысушы банк реквизиттерін растайтын және банкте кешіктірілген берешек жоқ екенін растайтын банк қызмет көрсетуші банктен түпнұсқасы анықтамасы;
2) бір жылға заңды тұлғаларға қаржылық есептерінің мөр мен куәландырылған көшірмелері, жеке кәсіпкерлердің болған жағдайда мөрмен куәландырылған салық декларацияларының көшірмелері;
3) салық комитетінен жеткізушінің тіркелген мекенжайы бойынша берешек болмағаны туралы түпнұсқасы түріндегі анықтама;
4) бұрын жеткізушімен серіктестік қарым-қатынас орнатқан заңды тұлғалардың/жеке кәсіпкерлердің ұсыныс хаттары мен пікірлері, ынтымақтастық тәжірибелерін уақытылы және толық орындағанын сипаттайтын тәуелсіз бағалау және сипаттамалар (болған жағдайда);
5) материалдық-техникалық базаның болуы;
6) бағалық ұсыныстар;
7) шарт бойынша жеткізулердің есептесулері «Нұрбанк» АҚ ағымдағы шот арқылы жүзеге асыратынын растауы.
3 топтама: Басқа құжаттама
1) жеткізілетін жабдықтың сипаттамасы және техникалық құжаттама;
2) жабдықты жеткізу және кепілдік қызмет көрсету шарттары;
3) жеткізу мерзімдері;
4) ҚК-да сервис орталығының болуы (атаулары, мекенжайлары, байланыс деректерін ақпаратпен ұсыну).
Банктің конкурстық комиссиясы конкурс өтінімдерін қарау, бағалау және салыстыруға қатысты кез келген ақпаратты әлеуетті жеткізушілер мен талдау, бағалау және салыстыруға ресми қатысалмаған кез келген тұлғаларға ашпауға құқылы.
«Нұрбанк» АҚ конкурсты жазбаша хабарлау арқылы конкурстық өтінім ұсынған әлеуетті жеткізушілерге кешіктіру немесе болдырмау және жаңа дата туралы хабарлама жасай алады.
Әлеуетті жеткізуші өз өтінімін соңғы презентациялық мерзімінен бұрын өзгертуге немесе қайтарып алуға құқылы.
Конкурс қатысушы қызметтерінің уәкілетті тұлғасы немесе оның қатысуынсыз өтіледі, егер уәкілетті тұлға конкурсқа қатыспаса.
Құқықтық және қаржылық құжаттама топтамаларын жасауда сұрақтар бойынша Бакирланов Русланға хабарласу
Тел. +7 (727) 2500000 ішкі 4625 RBakirlanov@nurbank.kz
Техникалық тапсырма бойынша құжаттама топтамасын жасау сұрақтары бойынша Ли Евгений, Оспанбаев Сабитке хабарласу
Тел. +7 (727) 244-77-24 Evgeny.Lee@nurbank.kz.
Жұм. 8(727)2 500 000 ішкі 4000 Sospanbayev@nurbank.kz.
№ 5 қосымша. Конкурстық өтінім (жүктеу. xls, 32 КБ)
Техникалық сипаттама (ДК, монитор (6 дана)) (жүктеу. xls, 23 КБ)
Техникалық сипаттама (ДК, монитор (250 дана)) (жүктеу. xls, 23 КБ)