«Нұрбанк» АҚ SafeNet eToken 5110 USB аутентификаторларын сатып алу бойынша ашық тендер жариялайды және оның өткiзiлу орны: 2022 жылғы 02 маусымда сағат 14:30 Әуезов көшесі, 300, 310 бөлме, Алматы қаласындағы «Нұрбанк» АҚ ғимаратында өтетін тендерге әлеуетті жеткізушілерді қатысуға шақырады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2022 жылғы 01 маусым, сағат 12:00, мекен-жайы: Алматы қ., Абай даңғылы, 10 «В», № 204 кабинет.
Тендерге қатысуы үшін заңды тұлғалар (қызмет көрсету әлеуетті жеткізушілері) тендер өткізу кезінде келесі талаптарға сай болуы керек:
- кәсіпқой құзыреттілікке және кәсіби жұмыс тәжірибесіне ие болу, қызмет көрсету шарттарына сәйкес міндеттемелерді орындауға қажетті қаржылық, материалдық және еңбек ресурстарының болуы;
- аппараттық-бағдарламалық кешенді сату және Қазақстан Республикасы аумағында техникалық қызмет көрсету құқығын растайтын дистрибьютордан құжаттық растаудың болуы;
- бұған дейін жасалған келісімшарттар бойынша «Нұрбанк» АҚ тарапынан ешқандай наразылықтардың болмауы;
- төлем қабілеттілігі бар, жойылуға жатпайтын, активтеріне арест салынбаған, қаржылық-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтатылмаған болуы қажет;
- тендерге қатысуға өтінім беру және қызмет көрсету шартына қол қою мерзіміне дейін салықтар мен басқа міндетті төлемдерді бюджетке төлеу бойынша міндеттемелерін орындауы қажет;
Техникалық спецификация және бағдарламалық өнімдердің сипаттамасы № 5 қосымшада көрсетілген.
Тендерлік өтінімдердің бағалау критерийлері:
- әлеуетті жеткізушінің аталған талаптарға сәйкестігі;
- өтінімнің тендерлік құжаттаманың техникалық спецификацияларына сәйкестігі;
- ұсынылған баға;
- төлем шарттары;
- жабдықты жеткізу мерзімдері.
Тендерге қатысу үшін келесі құжаттар пакеттік түрде ұсынылуы керек:
1 пакет: Заңды құжаттама
1) тендерге қатысуға өтінім;
2) құрылтай құжаттарының, заңды тұлғаны тіркеу/қайта тіркеу туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмелері (Жарғы, ҚҚС тіркеу есебіне қою туралы куәлік);
3) лицензияның төмендегі көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқасы) мемлекет лицензиялаған қызмет сипаты бойынша (сатып алынатын тауарлар/жұмыстар/қызметтер бойынша);
4) жеткізушінің өкілетті тұлғасының жеке басын растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
5) жеткізушінің өкілетті тұлғаға тендерге қатысуға арналған сенімхаты;
2 пакет: Қаржы құжаттамасы
1) баға ұсыныстары;
2) талапкердің банк реквизиттерін және банк алдында мерзімі өткен қарызының жоқтығын растайтын банк анықтамасының түпнұсқасы;
3) заңды тұлғалар үшін бір жылға қаржылық есептіліктердің, жеке кәсіпкерлер үшін мүжәйілдемелердің көшірмелері (бар болса мөрмен расталған);
4) салықтарды төлеу бойынша қарызының жоқтығын растайтын салық комитетінің тіркеу орны бойынша анықтама түпнұсқасы;
5) материалдық-техникалық база туралы мәліметтер;
3 пакет: Басқа құжаттама
1) Техникалық спецификациялар, жеткізу шарттары, мерзімдер.
2) Өндіруші компанияларынан авторлық хаттардың болуы, әлеуетті жеткізушілерге берілуі:
3) Алматы қаласында немесе аппараттық-бағдарламалық кешен жеткізілетін аймақтарда кепілдік қызмет көрсететін сервис орталығы немесе сервис серіктесінің болуы (атауы, мекен-жайы, байланыс деректерін көрсету арқылы ақпарат беру).
4) Жабдықтар сериялық өндіріс желісінен жеткізілуі, өндіруші фирманың зауыттарында тексерілген болуы тиіс. Жинаққа тапсырмада көрсетілген барлық компоненттер кіреді.
5) Жеткізілім тапсырыс берушінің мекен-жайы бойынша бір уақытта және толық көлемде жүзеге асырылуы керек.
6) Әлеуетті жеткізуші өзінің тендерлік өтінімді дайындау және беру шығындарының барлық жауапкершілігін өз мойнына алады, ал Банк пен тендерлік комиссия бұл шығындар үшін жауап бермейді және олар үшін міндеттеме алмайды, тендердің өткізілу сипатына немесе нәтижелеріне қарамастан.
Айта кету керек, Банктің Тендерлік комиссиясы әлеуетті жеткізушілерге немесе тендерлік өтінімдерді қарауға, бағалауға ресми қатыспаған кез келген басқа тұлғаға қатысты тендерлік өтінімдерді қарау, бағалау және салыстыру туралы ақпаратты ашпауға құқылы.
«Нұрбанк» АҚ тендерді өткізуді немесе оны кейінге қалдыруды болашақ жеткізушілерге жоспарланған күнді белгілеп, жазбаша түрде хабарлап, тендерді өткізбеу немесе кейінге қалдыру туралы хабарлай алады.
Потенциалды жеткізуші тендерлік өтінімдер берудің соңғы мерзіміне дейін өзінің өтінімін өзгертуге немесе кері қайтарып алуға құқылы.
Тендер өткізу мүмкіндігі, егер әлеуетті жеткізуші өкілетті өкілі болмаса немесе егер өкілетті тұлға тендерге қатыспаса.
Қосымша № 5. Тендерге қатысу өтінімі (жүктеу. doc, 31 КБ)