Құрметті ханымдар мен мырзалар!
«Нұрбанк» АҚ ашық конкурстың өткізілуі туралы хабарлайды және әлеуетті жеткізушілерді қатысуға шақырады, конкурс 2022 жылдың 05 мамырында Алматы қаласы, Абай даңғылы, 10 «В» мекенжайы, 310 бөлмеде өтеді.
Құжаттарды жинау мерзімі: 2022 жылдың 04-05 ж. сағат 12:00-ге дейін мына мекенжайда: Алматы қаласы, Абай даңғ., 10 «В», 204 бөлме (кеңсе).
Конкурсқа қатысуға заңды тұлғалар (қызмет көрсететін әлеуетті жеткізушілер) шақырылады, олар конкурс өткізу күніне дейін Қосымша 4-те көрсетілген іріктеу критерийлеріне сәйкес болу керек.
Бағдарламалық өнімдер мен техникалық сипаттамалар Қосымша 5-те көрсетілген.
Конкурс өтінімдерін бағалау критерийлері:
Конкурста қатысу үшін келесі құжаттар пакетін ұсыну қажет:
1 пакет: Заңды құжаттама
1) конкурсқа қатысу өтінімі;
2) құрылтай құжаттарының нотариалды куәландырылған көшірмелері, заңды тұлғаның тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлігі (Жарғы, қосылған құн салығы бойынша есепке қою куәлігі);
3) белгілі бір лицензияланатын қызметті жүргізуге лицензиялардың көшірмелері (түпнұсқасы тексеру үшін), егер сатып алынатын тауарлар/жұмыстар/қызметтер лицензиялауға жатса;
4) жеткізушінің өкілі ретінде өкілетті тұлғаның жеке басын куәландыратын нотариалды куәландырылған құжат көшірмесі;
5) конкурста қатысуға жеткізушінің өкілетті тұлғаға берген сенімхаты.
2 пакет: Қаржылық құжаттама
1) баға ұсыныстары;
2) үміткердің банктік деректемелерін растайтын және оның банк алдындағы қарызы жоқтығын растайтын қызмет көрсететін банктен алынған түпнұсқа хат;
3) бір жылдан кем емес бухгалтерлік есептілік көшірмелері және болуы мүмкін мөрмен куәландырылған салық декларациялары;
4) жеткізушінің тіркелген жері бойынша Салық комитетінен қарызы жоқ екендігі туралы түпнұсқа анықтама;
5) материалдық-техникалық базаның бар екендігі туралы ақпарат;
3 пакет: Басқа құжаттама
1) әлеуетті жеткізуші барлық дайындық және конкурстық өтінімдерді тапсыру шығындарын өзі көтереді, ал Банк пен Конкурс комиссиясы конкурс өту сипаты мен нәтижесіне қарамастан, осы шығындар үшін жауапты және міндетті емес.
Банк Конкурс комиссиясы конкурстық өтінімдерді қарастыру, бағалау және салыстыруға қатысы жоқ әлеуетті жеткізушілерге немесе кез келген басқа тұлғаларға конкурстық өтінімдерді қарастыру, бағалау және салыстыру туралы ақпаратты жарияламау құқығын өзіне қалдырады.
«Нұрбанк» АҚ қойылған мерзімге жазбаша хабарлама жасап, конкурстың өткізу күнін ауыстыру немесе оны болдырмау құқығын сақтайды.
Әлеуетті жеткізуші өзінің өтінімі түпкіріне дейін өзгертуге немесе қайтарып алуға құқылы
Конкурс қызмет көрсететін әлеуетті жеткізушілердің өкілетті тұлғасының қатысуымен немесе онсыз өткізілуі мүмкін.
Қосымша 5. Өтінім нысаны (жүктеу, doc, 31 КБ)