АҚ «Нурбанк» ашық тендері

АҚ «Нурбанк» ашық тендері

22.04.2022

Құрметті ханымдар мен мырзалар!

«Нурбанк» АҚ серверлік жабдыққа және Oracle лицензияларына техникалық қолжетімділікті қамтамасыз ететін қызмет жеткізушісін таңдау үшін ашық тендер өткізетінін хабарлайды:

  • Лот №1. Oracle Database EE лицензияларына 1, 3, 5 жылдық техникалық қолдау көрсету;
  • Лот №2. Oracle S7-2, Oracle S7-2L, Oracle T8-2 серверлік жабдығына 1, 3, 5 жылдық техникалық қолдау көрсету (кепілдік міндеттемелерді ұзартуды қоса алғанда).

және тендерге қатысуға әлеуетті жеткізушілерді шақырады, ол   2022 жылғы 5  мамырда  сағат 14:30-да  «Нурбанк» АҚ-ның мекенжайында өтеді: Абая даңғылы 10В.

Тендер түрі: ашық

Тендердің басталуы: 2022 ж. 05.05., сағат 14:30, мекенжайы: Абая даңғылы 10В, 3-қабат, 310 үлкен конференц-зал;

Сауда-саттықтың аяқталуы: 16:30;

Пакеттер мен ұсыныстарды жинау 2022 ж. 04.05., сағат 12:00-ге дейін (қоса алғанда) мекенжайы: Абая даңғылы 10В, 204-ші кеңсе, кеңсе қызметі.

Тендерге келесі талаптарға сай келетін әлеуетті жеткізушілер жіберіледі:

  • Лот № 1 және № 2 жеткізушілерге қойылатын талаптар Қосымша №4.

Техникалық сипаттамасы берілген:

  • Қосымша№1, лот №1 және №2  Oracle ТС бойынша ТЖ қазақ

Тендерге қатысу үшін мынадай құжаттар пакеттерін ұсыну қажет:

1 пакет: Құқықтық құжаттама
1) тендерге қатысуға өтінім белгіленген нысан бойынша, Қосымша № 5 сәйкес;
2) құрылтай құжаттарының нотариалды куәландырылған көшірмелері, заңды тұлғаны тіркеу/қайта тіркеу куәлігі (Жарғы, қосымша құн салығы бойынша тіркеу есебіне қойғаны туралы куәлік);

3) мемлекеттің лицензиялауға жататын қызметін жүргізуге арналған лицензияның көшірмелері (тексеруге арналған түпнұсқа);

4) жеткізушінің уәкілетті тұлғасын идентификациялайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
5) Тендерге қатысу үшін жеткізушінің уәкілетті тұлғасына берілген сенімхат; 

2 пакет: Қаржылық құжаттама
1) үміткердің банк деректемелерін растайтын қызмет көрсететін банктен алынған анықтаманың түпнұсқасы, үміткердің банк алдында кешіктірілген берешегінің жоқтығы туралы;

2) бір жылға арналған заңды тұлғалардың қаржылық есептілігінің көшірмелері, оның барлығын растау үшін заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған;

3) салық төлемдері бойынша берешегінің жоқтығы туралы жеткізушінің тіркелген орны бойынша Салық комитетінің берген анықтамасының түпнұсқасы;

4) жеткізушімен бұрын ынтымақтасқан заңды тұлғалар/жеке кәсіпкерлердің ұсыныстары мен пікірлерінің көшірмелері, ынтымақтастық тәжірибесіне бағалаулар мен сипаттамалар, міндеттемелерді уақтылы және толық орындау және т.б. (болған жағдайда);

5) материалдық-техникалық базаның болуы туралы мәліметтер;

6) баға ұсыныстары (1,3,5 жыл);

7) шарт бойынша жеткізу кезінде АО «Нурбанк»-тегі есептік шот арқылы өзара есеп айырысуға келісімінің растамасы. 

3 пакет: Өзге құжаттама

  • Oracle лицензионды өнімінің техникалық қолдау мерзімін ұзарта отырып қызмет көрсету үшін ORACLE компаниясынан алушы хаты
  • Oracle серверлік жабдықтың техникалық қолдау мерзімін ұзарта отырып қызмет көрсету үшін ORACLE компаниясынан алушы хаты;
  • потенциалды жеткізуші серіктестің «Oracle» компаниясы алдында берешегінің жоқтығы туралы хат ұсынуы керек;
  • Oracle СУБД өнімдері бойынша сертификатталған мамандардың саны туралы ақпарат (мамандардың сертификаттарының көшірмелері);
  • қызметтердің тізімі, тәртібі және мерзімдері.

Біздің тарапымыздан, Банктің Тендерлік комиссиясы әлеуетті қызмет жеткізушілеріне немесе тендерлік өтінімдерді қарау, бағалау және салыстыруға ресми қатыспайтын кез келген басқа тұлғаға қатысты ақпаратты ашпау құқығын қалдырамыз.

«Нурбанк» АҚ тендерді тоқтату немесе кейінге қалдыру құқығын сақтайды және тендер өтінімдерін ұсынған әлеуетті жеткізушілерді тендерді тоқтату немесе кейінге қалдыру туралы жазбаша хабардар етеді немесе жаңа өткізілетін күнді белгілейді.
Әлеуетті жеткізуші тендерлік өтінімдердің түпкілікті ұсынылу мерзімі өткенге дейін өз өтінімін өзгерту немесе қайтарып алу құқығына ие.

Тендерге әлеуетті қызмет жеткізушінің уәкілетті адамы қатыса отырып немесе онсыз өткізіледі, егер уәкілетті тұлға тендерге қатыспаса. 

Байланыс тұлғалары: 

Құқықтық және қаржылық құжаттама бойынша пакеттердің қалыптасуы бойынша сұрақтар үшін Бакирланов Русланға хабарласу

Тел. +7 (727) 2500000 ішкі 4625  RBakirlanov@nurbank.kz 

Тапсырмалардың техникалық сипаттамасына сәйкес құжаттама бойынша сұрақтар үшін Ли Евгенийге хабарласу

Тел. +7 (727) 244-77-24   Evgeny.Lee@nurbank.kz.