АҚ «Нурбанк» ашық тендер жариялайды

АҚ «Нурбанк» ашық тендер жариялайды

06.04.2022

«Нұрбанк» АҚ, шағын және орта бизнес клиенттерінің қаржылық жағдайын талдау процестерін автоматтандыру қызметтерін сатып алу бойынша ашық тендер жариялайды және әлеуетті жеткізушілерді тендерге қатысуға шақырады. Тендер 2022 жылғы 14 сәуір күні сағат 14:30-да «Нұрбанк» АҚ Бас кеңсесінде өтеді. Мекенжайы: Алматы қ., Абай даңғ. 10 «В», 3-қабат, 310 каб. (үлкен конференц-зал). Алматы қаласында жергілікті өкілдігі жоқ компанияларды Skype логинін, эл. пошта: BOlmes@nurbank.kz жіберуді сұраймыз.

Тендер түрі: ашық

Аукционның басталу уақыты: 2022 жылдың 14 сәуірі сағат 14:30

Ұсыныстар қабылдау мерзімі: 2022 жылдың 11 сәуірі сағат 12:00

Тендерге заңды тұлғалар (қызмет көрсетуге әлеуетті жеткізушілер) қатыса алады (әрі қарай – Үміткер), олар тендер өткізілерге дейін №1 қосымшада (жүйеге қойылатын функционалдық және техникалық талаптар) және №2 қосымшада (әлеуетті жеткізушілерге қойылатын талаптар) көрсетілген талаптарға сәйкес келуі керек.

Тендер өтінімдерін бағалау критерийлері:

  • әлеуетті жеткізушінің жоғарыда аталған талаптарға сәйкестігі;
  • тендер өтінімінің техникалық және функционалдық сипаттамаларға сәйкестігі;
  • ұсынылатын баға;
  • төлем шарттары.

Тендерге қатысу үшін келесі құжаттар пакеті ұсынылуы керек:

1 пакет: Құқықтық құжаттама

1) осы хатқа қоса берілген қосымшаға сәйкес тендерге қатысу өтінімі (қазақша/орысша);

2) нотариалды куәландырылған құрылтайшылық құжаттардың көшірмелері, заңды тұлғаның тіркелуі/қайта тіркелуі туралы куәлігі немесе жеке кәсіпкердің тіркелуі туралы куәлік немесе анықтама;

3) белгілі бір қызмет түрімен айналысуға рұқсат көшірмесі (егер тауарларды/жұмыстарды/қызметтерді сатып алу қызметі қандай да бір рұқсат алуды талап етсе, түпнұсқасын куәландыру үшін қағаз түрінде ұсыну керек) немесе Мемлекеттік орган берген рұқсаттар мен хабарламалардың электронды реестрінен алынған үзіндіні қабылдаушы орган берген көшірме (егер тауарларды/жұмыстарды/қызметтерді сатып алу қызметі хабарлама жіберуді талап етсе);

4) Үміткердің өкілі болатын уәкілетті тұлғаның жеке құжатының нотариалды куәландырылған көшірмесі;

5) Тендерге қатысу үшін Үміткер уәкілетті тұлғаға берілетін сенімхаты.

6) Бағдарламалық қамтамасыз ету құқығын пайдалануға, өзгертуге, таратуға құқықты растайтын құжаттарды құқық иеленушінің берілген жеткізушіге берген құқықтарын көрсету;

7) Бағдарламалық қамтамасыз етудің құқық иеленушісін растайтын құжаттарынан беру.

2 пакет: Қаржылық құжаттама

1) бағалық ұсыныстар;

2) «Нұрбанк» АҚ тиімді қаржыландыру және заңсыз алынған табыстарды заңдастыруға (ақша жууға) қарсы әрекет ету мақсатында ішкі бақылау ережелеріне сәйкес заңды тұлғаның толтырылған сауалнамалары;

3) Үміткердің банктік реквизиттерін, банктен кешіктірілген қарыздарының болмауын, ақша қаражатының еркін шығысталуын растайтын қызмет көрсетуші банктің түпнұсқа анықтамасы;

4) заңды тұлғалар үшін салықтық декларациялардың көшірмелері, жеке кәсіпкерлер үшін мөрмен расталған соңғы есептік кезеңдегі қаржылық есептіліктің көшірмелері және жеке кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыратын адамдар үшін;

5) салық төлеу бойынша қарыздың жоқтығын растайтын Үміткердің тіркелу орны бойынша Салық комитетінің түпнұсқа анықтамасы;

6) Үміткермен бұған дейін ынтымақтастықта болған заңды тұлғалар/жеке кәсіпкерлер берген ұсыныстар мен пікірлердің түпнұсқалары немесе көшірмелері. Бұларда ынтымақтастық тәжірибесін, уақытылығын, міндеттерін толық орындау және басқа ерекшеліктерін бағалайтын мәліметтер болуы керек;

7) материалдық-техникалық базасының бар-жоғын растайтын ақпарат;

8) ЭТП-ге Үміткердің тіркелгені туралы ақпарат (бар болса);

9) Тендерге дейінгі екі жылдағы корпоративтік табыс салығы бойынша декларациялардың көшірмелері. Егер алдыңғы екі жылда салық есебінде шығындар болса, қатысушы сатып алатын тауар/қызметтердің бағасына түсініктеме беруі керек (тауарларды/жұмыстарды/қызметтерді сатып алулар, халықаралық бизнес операциясының нысаны болып табылатын жағдайда).

3 пакет: Басқа құжаттама

1) жабдықтау шарттары, мерзімдер, тізімдер, қызметтерді ұсынудың тәртібі мен мерзімдері туралы техникалық сипаттамалар (бар болса);

2) жабдықтың жеткізілімін жүзеге асыру және техникалық қолдау көрсету бойынша компания өндірушісінен авторизациялық хат және растайтын құжаттардың болуы;

3) сертификатталған мамандардың саны туралы мәліметтер (мамандардың сертификаттарының көшірмелері);

4) жабдықты тұтынушының мекен-жайына толық көлемде және уақытылы жеткізу туралы міндеттемелер;

5) әлеуетті жеткізушінің қалауы бойынша басқа құжаттар.

Құжаттар конвертте (конверттегі байланыс мәліметтерін көрсету) ұсынылады және Алматы қаласы, Абай даңғылы 10 «В», 204 кабинетте орналасқан Банктің кеңсесінде ұсынылады

Әлеуетті Жеткізуші өз тендер өтінімін әзірлеу және ұсынумен байланысты барлық шығындарды өзі көтереді, ал Банк пен тендерлік комиссия бұл шығындарға жауапкершілік пен міндеттеме алмайды, тендер өткізу сипаты мен нәтижелеріне қарамастан.

Біз өз тарапымыздан «Нұрбанк» АҚ тендерлік комиссиясының әлеуетті қызмет жеткізушілері немесе тендер өтінімдерін қарастыру, бағалау және салыстыру процесіне ресми қатыспайтын тұлғаларға бұл өтінімдерді қарастыру, бағалау және салыстыруға қатысы бар ақпаратты ашпау құқығы бар екенін атап өтеміз.

«Нұрбанк» АҚ тендерді жою немесе кейінге қалдыру құқығын өзінде қалдырады немесе хат жазып тендерлік өтінімдерді ұсынған әлеуетті жеткізушілерді тендерді тоқтату немесе кейінге қалдыру туралы хабардар ете алады.

Әлеуетті жеткізушінің өз өтінімін тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін өзгертуге немесе кері қайтаруға құқығы бар.

Тендер әлеуетті қызмет жеткізушісінің уәкілетті өкілінің қатысуымен немесе онсыз өтеді, егер уәкілетті өкіл тендерге қатыспаса.

Байланыс мәліметтері:

Құжаттар пакетін қалыптастыру бойынша сұрақтармен Өлмес Бауыржан Бижанұлына байланысыңыз. Тел. +7 727 2 599 710, вн. 5348 және эл. пошта: BOlmes@nurbank.kz