АҚ «Нурбанк» ашық тендер

АҚ «Нурбанк» ашық тендер

01.11.2021

Қосымша №2. Критерийлер

«Нурбанк» АҚ мерзімі өткен және проблемалық берешекті өндіріп алу бизнес-үдерісін автоматтандыру қызметтерін сатып алу (collection ақпараттық жүйесін әзірлеу және енгізу) бойынша ашық тендер өткізілетінін жариялайды және әлеуетті жеткізушілерді тендерге қатысуға шақырады, ол 2021 жылғы 18 қарашада сағат 12.30-да «Нурбанк» АҚ Бас кеңсе ғимаратында өтеді, мекенжайы: Алматы қ., Абая даңғылы, 10«В», 3-қабат, 310-каб. (үлкен мәжіліс залы)

Тендер түрі: ашық

Сауда басталуы: сағат 12.30. 2021 жылғы «18» қараша

Ұсыныстарды қабылдау мерзімі: 2021 жылғы «16» қараша, 12:00-ге дейін

Тендерге тендер өткізу мерзімінде №1 Қосымшада көрсетілген талаптарға сәйкес келетін, қызметтер көрсететін заңды тұлғалар (әлеуетті жеткізушілер) жіберіледі.

Тендерлік өтінімдерді бағалау критерийлері:

- әлеуетті жеткізушінің жоғарыда аталған талаптарға сәйкестігі;

- тендерлік өтінімнің техникалық сипаттамаларға сәйкестігі;

- ұсынылған баға;

- төлем шарттары.

Тендерге қатысу үшін келесі құжаттар топтамасын ұсыну қажет:

1 пакет: Заңдық құжаттама

1) осы хаттың қосымшасына сәйкес тендерге қатысуға арналған өтінімнің белгіленген нысаны, қазақ/орыс тілдерінде;

2) құрылтай құжаттарының нотариалды расталған көшірмелері, заңды тұлғаны тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік немесе анықтама немесе жеке кәсіпкерді тіркеу туралы куәлік;

3) белгілі бір қызмет түрін орындауға рұқсат (қағаз құжат түрінде берілген жағдайда түпнұсқасын салыстыру үшін) көшірмесі (егер сатып алу пәні болып табылатын қызметтер/жұмыстар/қызмет түріне рұқсат алу талап етілсе) немесе уәкілетті орган берген, үміткердің хабарландыруды жолдағаны туралы мемлекеттік электрондық рұқсаттар және хабарламалар тізілімінен үзінді көшірмесін ұсыну (егер сатып алу пәні болып табылатын қызметтер/жұмыстар/қызмет үшін хабарландыруды жолдау талап етілсе);

4) үміткердің уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын нотариалды расталған құжат көшірмесі;

5) Тендерге қатысу үшін үміткер өкіліне берілген сенімхат. 

2 пакет: Қаржылық құжаттама

1) баға ұсыныстары;

2) заңды тұлғаның ішкі бақылау ережелерін сәйкес қоса толтырылған сауалнамалары, заңсыз жолмен табылған кірістерді заңдастыруға (ақшаны жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы әрекет ету мақсатында, «Нурбанк» АҚ;

3) үміткердің банк реквизиттерін растайтын, банк алдындағы мерзімі өткен берешегінің жоқтығы туралы және ақшалай қаражатпен билік ету шектеулерінің жоқтығы туралы қызмет көрсететін банктен алынған түпнұсқа анықтама;

4) заңды тұлғалардың салық декларацияларын қоса, соңғы есептік кезеңге арналған қаржылық есептіліктің түпнұсқалары, жеке кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін;

5) үміткердің тіркелген жеріндегі Салық комитетінен алынған салық төлемдері бойынша қарыздың жоқ екендігі туралы түпнұсқа анықтама;

6) үміткермен бұрын жұмыс істеген заңды тұлғалар/жеке кәсіпкерлерден алынған ұсыным немесе пікірлердің түпнұсқалары немесе көшірмелері, оның ішінде ынтымақтастық тәжірибесінің бағалары және сипаттамалары, міндеттердің орындау мерзімі, толықтығы және басқа (бар болған жағдайда);

7) материалдық-техникалық база туралы мәліметтер;

8) үміткердің электрондық сауда алаңына (ЭТП) қатысты ақпараты (бар болған жағдайда);

9) Тендер өткізілмес бұрынға 2 (екі) жылға корпоративтік табыс салығы туралы декларациялардың көшірмелері. Алдыңғы екі жылға салық есебінде шығындардың бар екендігінен, қатысушы сатып алу пәні болып табылатын тауарды/қызметті/жұмысты ұсынылған бағаны негіздеу қажет (халықаралық іскерлік мәміле болып табылатын тауарлар/жұмыстар/қызметтердің). 

3 пакет: Өзге құжаттама

1) техникалық сипаттамалар, жабдықтарды жеткізу шарттары, мерзімдері, тізімі, қызметтерді ұсыну тәртібі және мерзімдері (мүмкін болса);

2) жабдық өндірушілерінен жабдықты өткізу құқығын және техникалық қызмет көрсету бойынша қызметтерді растау құжаттарымен, авторизациялық хаттың болуы, жабдықтарды ықтимал жеткізушілерге арналған;

3) сертификатталған мамандардың саны туралы мәліметтер (мамандардың сертификаттарының көшірмелері);

4) Жабдықты тапсырыс берушінің мекенжайына бір реттік және толық көлемінде жеткізу жөніндегі міндеттемелер;

5) әлеуетті жеткізуші қалауына байланысты қосымша құжаттар. 

Әлеуетті жеткізуші өзінің тендерлік өтінімін дайындау және оның ұсынумен байланысты барлық шығындарды өз мойнына алады, ал Банк және тендер комиссиясы осы шығындар үшін жауап бермейді және ешқандай міндеттемелер алмайды, тендер өткізу жағдайларына және нәтижелеріне қарамастан.

Өз тарапымыздан ескереміз, «Нурбанк» АҚ тендерлік комиссиясы әлеуетті қызмет жеткізушілерге немесе тендерлік өтінімдерді қарау, оларды бағалау және салыстыруға ресми қатыспайтын басқа тұлғаға қатысты ақпаратты жарияламау құқығын сақтайды.

«Нурбанк» АҚ тендерді жою немесе кейінге қалдыру құқығын сақтай отырып, тендерлік өтінім берген әлеуетті жеткізушілерді тендердің күші жойылғаны немесе кейінге қалдырылғаны туралы жазбаша хабарламамен, жаңа өткізу датасын көрсете отырып, хабардар ету.

Әлеуетті жеткізуші тендерлік өтінімдерді соңғы ұсыну мерзімі аяқталғанға дейін өзінің өтінімін өзгертуге немесе қайтарып алуға құқылы.

Тендер әлеуетті қызмет жеткізуші өкілінің қатысуымен немесе егер уәкілетті өкіл тендерге қатыспаса онсыз өткізіледі. 

Байланыс деректері:

Құжаттама пакетін құрастыру жөнінде сұрақтар туындағанда мына жандарға жүгінуге болады: Картакова Индира Рахмановна Тел. +7 727 2 599 710, қосымша 5385, эл.пошта: O.Fyodorova@nurbank.kz