«Нұрбанк» АҚ-ның ашық тендері

«Нұрбанк» АҚ-ның ашық тендері

22.09.2021

Қосымша №1. Критерийлер

Құрметті ханымдар мен мырзалар!

"Нұрбанк" АҚ ашық тендер өткізуді жариялайды, жұмыс уақытын есепке алу жүйесі Стахановец лицензияларын ұзарту бойынша, және әлеуетті жеткізушілерді ашық тендерге қатысуға шақырады, ол 2021 жылғы 30-қыркүйекте "Нұрбанк" АҚ ғимаратында, мына мекен-жай бойынша өтеді: Алматы қаласы, Абай даңғылы, 10 «В», 310 кабинет.  

Құжаттарды жинау мерзімі: 29-09-2021 12:00 сағ., мына мекен-жай бойынша: Алматы қаласы, Абай даңғылы, 10 «В», кеңсе, 204 кабинет           

Тендерге қатысуға заңды тұлғалар (қызмет жеткізушілер) қатыса алады, олар тендер өткізу сәтіне келесі талаптарға сәйкес болуы тиіс:

  • кәсіптік құзыреттілік пен жұмыс тәжірибесіне ие болу, қызмет көрсету туралы шартқа сәйкес міндеттемелерді орындау үшін қажетті қаржылық, материалдық және еңбек ресурстарының болуы;
  • аппараттық-технологиялық кешенді сату және Қазақстан Республикасы аумағында техникалық қолдау көрсету құқығын беретін дистрибьютордың құжаттық растауы.
  • бұрын жасалған шарттар бойынша "Нұрбанк" АҚ тарапынан талаптардың болмауы;
  • төлем қабілеттілігі, таратылуға жатпауы, оның мүлкіне тыйым салынбауы, оның қаржылық-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес тоқтатылмауы тиіс;
  • тендерге қатысу өтінімін беру және қызмет көрсету шартына қол қою сәтінде салықтар мен бюджетке басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша өз міндеттемелерін орындау.

Техникалық сипаттама және бағдарламалық өнімдердің сипаттамасы №5 Қосымшада көрсетілген. 

Тендерлік өтінімдерді бағалау критерийлері:

  • әлеуетті жеткізушінің жоғарыда айтылған талаптарға сәйкестігі;
  • тендерлік құжаттаманың техникалық сипаттамаларына тендерлік өтінімнің сәйкестігі;
  • ұсынылған баға;
  • төлем шарттары;
  • жабдықтарды жеткізу мерзімдері. 

Тендерге қатысу үшін келесі құжаттар пакеттерін ұсыну қажет:

1 пакет: Заңдық құжаттама

1) тендерге қатысу өтінімі;

2) құрылтай құжаттарының, заңды тұлғаны тіркеу/қайта тіркеу туралы куәліктің (Жарғы, қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қойылғандығы туралы куәлік) нотариалды куәландырылған көшірмелері;

3) мемлекеттің лицензиялауға жататын қызмет түрлерін атқаруға лицензия көшірмелері (салыстыру үшін түпнұсқа);

4) жеткізушіні өкіл ететін уәкілетті тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;

5) тендерге қатысу үшін жеткізушінің уәкілетті тұлғаға берген сенімхаты; 

2 пакет: Қаржылық құжаттама

1) баға ұсыныстары;

2) үміткердің банк алдында мерзімі өткен берешегінің жоқтығын растайтын банк қызмет көрсетушісінің түпнұсқасы;

3) заңды тұлғалар үшін бір жылға арналған қаржылық есептіліктің көшірмелері, егер мөр бар болса, оның мөрімен расталған, жеке кәсіпкерлер үшін салық декларацияларының көшірмелері мөрмен расталған;

4) жеткізушінің тіркелген жеріндегі салық комитетінен берешегінің жоқтығын растайтын түпнұсқа анықтама;

5) материалдық-техникалық базаның бар болуы жөніндегі мәліметтер; 

3 пакет: Басқа құжаттама

1) техникалық сипаттамалар, жеткізу шарттары, мерзімдері. 

2) Әлеуетті жеткізушілер үшін өндіруші компаниялардан авторизациялық хаттың бар болуы:

  • жүйеге кіру кезінде пайдаланушыларды сәйкестендіру және аутентификациялау жүйесін тарату және кепілдік қызмет көрсету құқығын беретін растайтын құжаттармен,
  • Қазақстан Республикасының аумағында лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді тарату/техникалық қолдау көрсету құқығын беретін құжаттармен.

3) Потенциальдық жеткізушінің нарықта кем дегенде 2 жыл жұмыс істеуі.

4) Тапсырыс берушінің мекен-жайына жеткізу тұтас және бір уақытта жүзеге асырылуы тиіс.

5) Әлеуетті жеткізуші өзінің тендерлік өтінімін дайындау және беру шығындарын толықтай өз жауапкершілігіне алады, ал Банк және тендерлік комиссия осы шығындар үшін жауап бермейді және міндеттеме алмайды, тендер өткiзiлу сипатына және нәтижелерiне қарамастан. 

Өз тарапымыздан атаймыз, Банк қаласындағы тендерлік комиссия қарау, бағалау және салыстыруға қатысты ақпаратты әлеуетті қызмет жеткізушілеріне немесе өтінімдерді қарауға, бағалауға және салыстыруға ресми қатыспаған кез-келген басқа тұлғаға ашуға құқығы жоқ.

"Нұрбанк" АҚ тендерді болдырмауға немесе кейінге қалдыруға тендерлік өтінімдер берген әлеуетті жеткізушілерді тендердің болмау туралы жазбаша хабарлап, жаңа өткізу күнін көрсете отырып, кейінге қалдыруға құқылы.

Әлеуетті жеткізуші тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін өз өтінімін өзгертуге немесе кері қайтарып алуға құқылы. 

Тендер өкілетті тұлғаның қатысуымен қызмет көрсету әлеуетті жеткізушісімен немесе мұндай тұлға тендерде қатыспаса, онысыз да өткізілуі мүмкін.

Тендерлік құжаттаманы ұсынудың түпкілікті мерзімі 2021 жылғы 29 қыркүйекте сағат 12:00 болып табылады. 

Байланыс тұлғалары: 

Заңдық және қаржылық құжаттаманы әзірлеу жөніндегі сауалдар бойынша Индир Картаковаға хабарласыңыз.

тел. +7 (727) 2500-000 ішкі нөмір 5385     IKartakova@nurbank.kz 

Техникалық тапсырмаға сәйкес құжаттама пакетін әзірлеу бойынша сауалдар үшін Игорь Конотуненкоға хабарласыңыз.

тел. +7 (727) 250-00-00 ішкі нөмір 4002    IKonotunenko@nurbank.kz

 №1 Қосымша. Техникалық сипаттама (жүктеу. doc, 30 КБ)