«Нұрбанк» АҚ филиалдарына кассалық жабдық жеткізу бойынша ашық тендер өткізетіні туралы хабарлайды және әлеуетті жеткізушілерді 2021 жылғы 14 қазанда, сағат 14.30-да «Нұрбанк» АҚ Бас Офисінің ғимаратында өтетін тендерге қатысуға шақырады, мекенжайы: Алматы қ., Абай д., 10«В», 3-ші қабат, 310 кабинет (үлкен конференц-зал).
Барлығы 1 лот саны 40 (қырық) дана:
Лот №1 – 40 дана 2 қалталы банкнот сұрыптағыш.
Тендер түрі: ашық.
Ұсыныстарды жинау мерзімі: 2021 жылғы 20 қыркүйек, сағат 12.00 дейін, мекенжайы: Абай д. 10«В», кеңсе.
Тестілеу үшін жабдықты ұсыну мерзімі: 2021 жылғы 20 қыркүйекке дейін, мекенжайы: Желтоксан д. 173.
Тендерге «3-қосымша_таңдау критерийлері» файлында келтірілген критерийлерге жауап беретін және тестілеуге жабдық ұсынған әлеуетті жеткізушілер жіберіледі. Сатып алынатын жабдықтың техникалық сипаттамалары «4-қосымша_тех. сипаттамалары» файлында келтірілген.
Тендерге қатысу үшін келесі құжаттар пакетін ұсыну қажет:
1 пакет: Заңды құжаттама
1) қазақ/орыс тілдеріндегі осы хатқа қосымшаға сәйкес нысандағы тендерге қатысу өтінімі;
2) заңды тұлғаның тіркелгені/қайта тіркелгені немесе жеке кәсіпкер ретінде тіркелгені туралы куәліктің немесе анықтаманың нотариалдық куәландырылған көшірмелері;
3) сатып алынатын тауарлар/қызметтер бойынша қызмет түрін жүзеге асыруға рұқсатты немесе хабарламаны тиісті мемлекеттік органға жібергені туралы мемлекеттік электронды реестрден мемлекеттік орган берген үзінді көшірменің нотариалдық куәландырылған көшірмесі (егер сатып алынатын тауарлар/қызметтер бойынша қызмет түрін жүзеге асыруға рұқсат/хабарлама қажет болса);
4) Үміткердің өкілі ретінде өкілетті тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;
5) Үміткердің өкілетті тұлғасына тендерге қатысуға сенімхат.
2 пакет: Қаржылық құжаттама
1) баға ұсыныстары;
2) Үміткердің банктік деректемелерін, банк алдындағы мерзімі өткен берешегінің жоқтығын, ақша қаражатына қатынау шектеулерінің жоқтығын растайтын қызмет көрсететін банктің түпнұсқа анықтамасы;
3) мөрмен расталған заңды тұлғалар үшін соңғы есептік кезеңге арналған қаржылық есептіліктің көшірмелері, жеке кәсіпкерлік қызметпен айналысатын тұлғалар үшін салық декларациялары;
4) Үміткердің салықтарды төлеу бойынша берешегінің жоқтығы туралы тіркелген жердегі Салық комитетінің түпнұсқа анықтамасы;
5) бұрын Үміткермен ынтымақтасқан заңды тұлғалар/жеке кәсіпкерлердің тәжірибесін қоса алғанда, ынтымақтастық тәжірибесі мен уақтылығы, міндеттердің толық орындалуы туралы бағалаулар мен сипаттамалары бар ұсыныстар мен пікірлердің түпнұсқасы немесе көшірмелері (бар болса);
6) материалдық-техникалық базаның болуына қатысты мәліметтер;
7) Үміткердің ЭТП-да тіркелгендігі туралы мәліметтер (бар болса);
8) Тендердің алдындағы 2 (екі) жылға арналған корпоративтік табыс салығы бойынша декларациялардың көшірмелері. Салық есебінде алдынғы екі жылға шығындар болған жағдайда, ұсынылатын тауар/қызметтердің бағасын негіздеу қажет (халықаралық іскерлік операция болып табылатын тауарлар/қызметтер бойынша сатып алу).
3 пакет: Басқа құжаттама
1) жабдықтың техникалық сипаттамалары, жеткізу шарттары, мерзімдерін көрсету, қызметтерді ұсыну тәртібі мен мерзімдері (бар болса);
2) жабдық пен техникалық қолдау бойынша қызмет көрсету құқығын растайтын түпнұсқаларымен жабдық өндіруші компанияның авторизациялық хаты (бар болса);
3) сертификатталған мамандардың саны туралы мәліметтер (мамандардың сертификат көшірмелері);
4) жабдықты тапсырыс берушінің мекенжайына толық көлемде және бір уақытта жеткізу туралы міндеттеме;
5) әлеуетті жеткізуші қалауымен қосымша кез-келген басқа құжаттар.
Әлеуетті жеткізуші тендерлік өтінімін дайындаумен және ұсынумен байланысты барлық шығындарды көтереді, ал Банк пен тендерлік комиссия бұл шығындар сипаты мен тендер нәтижелеріне қарамастан, олар үшін жауапкершілік көтермейді.
Өз тарапымыздан, «Нұрбанк» АҚ тендерлік комиссиясының өтінімдерді қарау, бағалау және салыстыру бойынша ақпаратты қызмет ұсынатын әлеуетті жеткізушіге немесе өтінімдерді қарау, бағалау және салыстыруға ресми қатыспайтын кез-келген тұлғаға ашпауға құқылы екенін айтамыз.
«Нұрбанк» АҚ тендерді өткізу немесе кейінге қалдыру туралы тендерлік өтінімдерді ұсынған әлеуетті жеткізушілерге жөнелтілетін жазбаша хабарлама арқылы тендердің өткізілмейтінін немесе кейінге қалдырылғандығын жаңа күнімен бірге хабарлауға құқылы.
Әлеуетті жеткізуші тендерлік өтінімнің соңғы мерзімі біткенге дейін өз өтінімін өзгертуге немесе қайтарып алуға құқылы.
Тендерде, қызмет жеткізуші әлеуетті жеткізушінің уәкілетті тұлғасының қатысуы немесе қатыспауы мүмкін.
Байланыс ақпараты:
Құжаттар пакетін қалыптастыру бойынша сұрақтар үшін Кәуілбасов Даниярға жүгіну қажет
Тел.: +7 727 2 599 710, ішкі нөмір 5098 және электронды адрес арқылы Dkauylbassov@nurbank.kz
1-қосымша. Техникалық сипаттама (жүктеу. xlsx, 12 КБ)
3-қосымша. Өтінім (жүктеу. doc, 32 КБ)