АҚ «Нұрбанк» ашық тендері

АҚ «Нұрбанк» ашық тендері

09.08.2021

Қосымша №2. Критерийлер

«Нурбанк» АҚ Алматы қаласындағы бас кеңсе мен филиалдың мекен-жайлары: Жельтоқсан көшесі, 168Б және Жельтоқсан көшесі, 173А орналасқан орталық жылу желілеріне қосылуды іске асыру, автоматтандырылған жылу пунктінің (АЖП) жинақтау және орнату, сыртқы және ішкі жылу желілерінің құрылыс-монтаждау жұмыстарын сатып алу бойынша ашық тендер өткізуді жариялайды.

Тендер нәтижелері бойынша ең жақсы жағдайларды ұсынған компаниямен жұмыс келісім-шарты жасалады.

Осы хабарландыруға тіркелген қосымшада талаптар тізімі көрсетілген файлдарды таба аласыздар.

Тендер түрі: ашық

Құжаттарды жинау мерзімі: 24.08.2021, сағат 16:00-ге дейін, мекен-жайы: Алматы қаласы, Абылай даңғылы, 10 "В", канцелярия, №204 бөлме

Ашық тендер 26.08.2021 сағат 10:00-де мына мекен-жайда өтеді: Алматы қаласы, Абылай даңғылы, 10 "В", №310 бөлме.

Жеткізушілерге қойылатын негізгі талаптар:

  • орындалатын жұмыстарға сертификаттың болуы;
  • сапалы құрылыс материалдарын пайдалану;
  • құрылыс-монтаждау жұмыстарын сапалы орындау;
  • жобалық құжат аясында жұмыс жүргізу;
  • жылу маусымына дайындық жұмыстарының орындалуы (прессовка, құбырларды жуып-шаю және т.б.);
  • документацияны тапсыру, мемлекеттік органдарда тіркеу, келісім-шартты алу, жылумен жабдықтау жүйесіне қосылу;
  • жұмыстарды белгіленген мерзімде орындау;
  • орындалған жұмыстар мен қолданылған материалдарға 3 жылдық кепілдік беру;
  • «Нурбанк» АҚ-да банктік шот ашу;
  • кәсіби құзыретке және еңбек тәжірибесіне ие болу, келісім-шартқа сәйкес міндеттемелерді орындау үшін қажетті қаржылық, материалдық және еңбек ресурстарына ие болу;
  • төлем қабілетті болуы, жойылуға жатпауы, мүліктеріне арест салынбауы және Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте экономикалық қызметінің тоқтатылмауы қажет.

Тендерге қатысу үшін келесі құжаттар пакеттерін ұсыну қажет:

1 пакет: Заңды құжаттама

1) тендерге қатысуға белгіленген үлгімен өтініш;

2) құрылтайшылық құжаттардың, заңды тұлғаның (жарғы, ҚҚС тіркеу туралы куәлік) тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмелері;

3) мемлекеттік лицензиялауға жататын қызмет түрлері (сатып алынатын тауарлар/жұмыстар/қызметтер) бойынша лицензиялардың көшірмелері (тексеру үшін түпнұсқасы);

4) жеткізуші өкілінің жеке басын куәландыратын нотариалды куәландырылған көшірмесі;

5) өкілетті тұлғаға тендерге қатысуға берілген жеткізушінің сенімхаты;

2 пакет: Қаржылық құжаттама

1) талапкердің банк мәліметтерін, банкте төленбеген қарызының жоқтығын растайтын қызмет көрсететін банктен түпнұсқа анықтама;

2) заңды тұлғалар үшін мерзімді баспаларының мөрімен қуатталған қаржылық есептіліктердің көшірмелері, жеке кәсіпкерлерді салық декларацияларының мөрімен қуатталған көшірмелері;

3) жеткізушінің тіркеу орны бойынша салық комитетінен төленбеген салықтар бойынша қарызының жоқтығы туралы анықтама түпнұсқасы;

4) жеткізушімен бұрынғы әріптес болған заңды тұлғалардың/жеке кәсіпкерлердің ұсыныстар мен пікірлерін баяндайтын (болған жағдайда) көшірмелер;

5) материалдық-техникалық базаның болуы туралы ақпарат;

6) баға ұсыныстары;

7) тендерді өткізу алдында алдыңғы екі жылға арналған корпоративтік табыс салығы бойынша нарықтық баға ұсыныстарының көшірмелері. Егер нарықтық шығынын көрсетсе, сатып алынатын тауар/қызметтің құнын ақтау керек (халықаралық іскерлік келісімнің нысанына айналатын тауарлар/жұмыстар/қызметтерді сатып алу кезінде).

3 пакет: Өзге құжаттама

1) тауардың сипаттамасы, жеткізу шарттары, мерзімдері.

2) Потенциалды жеткізуші тендер үшін өтінім жасау мен ұсынуға байланысты барлық шығындарды өтейтін болады, ал Банк және тендерлік комиссия осы шығындар үшін жауапкершілік тартпайды.

Банк мемлекеттік тендерлік комиссиясы тендерлік өтінімдерді қарастыру, бағалау және салыстыру бойынша ақпаратты потенциалды жеткізушілерге немесе ресми қатысушы тұлғаларға жариялауға құқылы емес.

«Нурбанк» АҚ тендерді болдырмауға немесе кейінге қалдыруға, тендер өтінімдерін ұсынған әлеуетті жеткізушілерге тендерді болдырмау немесе кейінге қалдыру туралы жазбаша түрде хабарлауға құқылы.

Потенциалды жеткізуші тендерлік өтінімдерді ұсыну мерзімі аяқталғанға дейін өз өтінімін өзгерту немесе қайтарып алуға құқылы.

Байланыс тұлғасы:

Баға ұсыныстары мен құжаттар пакеті бойынша сұрақтар үшін байланыс:

  • Жұмабаева Н.Н.-ға хабарласыңыз: тел.: 8(7272) 599-710 ішкі. 5670, моб. тел.: 87017212361;
  • e-mail: nzhumabayeva@nurbank.kz

 Қосымша 1. Техникалық спецификация(жүктеу, doc, 14 KB)