«Нұрбанк» АҚ ашық тендері

«Нұрбанк» АҚ ашық тендері

15.01.2021

Қосымша №2. Критерийлер

Құрметті ханымдар мен мырзалар!

«Нұрбанк» АҚ кіріс қатерлерінен электрондық поштаны қорғау жүйесі – Forcepoint Email Security сатып алу бойынша ашық тендер өткізілетінін жариялайды және әлеуетті жеткізушілерді 2021 жылғы 21 қаңтарда 14:30 сағатта Алматы қ., Абай даңғылы 10 «В», 310 бөлме мекенжайы бойынша «Нұрбанк» АҚ ғимаратында өтетін ашық тендерге қатысуға шақырады.

Құжаттарды жинау мерзімі: 2021 жылғы 20 қаңтар, 12:00 дейін, мекенжайы: Алматы қ., Абай даңғылы 10 «В», кеңсе, 204 бөлме

Тендерге заңды тұлғалар (қызмет көрсету әлеуетті жеткізушілері) қатыса алады, олар тендер өткізілетін уақытта келесі талаптарға сәйкес болуы тиіс:

  • қызметтерді көрсету келісімшартына сәйкес міндеттемелерді орындауға қажетті кәсіби құзыретке және жұмыс тәжірибесіне, қаржылық, материалдық және еңбек ресурстарына ие болу;
  • дистрибьютордан аппараттық-бағдарламалық кешенді сату және Қазақстан Республикасының аумағында техникалық қолдау көрсету құқығын растайтын құжаттық дәлел;
  • бұрын жасалған келісімшарттар бойынша «Нұрбанк» АҚ тарапынан шағымдар болмауы;
  • төлем қабілеттілігі бар, таратылуға жатпайтын, мүлкіне тыйым салынбаған, қаржылық-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте тоқтатылмаған болуы қажет;
  • тендерге қатысу үшін өтінім беру және қызметтерді көрсету келісімшартын жасасу уақытында салықтар мен бюджеттік міндетті төлемдерді төлеу міндеттемелерін орындауы керек; 

Техникалық сипаттамалар мен бағдарламалық өнімдерді сипаттау № 5 қосымшада берілген.

Тендерлік өтінімдерді бағалау критерийлері:

  • әлеуетті жеткізушінің жоғарыда аталған талаптарға сәйкестігі;
  • тендерлік өтінімнің тендер құжаттарының техникалық сипаттамаларына сәйкестігі;
  • ұсынылған баға;
  • төлем шарттары;
  • жабдықты жеткізу мерзімдері. 

Тендерге қатысу үшін келесі құжаттар пакеттерін ұсыну қажет:

1 пакет: Заңнамалық құжаттама

1) тендерге қатысу үшін өтінім;

2) заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының, тіркеу/қайта тіркеу туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмелері (Жарғы, қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлік);

3) мемлекеттік лицензияланатын қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияның көшірмелері (тексеру үшін түпнұсқа) (егер сатып алынатын тауарлар/жұмыстар/қызметтер бойынша қызмет лицензиялануға жататын болса);

4) жеткізушінің өкілі болып табылатын уәкілетті тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;

5) Тендерге қатысу үшін уәкілетті тұлғаға жеткізушінің сенімхаты;

2 пакет: Қаржылық құжаттама

1) баға ұсыныстары;

2) өтініш берушінің банктік деректемелерін растайтын қызмет көрсететін банкінен анықтама, банктің алдында кешіктірілген қарыз жоқ екендігін растайтын түпнұсқа;

3) заңды тұлғалар үшін бір жылға арналған қаржылық есептіліктің көшірмелері, заңды тұлғаның мөрімен, жеке кәсіпкерлердің салық декларациялары мөрімен расталған;

4) жеткізушінің тіркеу орны бойынша Салық комитетінен салықтарды төлеу бойынша қарыздың жоқ екендігі туралы түпнұсқа анықтама;

5) материалдық-техникалық базаның болуы туралы мәліметтер;

3 пакет: Өзге құжаттама

1) техникалық сипаттамалар, жеткізу шарттары, мерзімдер.

2) Әлеуетті жеткізушілер үшін өндіруші компаниялардың авторизациялық хаттарының болуы:

  • пайдаланушылардың жүйеге кіру кезінде сәйкестендіру және аутентификациялау жүйесін тарату және кепілдік қызмет көрсету құқығын растайтын құжаттармен қоса,
  • лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді тарату/техникалық қолдау көрсету құқығын растайтын құжаттармен қоса, Қазақстан Республикасының аумағында.

3) Алматы қаласында немес жабдықты жеткізу жүзеге асырылатын аймақтарда жеткізілген тауарды кепілдік қызмет көрсету жөніндегі сервис орталығының немесе сервис-серіктесінің болуы (атауы, мекенжайы, байланыс деректерін белгілеу қажет).

4) Жабдық сериялық өндірістік сериясынан жеткізілуі және өндіруші зауыттарда сынақтан өтуі тиіс. Құрылымда тапсырмада келісілген барлық құрамдас бөліктер болуы қажет.

5) Әлеуетті жеткізушінің нарықта жұмыс өтілі кем дегенде 2 жыл болуы тиіс.

6) Жеткізу бір мезгілде және толық көлемде тапсырыс берушінің мекенжайына жүзеге асырылуы тиіс.

7) Потенциалды жеткізуші өзінің тендерлік өтінімін дайындау және ұсынуға байланысты барлық шығындарды көтереді, ал Банк пен тендер комиссиясы осы шығындарға қатысы жоқ және оларды орындауға міндетті емес екендігін еске салады, тендер жүргізу және нәтижелеріне қарамастан.

Тендер комиссиясы банктен қызметтерді ұсынуға қатысты тендерлік өтінімдерді қарау, баға беру және салыстыру жөніндегі ақпаратты жеткізушілерге немесе осыған тікелей қатыспайтын басқа тұлғаларға жарияламауға толық құқылы.

«Нұрбанк» АҚ тендерді өткізбеуге немесе келесі күнді көрсетіп, тендер өткізбеу немесе ауыстыру туралы тендерлік өтінім ұсынған әлеуетті жеткізушілерге жазбаша хабарламалар жіберуге құқылы.<

Әлеуетті жеткізуші тендерлік өтінімді мерзімі өткенге дейін өзгертуге немесе кері қайтаруға құқылы.

Тендерде әлеуетті қызмет көрсету жеткізушісінің уәкілетті тұлғасының қатысуымен немесе ондай тұлға тендерге қатыспаған жағдайда жүргізіледі.

Тендерлік құжаттаманы ұсынудың соңғы мерзімі: 2021 жылғы 20 қаңтар сағат 12:00.