«Нұрбанк» АҚ ашық тендер

«Нұрбанк» АҚ ашық тендер

02.12.2020

№1 қосымша. Техникалық спецификация

«Нұрбанк» АҚ бас банктің 260 жұмыс орнын, жалпы саны 728 дана жиһаз алу туралы ашық тендер жариялайтынын хабарлайды.<\/p>

Тендер нәтижелері бойынша ең жақсы шарттар ұсынған компаниямен жеткізу шарты жасалады.<\/p>

Осы хабарламаға қосымша ретінде жиһаз тізімі және оған қойылатын талаптар бойынша файлдарды таба аласыз.<\/p>

Тендер түрі: <\/strong>ашық<\/p>

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 08.12.2020 17:00 м., мекенжай бойынша: Алматы қ., Абая даңғылы, 10 «В», хатхана, кабинет № 204<\/strong><\/p>

Ашық тендер 10.12.2020 өтеді. Тендер өткізу уақыты туралы қосымша хабарланады.<\/strong><\/p>

Жеткізушілерге қойылатын негізгі талаптар:<\/strong><\/p>

  • «Нұрбанк» АҚ шот ашу;<\/strong><\/li>
  • Қажетті тауар санының болуы;<\/li>
  • Тауардың сапасы;<\/strong><\/li>
  • Төлем 50%/50%;<\/li>
  • Жиһаз және фурнитураға кемінде 1 (бір) жылдық кепілдік міндеттемелері;<\/li>
  • Жиһаз түсін, моделін банкпен келісу міндетті (сапа және құн бойынша) қосымшада көрсетілген талаптарға сәйкес;<\/li>
  • Кәсіби біліктілігі;<\/li>
  • Міндеттемелерді шарт талаптарына сай орындауға қажетті қаржылық, материалдық және еңбек ресурстарының болуы;<\/li>
  • Төлемқабілеттілігі, жойылу қаупінің, мүлікті тәркілеу қаупінің және қаржы-шаруашылық қызметінің тоқтатылу қаупінің болмауы.<\/li> <\/ul>

    Тендерге қатысу үшін келесі құжаттар топтамасын ұсыну қажет:<\/strong><\/p>

    1 пакет: Құқықтық құжаттама<\/p>

    1) тендерге қатысу өтінімі қалыптасқан формада;<\/p>

    2) жарғылық құжаттардың нотариалды расталған көшірмелері, заңды тұлғаны тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік (Жарғы, қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік);

    3) белгілі бір қызметті жүзеге асыру үшін мемлекет лицензиялайтын қызметке қажетті лицензия көшірмелері (түпнұсқасы салыстыру үшін);

    4) жеткізушінің өкілінің тұлғасын растайтын құжаттың нотариалды расталған көшірмесі;<\/p>

    5) тендерге қатысуға уәкілетті тұлғаға берілген жеткізушінің сенімхаты;<\/p>

    2 пакет: Қаржылық құжаттама<\/p>

    1) банктік реквизиттерді және банк алдындағы мерзімінен кешігулердің жоқтығын растайтын қызмет көрсетілу орнындағы анықтаманың түпнұсқасы;<\/p>

    2) заңды тұлғаға арналған бір жылдық қаржылық есептің көшірмелері, заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған, жекелеген кәсіпкерлер үшін салық декларацияларының көшірмелері, мөр болған жағдайда куәландырылған;<\/p>

    3) жеткізушінің тіркелген жеріндегі Салық комитетінің салынбаған төлемдер туралы анықтама түпнұсқасы;<\/p>

    4) жеткізушімен бұрын жұмыс жасаған заңды тұлғалар/жеке кәсіпкерлерден ұсыныс хаттар мен пікірлердің көшірмелері, ынтымақтастық тәжірибелерінің есептерін және сипаттамаларын, міндеттердің уақытылы және толық орындалуын және т.б. қамтиды (бар болған жағдайда);

    5) материалдық-техникалық базасының бар екендігі туралы мәліметтер;<\/p>

    6) тауардың сипаттамалары, жеткізу шарттары мен мерзімдері көрсетілген баға ұсыныстары;<\/p>

    7) тендер алдындағы екі кезеңдегі корпоративтік табыс салығы бойынша декларациялардың көшірмелері. Салық есебінде өткен екі жыл ішінде шығындар болған жағдайда, қатысушы ұсынылатын тауар/қызмет бағасының негіздемесін ұсыну қажет (болашақта халықаралық коммерциялық мәміле нысаны болатын тауарларды/жұмыстарды/қызметтерді сатып алу кезінде).

    3 пакет: Өзге құжаттама<\/p>

    Ықтимал жеткізуші тендерлік өтінімді дайындауға және ұсынуға байланысты шығыстарды толығымен көтереді, ал банк пен тендерлік комиссия бұл шығыстар үшін жауап бермейді және міндеттемелер алмайды, тендер нәтижелерінің сипатына қарамастан.<\/p>

    Өз тарапымыздан банктың тендерлік комиссиясы тендерлік өтінімдерді қарастыратын, бағалайтын және салыстыратын кез-келген мәліметтерді ықтимал жеткізушілерге немесе бағалау мен салыстыруға ресми қатыспайтын кез келген басқа тұлғаға жария етпеу құқығын сақтаймыз.<\/p>

    «Нұрбанк» АҚ тендердің өткізілуін немесе кейінге қалдырылуын, тендерлік өтінімдерді ұсынған ықтимал жеткізушілерге хабарлама арқылы тоқтату немесе кейінге қалдыру құқығын өзіне қалдырады.<\/p>

    Ықтимал жеткізуші тендерлік өтінімді тапсыру соңғы мерзімі біткенге дейін өз өтінімін өзгерту немесе қайтарып алу құқығына ие.<\/p>

    Байланыс дерегі:<\/strong><\/p>

    Келесі мәселелер бойынша:<\/strong><\/p>

    • баға ұсыныстары мен құжаттар пакеті үшін Хабарласыңыз:<\/strong> Нұрдәулетов Д.К.<\/strong> тел: 8(7272) 599-710 ішкі. 5068<\/li>
    • e-mail: Dnurdauletov@nurbank.kz<\/strong><\/li> <\/ul>