«Нурбанк» АҚ 260 жұмыс орнына арналған кресло сатып алуға арналған ашық тендер өткізілетіндігін хабарлайды.
Конкурс нәтижесінде ең жақсы шарттар ұсынған компаниямен жеткізу келісімі жасалады.
Бұл хабарландыруға тіркелген файлдан қажетті жиһаздар мен жиһаз талабын таба аласыз.
Тендер түрі: ашық
Құжат қабылдау мерзімі: 08.12.2020 17:00-ге дейін, мекенжай: Алматы қаласы, Абай даңғылы, 10 «В», кеңсе, 204 кабинет
Ашық тендер 10.12.2020 күні өтеді. Тендер өткiзу уақыты қосымша хабарланады.
Жеткізушілерге қойылатын негізгі талаптар:
Тендерге қатысу үшін келесі құжаттар пакетін ұсыну қажет:
1 пакет: Заңды құжаттар
1) белгіленген нысандағы тендерге қатысу өтініші;
2) құрылтай құжаттарының нотариалды расталған көшірмелері, заңды тұлғаны тіркеу қайта тіркеу куәлігі (Жарғы, қосымша құн салығы бойынша есепке қою куәлігі);
3) мемлекет лицензиялаған қызметті жүргізуге лицензия көшірмелері (салыстыру үшін түпнұсқа) (егер сатып алынатын тауарлар жұмыстар қызметтер лицензиялауға жататын болса);
4) жеткізуші өкілінің нотариалды куәландырылған тұлғасын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
5) жеткізушінің өкілетті тұлғаға тендерге қатысу үшін берген сенімхаты;
2 пакет: Қаржылық құжаттар
1) талапкердің банк деректемелерін, банкте мерзімі өткен қарыздың болмауын растайтын қызмет көрсетуші банктен алынған анықтаманың түпнұсқасы;
2) заңды тұлғалардың мөрімен расталған бір жылға арналған қаржылық есептіліктің көшірмелері, жеке кәсіпкерлер үшін бар болса мөрмен расталған салық декларацияларының көшірмелері;
3) салықты төлеу бойынша қарыздың жоқтығы жөніндегі жеткізушінің тіркелген жеріндегі салық комитетінен алынған анықтама түпнұсқасы;
4) бұрын жеткізушімен серіктес болған заңды тұлғалар жеке кәсіпкерлердің, бар болса, өзара ынтымақтастық тәжірибесін бағалауды және сипаттамаларды қоса алғанда, міндеттемелердің уақытылы, толық орындалуын және басқа да пікірлерін қамтитын ұсынымдар мен пікірлер көшірмелері;
5) материалдық-техникалық базаның болуы туралы мәліметтер;
6) тауардың сипаттамасы, жеткізу шарттары мен мерзімдері көрсетiлген баға ұсыныстары;
7) корпоративтік табыс салығы жөніндегі Декларациялардың көшірмелері Тендерге дейінгі екі кезең үшін. Алдыңғы екі жылдағы салық есебіндегі шығындар болған жағдайда, қатысушы сатып алынатын тауарлардың/жұмыстардың/қызметтердің, кейіннен халықаралық іскерлік операцияның объектісі болатын, ұсынылған бағасының негіздемесін беруі тиіс.
3 пакет: Өзге құжаттар
Потенциалды жеткізуші тендер ұсынысын дайындау мен беруіне байланысты барлық шығындарды өзіне алады, ал Банк және тендер комиссиясы осы шығындар үшін жауап бермейді және міндеттеме алмайды, тендердің өткізілуі мен нәтижелеріне қарамастан.
Өз тарапымыздан банктің тендер комиссиясына тендер ұсыныстарын қарау, бағалау және салыстыруға қатыспайтын қызмет көрсететін жеткізушілерді немесе кез келген басқа тұлғаларды ресми түрде қатыстырмай, тендер ұсыныстарын қарау, бағалау және салыстыру жөніндегі ақпараттарды жарияламауға құқығы бар екенін атап өтеміз.
«Нурбанк» АҚ тендерді өткізу туралы хабарламаларды ұсынылған ақпараттарға сүйене отырып, хатпен тендерге қатысуға ұсынысты ұсынған әлеуетті жеткізушілерге тендердің тоқтатылуы немесе кейінге қалдырылуы туралы хабарландыруға, кейінге қалдырылған жағдайда жаңа күнін көрсетуге құқығы бар.
Әлеуетті жеткізуші тендер ұсыныстарын түпкілікті ұсыныс мерзімі аяқталғанға дейін өзгертуге немесе қайтарып алуға құқылы.
Байланыс тұлғасы:
Мына бағыттар бойынша сұрақтар туындаса: