Құрметті ханымдар мен мырзалар!
«Нұрбанк» АҚ жоғары дәрежелі пайдаланушыларды бақылау жүйесін сатып алу бойынша ашық тендер жариялайды және әлеуетті жеткізушілерді 2019 жылғы 22 тамызда 14:30-да «Нұрбанк» АҚ ғимаратында өтетін тендерге қатысуға шақырады, мекенжайы: Алматы қ., Абай даңғылы, 10 «В», 310-кабинет.
Құжаттар қабылдау уақыты: 2019 ж. 21-ші тамызы, 12:00-ге дейін, мекен-жайы: Алматы қ., Абай даңғылы, 10 «В», кеңсе, 204-кабинет.
Тендерге заңды тұлғалар (қызметтердің әлеуетті жеткізушілері) қатыса алады, олар тендер өткізілген сәтте келесі талаптарға сәйкес болуы тиіс:
Бағдарламалық өнімдердің техникалық ерекшеліктері мен сипаттамалары №5 Қосымшада көрсетілген.
Тендерлік өтінімдерді бағалау критерийлері:
Тендерге қатысу үшін келесі құжаттар пакеттерін ұсыну қажет:
1 пакет: Заңды құжаттама
1) тендерге қатысу өтінімі;
2) заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының, тіркеу/қайта тіркеу куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмелері (Жарғы, қосымша құн салығы бойынша тіркеу туралы куәлік);
3) лицензияның көшірмесі (тексеру үшін түпнұсқа) мемлекеттік лицензиялауды талап ететін тауар/жұмыс/қызмет түрлеріне лицензиясы;
4) өкілетті тұлға - жеткізушінің өкілі екенін куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
5) тендерге қатысу үшін жеткізуші өкілетті тұлғаға берілген сенімхат.
2 пакет: Қаржылық құжаттама
1) баға ұсыныстары;
2) банк реквизиттерін растайтын, үміткердің банк алдындағы қарызының жоқтығын растайтын қызмет көрсететін банктен анықтаманың түпнұсқасы;
3) заңды тұлғалардың бір жылға арналған қаржылық есептілігінің көшірмелері, заңды тұлғаның мөрімен расталған, жеке кәсіпкерлердің салық декларациялары, мөр (бар болса) арқылы расталған;
4) жеткізушінің салық төлемдері бойынша қарызы жоқтығын растайтын салық комитетінің тіркеу орны бойынша анықтама түпнұсқасы;
5) материалдық-техникалық базаның бар-жоғы туралы мәліметтер.
3 пакет: Басқа құжаттама
1) техникалық ерекшеліктер, жеткізу шарттары, мерзімдері.
2) әлеуетті жеткізушілер үшін өндіруші компаниялардан авторизациялық хаттың болуы:
3) жеткізілетін жабдықтарға Алматы қаласында немесе жабдық-бағдарламалық кешен жеткізілетін аймақтарда кепілдік қызмет көрсететін сервис орталығы немесе серіктес болуы (атауын, мекенжайын, байланыс деректерін көрсету қажет).
4) Жабдық сериялық өндіріс желісінен жеткізіліп, өндіруші фирманың зауыттарында сынақтан өтуі керек. Құрастыру кезінде тапсырмада көрсетілген барлық компоненттер енгізілуі тиіс.
5) Әлеуетті жеткізушінің нарықтағы жұмыс мерзімі кемінде 2 жыл болуы тиіс.
6) Жеткізу тапсырыс берушінің мекен-жайына толық көлемде және бір уақытта жүзеге асырылуы керек.
7) Әлеуетті Жеткізуші өзінің тендерлік өтінімін дайындау және ұсынуға байланысты барлық шығындарды өзі қанағаттандырады, ал Банк және тендерлік комиссия осы шығындар үшін жауап бермейді және міндетті емес, тендердің сипаты мен нәтижелеріне қарамастан.
Біздің тарапымыздан, Банк Тендерлік комиссиясы тендерлік өтінімдерді қарастыру, бағалау және салыстыру бойынша ақпаратты қызмет жеткізушілерге немесе тендерлік өтінімдерді қарастыруға, бағалауға және салыстыруға ресми түрде қатыспайтын кез келген басқа тұлғаға ашпауы мүмкін екендігін атап өтеміз.
«Нұрбанк» АҚ тендердің күшін жою немесе оны кейінге қалдыру туралы жазбаша хабарлама жіберу арқылы тендер ұсыныстарын берген әлеуетті жеткізушілерге хабарлап, тендердің күшін жою немесе оны кейінге қалдыру құқығын өзіне қалдырады, жаңа өту күнін белгілей отырып.
Әлеуетті жеткізуші өзінің өтінімін тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімінің өткенге дейін өзгертуге немесе қайтарып алуға құқылы.
Тендер әлеуетті қызмет жеткізушінің өкілетті тұлғасының қатысуымен немесе мұндай тұлғаның қатысуы болмаса да, оның қатыспауы шарты бойынша өткізіледі.
Тендерлік құжаттаманы ұсынудың соңғы мерзімі "21" тамыз 2019 жыл, сағат 12:00.