Cisco телекоммуникациялық жабдықтарын сатып алу бойынша тендер

Cisco телекоммуникациялық жабдықтарын сатып алу бойынша тендер

06.08.2019

Құрметті ханымдар мен мырзалар!

«Нұрбанк» АҚ телекоммуникациялық жабдықтарды сатып алу бойынша ашық тендер өткізетінін хабарлайды және әлеуетті жеткізушілерді 2019 жылғы 22 тамызда сағат 14:30-да өтетін тендерге қатысуға шақырады. Өтетін орны: «Нұрбанк» АҚ ғимараты, Абая даңғылы 10В

Тендер түрі: ашық.

Тендердің басталуы: 2019 жылғы 22 тамыз, 14:30, мекен-жайы: Абая даңғылы 10В, 3 қабат, 310 үлкен конференц-зал.

Аукционның аяқталуы: 16:30.

Пакеттер мен ұсыныстарды жинау 2019 жылғы 21 тамыз сағат 12:00-ге дейін Абая даңғылы 10В, 204 кабинетінде.

Тендерге келесі критерийлерге сәйкес әлеуетті жеткізушілер жіберіледі:

  • №4 Қосымша – сатып алу бойынша жеткізушіге қойылатын талаптар

Cisco телекоммуникациялық жабдықтарға техникалық талаптар келтірілген:

  • Техникалық сипаттама (Cisco жабдықтары)

Тендерге қатысу үшін келесі құжаттар топтамаларын ұсыну қажет:

1 топтама: Заңды құжаттама
1) №5 Қосымшаға сәйкес тендерге қатысуға өтінім;
2) құрылтай құжаттарының көшірмелері, заңды тұлғаны тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік (жарғы, қосылған құн салығына тіркеу есебі туралы куәлік);

3) мемлекеттік қызметті лицензиялауға жататын қызмет бойынша лицензияның көшірмелері (түпнұсқасы салыстыруға);

4) жеткізушінің уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын нотариус куәландырған құжаттың көшірмесі;
5) жеткізушінің уәкілетті өкіліне тендерге қатысуға сенімхат 

2 топтама: Қаржылық құжаттама
1) үміткердің банк реквизиттерін растайтын және үміткердің банк алдындағы қарызының жоқтығын растайтын қызмет көрсететін банктен анықтама түпнұсқасы;

2) бір жылдағы қаржылық есептің көшірмелері, мөрмен расталған, жеке кәсіпкерлер үшін салық декларацияларының көшірмелері, мөрмен расталған (болған жағдайда);

3) салықтар төлеу бойынша қарыздың жоқтығын растайтын жеткізушінің тіркелген орны бойынша Салық комитетінің анықтама түпнұсқасы;

4) бұрын жеткізушімен жұмыс істеген заңды тұлғалар/жеке кәсіпкерлердің ұсыныстары мен пікірлерінің көшірмелері, ынтымақтастық тәжірибесіндегі кеңестер мен сипаттамалар, оның ішінде уақытылы, міндеттемелерді толық орындау және т.с.с. (болған жағдайда);

5) материалдық-техникалық база туралы ақпарат;

6) Cisco телекоммуникациялық жабдықтарды жеткізу бойынша бағалық ұсыныстар;

7) жеткізуді Банктегі есеп айырысу шоты арқылы Есеп айырысу келісіміне сәйкес жүзеге асыруға келісімді растау. 

3 топтама: Басқа құжаттама

  • Cisco телекоммуникациялық жабдық өндірушісі тарапынан сертификатталған мамандар саны туралы ақпарат (сертификаттардың көшірмелері);
  • Жеткізілетін сервер жабдықтарына техникалық сипаттама, төлем тәртібі және жеткізу мерзімдері.

Өз тарапымыздан біз Тендерлік комиссияның тендерлік өтінімдерді қарауға, бағалауға және салыстыруға қатысы жоқ әлеуетті жеткізушілерге немесе басқа тұлғаларға ақпаратты ашпау құқығын атап өтеміз.

«Нұрбанк» АҚ тендерді тоқтату немесе оны қарастырылған өтінімдерін ұсынған әлеуетті жеткізушілерге тендерді тоқтату немесе оны кейінге қалдыру туралы жазбаша хабарлау құқығын сақтайды, онда жаңа өткізу күні көрсетіледі.
Әлеуетті жеткізуші тендерлік өтінімдерді түпкілікті берудің мерзімі өткенге дейін өтінімдерін өзгертуге немесе қайтарып алуға құқылы.

Тендер әлеуетті қызмет жеткізушінің уәкілетті өкілі қатысуымен немесе онсыз өткізіледі, егер уәкілетті өкілі тендерге қатыспаған жағдайда.

Тендерлік құжаттаманы ұсынудың түпкілікті мерзімі 2019 жылғы 21 тамыз сағат 12:00. 

Байланыс тұлғалары: 

Заңды және қаржылық құжаттама топтамаларын қалыптастыру бойынша сұрақтар үшін СҚұрманбаев Санжарға хабарласыңыз.

Тел. +7 (727) 2 50000 ішкі. 5847     SKurmanbayev@nurbank.kz 

Басқа құжаттама топтамаларын қалыптастыру бойынша техникалық тапсырма жайлы сұрақтар Ли Евгенийге хабарласыңыз.

Жұм. +7 (727) 2 500 000 ішкі. 4545    Evgeny.Lee@nurbank.kz.