АҚ «Нұрбанк» ашық тендері

АҚ «Нұрбанк» ашық тендері

25.01.2018

Қосымша №2. Өлшемдер

Құрметті ханымдар мен мырзалар!

Нұрбанк» АҚ «Нұрбанк» АҚ үшін «Төмен кідіріс гибридтік жүйелер негізінде мәліметтер сақтау жүйелерін» сатып алу бойынша ашық тендер өткізілетінін хабарлайды:

  • Лот №1. Төмен кідіріс гибридтік жүйелер негізінде мәліметтер сақтау жүйелері.

Тендер түрі: ашық:

Тендер мерзімі: 30.01.2018 ж. 14:30, мекенжайы: Абай даңғылы 10В, 3-қабат, 310 үлкен конференц залы;

Сауда аяқталуы: 16:30;

Құжаттар мен ұсыныстарды жинау 2018 жылғы 29 қаңтарға дейін, сағат 12:00 (қоса алғанда), мекенжайы: Абай даңғылы 10В, 204 кабинет.

Тендерге қатысуға заңды тұлғалар (қызмет жеткізуші әлеуетті) шақырылады, олар тендер өткізу кезінде келесі талаптарға сәйкес болуы керек:

кәсіби біліктілік пен жұмыс тәжірибесінің болуы, келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті қаржылық, материалдық және адам ресурстарына ие болу;

«Нұрбанк» АҚ тарапынан бұрын жасалған келісімшарттар бойынша шағымдардың болмауы;

тендерге қатысу өтінімін берген және сатып алу келісімшартына қол қойған уақытта салықтар мен бюджетке басқа да міндетті төлемдерді төлеу міндеттемелерін орындау;

бар болса, ұсыныстар беру және Қазақстан Республикасының аумағындағы ірі табысты жобаларды көрсету;

тендерге қатысуға шығындарды өтініш берушінің өзі көтереді, ал «Нұрбанк» АҚ мен тендерлік комиссия осы шығындар үшін жауап бермейді, тендердің кез-келген түрі мен нәтижелеріне қарамастан.

төлем шарттары: 50% алдын-ала төлем, 50% кейінгі төлем.

Әлеуетті жеткізуші жабдықты жеткізу, құрастыру және іске қосуға, кепілдік/кепілдіктен кейінгі қызмет көрсетуге қатысты өндірушінің құзыреттілігін (Авторизациялық хат) қамтамасыз етуі керек.

Әлеуетті жеткізуші ұсынылып отырған жабдықтың тоқтатылмағандығына және тапсырыс беруші жасаған техникалық сипаттамаға сәйкес жеткізілуіне өндірушінің (өндіруші компанияның) хатымен дәлелденуі керек.

Әлеуетті жеткізуші өндіруші компанияның (өндіруші компания) уәкілетті сервистік серіктесі мәртебесін растауы керек.

Штатта жабдықтар бойынша өндірушінің сертификаты бар кемінде 2 (екі) сертификатталған инженерлер болуы керек, олардың біліктілігін растайтын сертификаттармен бірге.

Барлық жеткізілетін жабдық жаңа, тапсырыс берушінің техникалық сипаттамаларына сәйкес немесе одан жоғары болуы керек.

Әлеуетті жеткізуші жабдық үшін шығарылған орнын және Қазақстан Республикасы стандарттарына сәйкестігін растайтын сертификаттарды беруі керек.

Жеткізілетін жабдықтың барлық компоненттері толықтай техникалық сипаттамаларға сәйкес болуы және бір-бірімен толықтай үйлесу керек.

Негізгі орнату және баптау жұмыстары жабдықтың бағасына кіреді.

Жеткізу өнімнің бағасына кіреді.

Әлеуетті жеткізуші жабдықталған барлық жүйелерді сертификатталған мамандар (жұмысшылар) арқылы толықтай жұмыс істеу жағдайында орнату, қосу және жұмысқа жарамдылығын қамтамасыз етуі керек.

Техникалық сипаттама және бағдарламалық өнімдердің сипаттамалары Қосымша №1-де берілген.

Тендерлік өтінімдерді бағалау критерийлері:

  • әлеуетті жеткізушінің жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкестігі;
  • тендерлік өтінімнің техникалық сипаттамаларының тендерлік құжаттамаға сәйкестігі;
  • ұсынылған баға;
  • төлем шарттары;
  • жабдықтарды жеткізу мерзімі.

Тендерге қатысу үшін келесі құжаттар пакеттері ұсынылуы керек:

1 пакет: Заңды құжаттама

1) тендерге қатысуға өтінім арнайы формада, осы хаттың 2-қосымшасына сәйкес қазақ/орыс тілдерінде;

2) құрылтай құжаттарының нотариалды расталған көшірмелері, заңды тұлғаның тіркелуі/қайта тіркелуі туралы куәлік (Жарғы, қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік);

3) мемлекет лицензиялаған қызметтерді (сатып алынатын тауарлар/жұмыстар/қызметтер лицензиялауға жататын болса) жүзеге асыруға лицензияның көшірмесі (тексеру үшін оригинал);

4) жабдықтаушының уәкілетті өкілін нотариалды расталған куәлік көшірмесі;

5) өкілеттік өкілге тендерге қатысуға жабдықтаушының сенідемесі;

2 пакет: Қаржылық құжаттама

1) заңды тұлға анкеталарын ішкі бақылау қағидаларына сәйкес легализацияға (ақша жууға) қарсы және терроризмді қаржыландыруға қарсы «Нұрбанк» АҚ-нда толтыру;

2) қызмет көрсетуші банктен кандидатты растау, банктен қарыздың жоқтығын растайтын анықтаманың түпнұсқасы;

3) 2017 жылға заңды тұлғалардың қаржылық есептілігінің көшірмелері (немесе 2017 жылдың бірінші жартыжылдығы), заңды тұлғаның мөрімен бекітілген, тіркелгендігінің деректерінің болуы;

4) жабдықтаушының тіркелген орны бойынша салық комитетінен салықтарды төлеуге қарыздың жоқтығын растайтын анықтаманың түпнұсқасы;

5) бұрын серіктес болған және ынтымақтастық тәжірибесі мен сипаттамаларын, оның ішінде міндеттемелерді мерзімді, толық орындауды қамтитын заңды тұлғалардың/жеке кәсіпкерлердің ұсыныстары мен пікірлерінің көшірмелері (қол жетімді болғанда);

6) материалдық-техникалық базаның бар болуы туралы мәліметтер;

7) баға ұсыныстары;

8) электрондық сауда алаңында тіркеу туралы ақпараттың болуы (қол жетімді болғанда);

9) корпоративтік табыс салығы бойынша тендер өткізуге дейінгі 2 жылға декларациялардың көшірмелері. Салық есебінде алдыңғы екі жылдың шығыны болған жағдайда, қатысушы ұсынған тауардың/қызметтің бағасын негіздеу керек (сатып алынған тауарлар/жұмыстар/қызметтер халықаралық экономикалық мәміленің нысаны болып табылатын болса).

3 пакет: Басқа құжаттама

1) техникалық сипаттама, жеткізу шарттары, мерзімдері.

2) Алматы қаласында сервистік орталықтың болуы. (атауы, мекенжайы, байланыс деректеріне қатысты ақпаратты беру).

3) Әлеуетті жеткізуші өз тендерлік өтінімін дайындау және тапсыру шығындарын өз мойнына алады, ал Банк пен тендерлік комиссия бұл шығындар үшін жауап бермейді және міндеттілікті қарастырмайды.

Біздің тарапымыздан, Банктің тендерлік комиссиясы тендерлік өтінімдерді қарауға, бағалауға және салыстыруға қатысушы әлеуетті жеткізушілерге немесе оларды ресми түрде қарауға, бағалауға және салыстыруға қатыспайтын кез-келген тұлғаға қатысты ақпаратты жарияламауға құқылы екенін ескертеміз.

Нұрбанк» АҚ тендердің өткізілуін жоюға немесе кейінге қалдыруға және тендерлік өтінім берген әлеуетті жеткізушілерге тендердің жойылғанын немесе уақытты ауыстыру туралы жазбаша хабарлама жасауға құқылы.

Әлеуетті жеткізуші тендерлік құжатты тапсырған түпкілікті мерзімінен бұрын өз өтінімін өзгертуге немесе алып тастауға құқылы.

Тендер әлеуетті жеткізуші қызметтерінің өкілетті өкілімен немесе онсыз ұйымдастырылады, егер өкілетті өкілі тендерге қатыспаса.

Тендерлік құжаттаманы тапсырудың түпкілікті мерзімі 2018 жылғы 29 қаңтар, 12:00 сағат.

Байланыс тұлғалары:

Заңды және қаржылық құжаттама пакеттерін қалыптастыру жайлы сұрақтар бойынша Теленкина Юлия Викторовнаға хабарласыңыз

Тел. 2 599 710 ішкі. 4624 YTelyonkina@nurbank.kz

Техникалық тапсырмаға қатысты басқа құжаттама пакетін қалыптастыру жайлы сұрақтар бойынша Бирш Тимур Владимировичке хабарласыңыз

Тел. 2 599 710 ішкі. 5513 TBirsh@nurbank.kz

№1 қосымша Техникалық тапсырма (жүктеу.doc, 35 КБ)