Құрметті ханымдар мен мырзалар!
«Нурбанк» АҚ мақсатты шабуылдардан қорғайтын және анти-вирустық жүйелер мен спам сүзгілерді сатып алу бойынша ашық тендер өткізетіндігін жариялауда және ықтимал жеткізушілерді ашық тендерге қатысуға шақырады, ол 2017 жылдың 15 маусымында сағат 14:30-де «Нурбанк» АҚ ғимаратында, Алматы қ., Абая даңғылы, 10 «В», 310-кабинетінде өтеді.
Құжаттарды жинау мерзімі: 2017 жылғы 14 маусым, сағат 12:00-ге дейін, Алматы қ., Абая даңғылы, 10 «В», кеңсе, 204-кабинет
Тендерге заңды тұлғалар (қызметтерді жеткізушілер), қатыса алады, олар тендері басталған уақытта келесі талаптарға жауап беруі қажет:
Бағдарламалық өнімдердің техникалық сипаттамасы және сипаттамасы №5 Қосымшада көрсетілген.
Тендерлік өтініштерді бағалау критерийлері:
Тендерге қатысу үшін келесі құжаттар пакетін ұсыну қажет:
1 пакет: Заңды құжаттама
1) тендерге қатысу өтінімі;
2) құрылтай құжаттарының, заңды тұлғаны тіркеу/қайта тіркеу куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмелері (Жарғы, қосылған құн салығына тіркеу есепке қою куәлігі);
3) мемлекеттік лицензияланатын салаға қатысты лицензиялық қызмет түрлеріне қатысты лицензияның көшірмелері (тексеру үшін түпнұсқа);
4) жеткізуші өкілінің – уәкілетті тұлғасының жеке басын куәландыратын нотариалды куәландырылған құжат көшірмесі;
5) уәкілетті тұлғаға тендерге қатысуға арналған жеткізуші сенімхаты;
2 пакет: Қаржылық құжаттама
1) баға ұсыныстары;
2) кірістерді жууға қарсы ішкі бақылау ережелеріне сәйкес заңды тұлғаның сауалнамаларын толтыру;
3) тіркеуші банк қызметінен алынған үміткердің банк реквизиттері мен банк алдындағы мерзімі өткен қарыздардың жоқтығын растайтын анықтама түпнұсқасы;
4) заңды тұлғалар үшін бір жылға арналған қаржылық есеп-қисаптардың көшірмелері, заңды тұлғаның мөрі арқылы расталған, жеке кәсіпкерлер үшін салық декларацияларының көшірмелері, мөрі бар болған жағдайда мөрмен расталады;
5) жеткізушінің тіркелген жеріндегі Салық комитетінен салық төлемдері бойынша қарызының жоқтығын растайтын анықтама түпнұсқасы;
6) бұрын әкімші болған заңды тұлғалардың/жеке кәсіпкерлердің ұсынымдары мен пікірлерінің көшірмелері, тәжірибенің өзектілігін, міндеттемелерді толық орындауды және т.б. қамтитынды анықтайтын сипаттамалары бар (болған жағдайда);
7) материалдық-техникалық базаның бар болуы туралы мәліметтер;
3 пакет: Басқа құжаттама
1) техникалық сипаттамалар, жеткізу шарттары, мерзімдер.
2) ықтимал жеткізушілер үшін өндіруші компаниялардан рұқсат хаттардың болуы:
3) Ықтимал жеткізушінің нарықта 2 жылдан кем емес жұмыс істеген мерзімі.
4) Болса, Қазақстан Республикасының аумағындағы ірі табысты жобаларды ұсыну.
5) Жеткізу тапсырыс берушінің мекенжайына толықтай және бір мезетте жүзеге асырылуы керек.
6) Ықтимал Жеткізуші өзінің тендерлік өтінімін дайындау және ұсынумен байланысты барлық шығындарды көтереді, ал Банк және тендерлік комиссия осы шығындар үшін жауап бермейді және міндетте емес, тендердің сипаты мен нәтижелеріне қарамастан.
Біздің тарапымыздан, Тендерлік комиссия Банктің тендерлік өтінімдерді қарауға, бағалауға және салыстыруға қатыспайтын тұлғаларға және басқа тұлғаларға бұл процедуралар туралы ақпаратты хабарламауда құқығы бар екенін ескертеміз.
«Нурбанк» АҚ тендерді жоюға және тендер ұсыныстарын ұсынған ықтимал жеткізушілерге тендерді жою немесе жаңа күнді көрсете отырып кейінге шегеру туралы жазбаша хабарлама жіберуге құқылы.
Ықтимал жеткізуші соңғы мерзімі өткенге дейін өз өтінімін өзгерте немесе қайтарып ала алады.
Тендер қызметтердің ықтимал жеткізушінің уәкілетті тұлғасының қатысуымен немесе онсыз, егер уәкілетті тұлға тендерге қатысуға қатыспаса, өтеді.
Тендерлік құжаттаманы ұсынудың соңғы мерзімі 2017 жылғы 14 маусым, сағат 12:00-де.
Байланыс тұлғалары:
Кебекпаев Жаслан Серикович
Тел.+7 (727) 2 599 710 қос 4007 Zkebekpaev@nurbank.kz