Құрметті ханымдар мен мырзалар!
«Нурбанк» АҚ көшірме-қою машинасына арналған шығыс материалдардың жеткізіп берушісін таңдау және «Нурбанк» АҚ көшірме-қою техникасына қызмет көрсету ашық тендер өткізілетінін хабарлап, әлеуетті жеткізушілерді қатысуға шақырады. Тендер 2017 жылғы 6 сәуірде сағат 14:00-де «Нурбанк» АҚ ғимаратында, Алматы қаласы, Абая даңғылы, 10В, 3 қабат, 310 бөлме, конференц-залда өтеді.
Тендер түрі: ашық.
Тендердің басталуы: 2017 жылғы 6 сәуірде сағат 14:00-де, мекен жайы: Абая даңғылы, 10В, 3 қабат, 310 бөлме, конференц-зал;
Тендердің аяқталуы: 2017 жылғы 6 сәуірде сағат 15:00-де.
Ұсыныстарды жинау мерзімі: 2017 жылғы 4 сәуірде сағат 12:00, мекен жайы: Абая даңғылы, 10В, 204 бөлме.
Тендерге 2-қосымшасында келтірілген критерийлерге сай келетiн әлеуетті жеткізушілер қатыса алады.
Техникалық спецификация 1-қосымшада берілген.
Тендерге қатысу үшін мынадай құжаттар пакеттерін ұсыну қажет:
1 пакет: Құқықтық құжаттар
1) тендерге қатысуға өтінім арнайы формаға сәйкес, осы хатқа 2-қосымшаға сай қазақ/орыс тілдерінде;
2) заңды тұлғаны тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік, учредительдік құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері (Жарғы, қосылған құн салығына есепке қою туралы куәлік);
3) лицензияның көшірмелері (нақтылау үшін түпнұсқасы) мемлекеттік лицензияланған жұмыс/қызмет/тауар сатып алу үшін;
4) жеткізушінің уәкілетті өкілі – тұлғаның жеке басын куәландыратын нотариалды куәландырылған құжат көшірмесі;
5) тендерге қатысу үшін жеткізушінің уәкілетті тұлғасына берілген сенімхат;
2 пакет: Қаржылық құжаттар
1) баға ұсыныстары;
2) юр. тұлғаның ішкі бақылау ережелеріне сәйкес толтырылған анкеталары, заңсыз алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстыруға) қарсы тұру мен терроризмді қаржыландыруға қатысты «Нурбанк» АҚ;
3) үміткердің банк алдындағы мерзімі өтіп кеткен қарызының жоқтығын растайтын, үміткердің банктік деректемелерін растайтын қызмет көрсететін банктен алынған анықтаманың түпнұсқасы;
4) бір жылға арналған юр. тұлғалар үшін қаржылық есептіліктің көшірмелері, юр. тұлға мөрімен куәландырылған, жеке кәсіпкерлер үшін салық декларациялары, мөрмен (болса) куәландырылған;
5) жеткізушінің тіркеу орны бойынша Салық комитетінен салық төлемдері бойынша қарыздың жоқтығын растайтын анықтаманың түпнұсқасы;
6) бұған дейін жеткізушімен жұмыс істеген юр. тұлғалардың/жеке кәсіпкерлердің ұсыныстары мен пікірлері, тәжірибе сәйкестіктерінің, міндеттемелерді орындау мерзімділігі, толықтығы және басқалары жөніндегі бағалары мен мінездемелері (болса);
7) материалдық-техникалық база туралы ақпарат;
8) үміткердің ЭСФ-да тіркелу туралы мәліметі (болса);
9) Тендер өткізілгенге дейінгі 2 (екі) жылдың корпоративтік табыс салығы бойынша декларациялардың көшірмелері. Соңғы екі жылда салық есебінде шығындар болған жағдайда қатысушыдан ұсынылған тауардың/қызметтің бағасын негіздеу қажет (тауарларды/жұмыстарды/қызметтерді сатып алуда, одан әрі халықаралық іскерлік операцияны құрайтын).
3 пакет: Басқа құжаттар
1) техникалық сипаттама, жеткізу шарттары, мерзімдер;
2) әлеуетті жеткізушілер үшін "Қосымша шарттарға" сәйкес келісімнің талаптарын орындау келісімі;
3) бұрын Қазақстан Республикасының аумағында ірі ірі жобаларды іске асырған жағдайда ұсыныныстар;
4) жеткізу шарттары;
5) әлеуетті жеткізуші тендерге қатысуға өзінің жұмсаған шығындары үшін өзі жауап береді, ал Банк пен тендер комиссиясы осы шығындар үшін жауап бермейді және міндеттелмейді, тендер өткізілуінің сипатына және нәтижелеріне қарамастан.
Біздің тараптан айта кететініміз, Банктің тендерлік комиссиясы қызмет көрсетушілердің әлеуетті жеткізушілерге немесе тендерлік өтінімдер қаралған, бағаларының салыстырылғаны туралы ресми қатыспайтын кез келген басқа тұлғаға бұл туралы ақпаратты жариялау құқығы жоқ.
«Нурбанк» АҚ тендердің өткізілетінін жазбаша ескерту арқылы өткізу кейінгі мерзімге ауыстыруға және тендердің күшін жоюға құқылы, жазбаша ескерту жасап тендерлік өтінімдер ұсынған әлеуетті жеткізушілерге жаңа өткізу күнін көрсете отырып хабарлайды.
Әлеуетті жеткізуші тендерлік өтінімдерді беру үшін соңғы мерзімге дейін өз өтінімдерін өзгертуге немесе кері қайтарып алуға құқылы.
Тендер әлеуетті қызмет көрсетушінің уәкілетті тұлғасының қатысуымен немесе онсыз, егер уәкілетті болмаса, өткізіледі.
Байланыс тұлғалары:
Қазымжанов Сейтжан Тлешұлы
Тел.+7 (727) 2 599 710 ішкі 4661 sgazymzhanov@nurbank.kz
Қосымшалар:
№ 1. Техникалық шарт (жүктеу.docx, 83 KБ)
№ 4. Тендерге қатысу өтінімі (жүктеу.doc, 83 KБ)