Ақша қаражатын өңдеуге арналған кассалық шығыс материалдарын жеткізушіні таңдау жөніндегі тендер

Ақша қаражатын өңдеуге арналған кассалық шығыс материалдарын жеткізушіні таңдау жөніндегі тендер

08.02.2017

Құрметті ханымдар мен мырзалар!

«Нұрбанк» АҚ ашық тендер жариялайды және қолма-қол ақша өндейтін кассалық шығын материалдарын жеткізушіні таңдау үшін тендерге әлеуетті жеткізушілерді қатысуға шақырады. Тендер 2017 жылдың 16-ақпанында сағат 14:30-да «Нұрбанк» АҚ ғимаратында, Алматы қ., Абай д., 10В мекенжайы бойынша өтеді.

Тендер түрі: ашық.

Тендердің басталуы: 2017 жылдың 16-ақпанында сағат 14:30-да «Нұрбанк» АҚ ғимаратында, Алматы қ., Абай д., 10В, 3-қабат, 310 үлкен конференц-зал;

Тендердің аяқталуы: 2017 жылдың 16-ақпанында сағат 16:00.

Ұсыныстарды жинау мерзімі: 2017 жылдың 14-ақпанында сағат 13:00, Алматы қ., Абай д., 10В мекенжайы бойынша.

Тендерге Қосымша №2-де көрсетілген талаптарға сәйкес келетін әлеуетті жеткізушілер жіберіледі.

Техникалық сипаттама Қосымша №1-де берілген.

Бар болған жағдайда қаржы институттарынан ұсыныс хаттарын ұсыну.

Тендерге қатысу үшін келесі құжаттар пакетін ұсыну қажет:

1 пакет: Заңды құжаттама
1) тендерге қатысуға өтінім белгіленген нысан бойынша, осы хатқа Қосымша №3 сай;
2) құрылтай құжаттарының, заңды тұлғаны тіркеу/қайта тіркеу туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмелері (Жарғы, қосымша құн салығы бойынша есепке қойылу туралы куәлік);
3) нақты мемлекет лицензиялауды талап ететін қызметтің лицензиясының көшірмелері (түпнұсқасы тексеру үшін);
4) жеткізушінің өкілінің жеке басын куәландыратын нотариал куәландырылған көшірмесі;
5) Тендерге қатысу үшін жеткізуші өкіліне сенімхат;

2 пакет: Қаржылық құжаттама
1) баға ұсыныстары;
2) Нұрбанк АҚ заңсыз кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес мақсатында ішкі бақылау Ережелеріне сәйкес толтырылған заңды тұлғаның сауалнамалары;
3) үміткерге жүктелген банк борышы жоқтығын растайтын банк қызмет көрсетушісінің түпнұсқа анықтамасы, банк реквизиттері;
4) заңды тұлғалардың мөрімен расталған бір жылдық қаржылық есептің көшірмелері, жеке кәсіпкерлердің мөрі арқылы расталған салық декларациялары (бар болғанда);
5) жеткізушінің салық төлеу бойынша берешегінің жоқтығы туралы тіркеу орнындағы салық комитетінің түпнұсқа анықтамасы;
6) жеткізушімен бұрын жұмыс істеген заңды тұлғалардың/жеке кәсіпкерлердің ұсыныстары мен пікірлерінің көшірмелері, ынтымақтастықтың уақтылығы мен толық орындалуы сияқты сипаттамалары бар (бар болғанда);
7) материалдық-техникалық база туралы ақпарат;
8) ЭТП тіркелгені туралы мәлімет (бар болса);
9) тендер өткізуге дейінгі екі жыл бойынша корпоративті табыс салығы декларацияларының көшірмелері. Егер алдыңғы екі жыл ішінде салық есебінде шығындар болған жағдайда, қатысушы берілетін тауар/қызмет бағасының негіздемесін ұсынуы қажет (халықаралық іскерлік операциялардың нысаны болып тауарлар/жұмыстар/қызметтердің сатып алулары бойынша).

3 пакет: Басқа құжаттама
1) техникалық сипаттамалар, жеткізу шарттары, мерзімдері;
2) әлеуетті жеткізушілерге «Келісім талаптарының қосымша талаптарын» орындауға келісім беруі;
3) кассалық шығын материалдар нарығында әлеуетті жеткізушінің ең кемі 1(бір) жыл болуын растайтын құжаттар;
4) үлкен табысты жобалар туралы ұсыныстар (бар болғанда) Қазақстан Республикасының аумағында;
5) жеткізу шарттары;
6) әлеуетті Жеткізуші өзінің тендерлік өтінімін дайындау және беру шығындарының барлық шығындарын өз мойнына алады, ал Банк пен тендерлік комиссия бұл шығындарға байланысты ешқандай жауапкершілікті қабылдамайды.

Өз тарапына банк тендерлік комиссиясы тендерлік өтінімдерді қарауға қатыспайтын қызмет көрсету потенциалды жеткізушілеріне немесе басқа тұлғаларға қарау, бағалау және салыстыру туралы ақпаратты ашпау құқығына ие екенін атап көрсетеді.

«Нұрбанк» АҚ тендерді потенциалды жеткізушілерге тендерді тоқтату немесе кейінге қалдырған жағдайы және жаңа күні туралы жазбаша хабарлама жасау құқығына ие.

Әлеуетті жеткізуші өзінің өтінімін түпкілікті беру мерзімі өткенге дейін өзгертуге немесе қайтарып алуға құқылы.

Тендерді қызмет көрсету мінездемесімен немесе жоқ жағдайда өкілетті тұлғаның қатысуымен немесе қатыспауымен өткізуге болады.

Байланыс тұлғалары:

Имашева Нұргүл Рысбайқызы
Тел.+7 (727) 259 97 10 ішкі 5080 Nimasheva@nurbank.kz

Қосымшалар:

Қосымша №1. Техникалық тапсырма (жүктеу .docx, 83 КБ)

Қосымша №3. Тендерге қатысу өтінімі (жүктеу .doc, 83 КБ)

Қосымша №4. Қатысушының сұралмалағы (жүктеу .doc, 45 КБ)