«Нұрбанк» АҚ ашық тендері

«Нұрбанк» АҚ ашық тендері

26.09.2016

Қосымша №4. Таңдау критерийлері

«Нурбанк» АҚ жабдықтар мен McAfee бағдарламалық жасақтамасын қолдау лицензияларын сатып алуға арналған ашық тендердің өткізілетінін жариялайды және әлеуетті жеткізушілерді 2016 жылғы 6 қазанда сағат 14:30-да Алматы қ., Абай даңғ., 10 «В» үйінде, 310 кабинетте өтетін ашық тендерге қатысуға шақырады.

Құжаттар жинау мерзімі: 05-10-2016 12:00 дейін, мекенжайы: Алматы қ., Абай даңғ., 10 «В» үйі, кеңсе, 204 кабинет
Тендерге заңды тұлғалар (қызмет көрсетуші әлеуетті жеткізушілер) қатыса алады, олар тендер өткізу сәтінде келесі талаптарға сай болуы тиіс:

  • кәсіби біліктілікке және жұмыс тәжірибесіне ие болу, қызмет көрсету шартына сәйкес міндеттемелерді орындау үшін қажетті қаржылық, материалдық және еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілу;
  • бұрын жасалған шарттар бойынша «Нурбанк» АҚ тарапынан ешқандай шағымдары болмауы;
  • төлем қабілетті болуы, жойылуға жатпау, оның мүлкіне арест салынбау, оның қаржылық-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен тоқтатылмауы;
  • қызмет көрсету шартына қол қою сәтінде және тендерге қатысу өтінімін беру сәтінде салықтар мен басқа міндетті төлемдерді бюджетке төлеу бойынша өз міндеттемелерін орындаған болуы;

Бағдарламалық өнімдердің техникалық сипаттамалары және сипаттамасы Қосымша №5-те келтірілген.

Тендерлік өтінімдерді бағалау критерийлері:

  • әлеуетті жеткізушінің жоғарыда аталған талаптарға сәйкестігі;
  • тендерлік өтінімнің тендерлік құжаттаманың техникалық сипаттамаларына сәйкестігі;
  • ұсынылған баға;
  • төлем шарттары;
  • жабдықтарды жеткізу мерзімдері.

Тендерге қатысу үшін келесі құжаттар пакеттерін ұсыну қажет:

1 пакет: Заңды құжаттама

1) тендерге қатысуға өтінім;
2) құрылтай құжаттарының нотариалды куәландырылған көшірмелері, заңды тұлғаны тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік (Жарғы, қосылған құн салығы бойынша есепке алу куәлігі);
3) мемлекеттік лицензиялауға жататын қызмет түрлерінің лицензиялық көшірмелері (тексеру үшін түпнұсқа) (сатып алынған тауарлар/жұмыстар/қызметтер бойынша қызмет лицензиялауға жататын болса);
4) нотариалды куәландырылған өкіл тұлғаның — жеткізушінің өкілі ретінее куәландыратын құжат;

  • тендерге қатысуға өкілетті тұлғаға берілген сенімхат
  • 2 пакет: Қаржылық құжаттама

    1) бағалық ұсыныстар;
    2) заңды тұлға сауалнамасы, заңсыз жолмен табылған табыстарды заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы Нұрбанк АҚ ішкі бақылау ережелеріне сәйкес толтырылған;
    3) банкке қызмет көрсету банкінен, өтініш берушінің банк алдындағы мерзімі өткен берешектерінің жоқтығын растайтын түпнұсқа анықтама;
    4) заңды тұлғалардың жылдық қаржылық есеп беру көшірмелері, заңды тұлға мөрімен, оның ішінде оның мөрі болған жағдайда жеке кәсіпкерлердің салық декларацияларымен расталған;
    5) салықтарды төлеу бойынша берешектің жоқтығы жөніндегі жеткізушінің тіркеу орны бойынша Салық комитетінің түпнұсқа анықтамасы;
    6) жеткізушімен бұрын ынтымақтасқан заңды тұлғалардан/жеке кәсіпкерлерден алынған ұсынымдар мен пікірлердің көшірмелері, ынтымақтастықтың мерзімдері, міндеттемелерді толық орындау және т.б. сипаттамаларын қамтитын;
    7) материалдық-техникалық базаның болуы жөнінде мәліметтер;

    3 пакет: Басқа құжаттама

    1) техникалық сипаттамалар, қызмет көрсету шарттары, мерзімдері.
    2) Қазақстан Республикасында ірі және табысты жобалар бойынша ұсынымдар беру (болған жағдайда).
    3) Тапсырыс берушінің мекенжайына жеткізу толық көлемде бір мерзімде жүзеге асырылуы тиіс.
    4) Әлеуетті жеткізуші өзінің тендер өтінімін дайындау және беру шығындарын дербес көтереді, ал Банк пен тендерлік комиссия осы шығындар үшін жауап бермейді және оларды көтермейді, тендердің өткізілу сипатына және нәтижелеріне қарамастан.

    Банк тендерлік комиссиясы банктің тендерлік өтінімдерді қарастыратын, бағалайтын және салыстыратын ресми қатыспаған тұлғаларға, әлеуетті қызмет жеткізушілерге тендерлік өтінімдерді қарастыруға, бағалауға және салыстыруға қатысты ақпаратты ашпауды құқығына ие.

    «Нурбанк» АҚ тендерді жазбаша түрде хабардар ету арқылы, тендерлік өтінімдерін ұсынған әлеуетті жеткізушілерге тендерді тоқтату немесе кейінге қалдыру туралы, жаңа өткізу уақытымен бірге көрсетіп хабарлайды.

    Әлеуетті жеткізушінің тендерлік өтінімін соңғы мерзімге дейін өзгертуге немесе қайтарып алуға құқығы бар.

    Тендер әлеуетті қызмет жеткізушінің уәкілетті тұлғасының қатысуымен немесе онсыз жүргізіледі, егер уәкілетті тұлға тендерге қатыспаса.
    Тендерлік құжаттаманы тапсырудың соңғы мерзімі 2016 жылғы 6 қазан, сағат 12:00.

    Контактілер:
    Жаслан Серикович Кебекпаев
    Тел.+7 (727) 2 599 710 ішкі. 4007 Zkebekpaev@nurbank.kz
    Моб. +7 707 888 7920

    Марат Гильманович Лиманов
    Тел.+7 (727) 2 599 710 ішкі. 4009 Mlimanov@nurbank.kz
    Моб. +7 707 331 0156

    Қосымшалар:

    Қосымша №1. Хабарландыру (жүктеу .doc, 98 КБ)

    Қосымша №3. Заңды тұлға сауалнамасы (жүктеу .doc, 83 КБ)

    Қосымша №5. Техникалық сипаттама (жүктеу .docx, 83 КБ)