«Нұрбанк» АҚ ашық тендері

«Нұрбанк» АҚ ашық тендері

01.07.2016

Құрметті ханымдар мен мырзалар!

«Нұрбанк» АҚ жыл сайын PCI DSS стандартына сәйкестігін аудитін өткізу бойынша ашық тендерді жариялайды және 2016 жылғы 21 шілдеде сағат 14:30-да «Нұрбанк» АҚ ғимаратында өтетін ашық тендерге әлеуетті жеткізушілерді қатысуға шақырады, мекенжайы: Алматы қ., Абая даңғ., 10 В, 310 кабинет.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 20-07-2016 12:00 дейін, мекенжайы: Алматы қ., Абая даңғ., 10 В, кеңсе, 204 кабинет.

Тендерге қатысуға құқықты заңды тұлғалар (қызмет көрсетудің әлеуетті жеткізушілері), төмендегідей талаптарға сай болуы қажет:

  • жоғары кәсібилік және жұмыс тәжірибесіне ие болу, келісімшарт талаптарына сәйкес міндеттерді орындау үшін қажетті қаржылық, материалдық және еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілген болу;
  • «Нұрбанк» АҚ тарапынан бұрын жасалған келісімшарттар бойынша шағымдардың болмауы;
  • төлем қабілетті, жойылуға жатпайтын, оның мүлкі қамауға алынбаған, оның қаржылық-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен тоқталмаған болуы тиіс;
  • тендерге қатысу өтінімін беру және қызмет көрсету туралы келісімшарт жасасу кезінде салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді бюджетке төлеу бойынша міндеттемелерін орындаған болуы тиіс;

Техникалық сипаттамалар және қызметтердің сипаттамасы №5 Қосымшада берілген.

Тендерлік ұсыныстарды бағалау өлшемдері:

  • әлеуетті жеткізушінің жоғарыда аталған талаптарға сәйкестігі;
  • тендер ұсынысының тендерлік құжаттаманың техникалық спецификацияларына сәйкестігі;
  • ұсынылған баға;
  • төлем шарттары;

Тендерге қатысу үшін келесі құжаттар пакеті ұсынылуы қажет:
1 пакет: Заңды құжаттама
1) тендерге қатысу туралы өтінім;
2) нотариалдық куәландырылған құрылтай құжаттарының көшірмелері, заңды тұлғаны тіркеу/қайта тіркеу куәлігі (Жарғы, ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою куәлігі);
3) мемлекет лицензиялайтын қызмет түрін жүзеге асыруға берілген лицензиялардың көшірмелері (түпнұсқасы салыстыру үшін);
4) жеткізушінің өкілі болатын уәкілетті тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;
5) Тендерге қатысу үшін уәкілетті тұлғаға берілген жеткізушінің сенімхаты;
2 пакет: Қаржылық құжаттама

1) бағалар ұсыныстары;
2) «Нұрбанк» АҚ-та заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы әрекет ету мақсатына сәйкес заңды тұлғаның толтырылған сауалнамасы;
3) кандидаттың банк алдында кешіктірілген берешегінің жоқтығын растайтын қызмет көрсетуші банктен алынған анықтама түпнұсқасы;
4) соңғы бір жылға заңды тұлғалар үшін қаржылық есептілік көшірмелері, мөрмен расталған, жеке кәсіпкерлер үшін салық декларациялары, мөрмен расталатын болса;
5) берешектің жоқтығын растайтын салық комитетінен берілген анықтаманың түпнұсқасы;
6) бұрын жеткізушімен жұмыс істеген заңды тұлғалар/жеке кәсіпкерлердің ұсыныстар мен пікірлерінің көшірмелері, тәжірибе сипаттамасы мен бағаларын қамтитын, міндеттемелердің уақтылы және толық орындалуы және т.б. (бар болса);
7) материалдық-техникалық базаның бар екендігі туралы ақпарат;
3 пакет: Басқа құжаттама

1) техникалық спецификациялар, қызмет көрсету шарттары, мерзімдері.

2) Қазақстан Республикасының аумағындағы ірі табысты жобаларына қатысты ұсыным берілсе.
3) Жеткізу тапсырыс берушінің мекенжайы бойынша толық көлемде бір мезгілде жүзеге асырылуы тиіс.
4) Әлеуетті жеткізуші өзінің тендерлік өтінімін дайындау және беруіне қатысты барлық шығындарды өзі көтереді, ал Банк және тендерлік комиссия сол шығындарды, тендердің жүргізілу сипаты мен нәтижесіне қарамастан, өтемейді және жауапкершілік тартпайды.

Өз тарапымыздан атап өтеміз, Банктың Тендерлік комиссиясы әлеуетті қызмет жеткізушілеріне немесе ресми түрде тендер ұсыныстарын қарастыруға, бағалауға және салыстыруға қатыспайтын кез келген басқа тұлғаларға тендерлік ұсыныстарды қарастыру, бағалау және салыстыруға қатысты ақпаратты жарияламауға құқылы.

«Нұрбанк» АҚ тендердің өтпейтінін немесе кейінге шегерілетінін және тендер өткізуді тоқтату немесе кейіпінің өзгерту арқылы жаңа күнін жариялау туралы тендерлік ұсыныстарды ұсынған әлеуетті жеткізушілерге жазбаша хабарлама жіберуге құқылы.

Әлеуетті жеткізуші өзінің өтінімін өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімінен бұрын өзгертуге немесе қайтарып алуға құқылы.

Тендер әлеуетті қызмет көрсетушінің уәкілетті қатысуымен немесе ол болмаған жағдайда уәкілетті тұлға қатыспаса да өткізіледі.
Тендерлік құжаттаманы ұсынудың соңғы мерзімі 2016 жылғы «20» шілдеде сағат 12:00.

Байланыс тұлғалары:
Кебекпаев Жаслан Серикович
Тел.+7 (727) 2 599 710 ішкі 4007 Zkebekpaev@nurbank.kz
Моб. +7 707 888 7920

Лиманов Марат Гильманович
Тел.+7 (727) 2 599 710 ішкі 4009 Mlimanov@nurbank.kz
Моб. +7 707 331 0156

Қосымшалар:

Қосымша №1. Хабарландыру (жүктеу .doc, 98 KБ)

Қосымша №3. Заңды тұлға сауалнамасы(жүктеу .doc, 83 KБ)

Қосымша №5. Техникалық спецификация(жүктеу .docx, 83 KБ)