Құрметті ханымдар мен мырзалар!
«Нұрбанк» АҚ PCI DSS стандартына сәйкестікті жыл сайынғы аудиттен өткізуге ашық тендердің өткізілетіндігі туралы хабарлайды және әлеуетті жеткізушілерді 2016 жылғы 30 маусымда сағат 14:30-да Алматы қаласы, Абай даңғылы, 10 «В», 310 бөлмеде өтетін ашық тендерге қатысуға шақырады.
Құжаттарды тапсыру мерзімі: 29.06.2016 12:00 сағатына дейін, адресі: Алматы қаласы, Абай даңғылы, 10 «В», 204 бөлме.
Тендерге келесі талаптарға сәйкес келетін заңды тұлғалар (қызметтерді әлеуетті жеткізушілер) қатыса алады:
Техникалық сипаттама және қызметтердің сипаттамасы №5 Қосымшада берілген.
Тендерлік өтінімдерді бағалау критерийлері:
Тендерге қатысу үшін келесі құжаттар пакеттері ұсынылуы қажет:
1 пакет: Заңдық құжаттама
1) тендерге қатысу өтінімі;
2) заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының, тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлігінің (Жарғы, қосылған құн салығы бойынша тіркеуге қою куәлігі) нотариалды куәландырылған көшірмелері;
3) мемлекет тарапынан лицензиялауға жататын қызмет түрлері бойынша лицензияның көшірмесі (растау үшін түпнұсқасы);
4) жеткізушінің өкілі – уәкілетті тұлғаны куәландыратын нотариалды куәландырылған құжаттың көшірмесі;
5) Тендерге қатысуға уәкілетті тұлғаға берілген жеткізуші сенімхаты;
2 пакет: Қаржылық құжаттама
1) баға ұсыныстары;
2) «Нұрбанк» АҚ-та заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы ішкі бақылау ережелеріне сәйкес заңды тұлғаның толтырылған сауалнамалары;
3) үміткердің банк реквизиттерін, банк алдындағы өтелмеген қарызы жоқтығын растайтын қызмет көрсетуші банктен алынған түпнұсқа анықтама;
4) заңды тұлғалар үшін бір жылға арналған қаржылық есептіліктің көшірмелері, мөрімен куәландырылған, жеке кәсіпкерлер үшін салық декларациялары, мөрімен куәландырылған (бар болса);
5) жеткізушінің тіркелген жері бойынша Салық комитетінен алынған салықтар бойынша қарызының жоқтығы туралы түпнұсқа анықтама;
6) бұрын жеткізушімен жұмыс істеген заңды тұлғалар/жеке кәсіпкерлердің ұсыныс хаттары мен пікірлері, мерзімінде орындалуы, толық орындалу міндеттері туралы бағалаулар мен мінездемелерді қамтитын (бар болса);
7) материалдық-техникалық базаның болуы туралы мәліметтер;
3 пакет: Басқа құжаттама
1) техникалық сипаттамалар, қызмет көрсету шарттары, мерзімдері.
2) Республикалық Қазақстан аумағындағы ірі табысты жобалар бойынша ұсыныс хаттар берген жағдайда.
3) Жеткізілімді тапсырыс берушінің мекен-жайы бойынша толық бір жолмен жүзеге асыру.
4) Әлеуетті жеткізуші өз тендерлік өтінімін дайындау және тапсырумен байланысты барлық шығындарды толықтай өзі көтереді, Банк пен тендерлік комиссия бұл шығындар үшін жауап бермейді және міндеттеме алмайды, тендерді жүргізу сипатына және нәтижелеріне қарамастан.
Өз тарапымыздан, Банктің тендерлік комиссиясы тендерлік өтінімдерді қарау, бағалау және салыстыруға қатыспайтын әлеуетті қызмет көрсетушілерге немесе кез келген басқа тұлғаға ақпаратты ашпаутында құқығы бар екенін атап өтеміз.
«Нұрбанк» АҚ тендерді өткізуді немесе кейінге қалдыруды, тендерлік өтінімдер ұсынған әлеуетті жеткізушілерді жазбаша хабарлама арқылы, тендер өткізілмейтіндігі немесе кейінге қалдырылғаны туралы хабарлауға құқылы.
Әлеуетті жеткізуші өз өтінімін тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзіміне дейін өзгертуге немесе кері қайтарып алуға құқылы.
Тендер қызмет көрсетуші әлеуетті жеткізушінің уәкілетті тұлғасы қатысқан немесе қатыспаған жағдайда өткізіледі.
Тендерлік құжаттаманы ұсынудың соңғы мерзімі 2016 жылғы 29 маусым, 12:00 сағат.
Байланыс тұлғалары:
Кебекпаев Жаслан Серикович
Тел.+7 (727) 2 599 710 ішкі 4007 Zkebekpaev@nurbank.kz
Моб. +7 707 888 7920
Лиманов Марат Гильманович
Тел.+7 (727) 2 599 710 ішкі 4009 Mlimanov@nurbank.kz
Моб. +7 707 331 0156
Қосымшалар:
Қосымша №1. Хабарландыру (жүктеу .doc, 98 KБ)
Қосымша №3. Заңды тұлға сауалнамасы(жүктеу .doc, 83 KБ)
Қосымша №5. Техникалық сипаттама(жүктеу .docx, 83 KБ)