Құрметті ханымдар мен мырзалар!
«Нурбанк» АҚ Oracle бағдарламалық қамтылымының стандартты техникалық қолдауын ұзарту бойынша қызмет жеткізушіні таңдау үшін ашық тендер жариялайды:
және ықтимал жеткізушілерді 2016 жылғы 23 маусымда, сағат 14:30-да «Нурбанк» АҚ ғимаратында, мекенжайы: Абая көшесі, 10В, өтетін тендерге қатысуға шақырады.
Тендер түрі: ашық.
Тендердің басталуы: 23-06-2016, 14:30 с., мекенжайы: Абая көшесі, 10В;
Ұсыныстарды қабылдау: 21-06-2016, 18:00 с., мекенжайы: Абая көшесі, 10В, кеңсе;
Тендерге, төменде көрсетілген критерийлерге сәйкес келетін ықтимал жеткізушілер қатыса алады:
Техникалық сипаттамалары көрсетілген:
Тендерге қатысу үшін төмендегі құжаттар пакеттерін тапсыру қажет:
1 пакет: Құқықтық құжаттар
1) Тендерге қатысу үшін белгіленген пішін бойынша өтінім, Қосымша №2;
2) Нотариуспен куәландырылған құрылтай құжаттарының көшірмелері, заңды тұлғаның тіркеу/қайта тіркеу куәлігі (Жарғы, қосылған құн салығын есепке қою куәлігі);
4) Өкілетті тұлғаның, жеткізушінің өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;
5) Тендерге қатысу үшін өкілетті тұлғаға жеткізушінің сенімі;
2 пакет: Қаржылық құжаттар
1) «Нурбанк» АҚ кірістерді заңсыз алу жолымен заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы ішкі бақылау ережелеріне сәйкес толтырылған заңды тұлғаның анкеталары;
2) талапкердің банк реквизиттерін растайтын, банкте кешіктірілген берешегінсіз екендігін көрсететін банктен алынған түпнұсқа анықтама;
3) заңды тұлғалар үшін бір жылдық, орындалған мөрімен қаржылық есептің көшірмесі, болмаса, жеке кәсіпкерлер үшін салық декларацияларының көшірмесі;
4) жеткізушінің тіркеу орны бойынша салық төлемдерінің жоқтығы туралы Салық комитетінің түпнұсқа анықтамасы;
5) жеткізушімен бұрынғы серіктестіктердің заңды тұлғалар/жеке кәсіпкерлерден алған ұсыныс хаттардың және сараптама бағалауларының көшірмелері (егер болса);
6) материалдық-техникалық база жайлы мәліметтер;
7) стандартты қолдау бойынша және қосымша техникалық қызметтің кеңесші ұсыныстары бойынша бағалық ұсыныстар;
8) ӨҚП-де талапкердің тіркелуі туралы мәліметтер (егер болса);
9) екі жылға арналған корпоративтік табыс салығы декларацияларының көшірмелері. Егер екі жылдың ішінде салық есебінде шығындар болса, ұсынылған тауар/қызмет бағасының негіздемесін беру қажет (халықаралық іскерлік операцияның нысаны болып табылатын тауарлар/жұмыстар/қызметтерді сатып алу бойынша).
3 пакет: Басқа құжаттар
Банк Тендерлік комиссиясы тендерлік өтінімдерді қарау, бағалау және салыстыру жөніндегі ақпараттарды қызмет жеткізушілеріне немесе осы процесте ресми түрде қатыспайтын басқа тұлғаларға ашуға құқылы.
«Нурбанк» АҚ тендерді өткізбеу немесе кейінге қалдыру құқығын және жеткізілген өтінімдер жөніндегі жаңа өткізу күнін жазбаша хабарлау құқығын иеленеді.
Ықтимал жеткізушінің тендерлік өтінімді соңғы тапсыру мерзіміне дейін өзгерту немесе қайтарып алу құқығы бар.
Тендер тек қана өкілетті тұлғаның беделімен қосымша қызмет жеткізуші тұлғамен (өкілетті тұлға тендерге қатыспайтын болса) өтеді.
Қатысушылармен байланыс:
Техникалық талапқа қатысты қосымша құжат пакеттері бойынша сұрақтар үшін Тапалов Азамат Асхатовичқа байланысу
Тел.+7 (727) 250 67 68 ATapalov@nurbank.kz