Құрметті ханымдар мен мырзалар!
«Нурбанк» АҚ HSM 9000 ПИН-конверт шығару құрылғыларын сатып алу бойынша ашық тендер өткізілетінін хабарлайды және әлеуетті жеткізушілерді 2016 жылдың 16 маусымы күні 14:30 сағатта Алматы қаласы, Абай даңғылы, 10 «В», 310-кабинет мекенжайы бойынша өтетін осы тендерге қатысуға шақырады.
Құжаттарды жинау мерзімі: 2016 жылдың 15 маусымы 12:00-ге дейін, мекенжай: Алматы қаласы, Абай даңғылы, 10 «В», канцерия, 204-кабинет
Тендерге қатысу үшін қойылатын талаптар:
Техникалық спецификация және бағдарламалық өнімдердің сипаттамасы №5 қосымшада көрсетілген.
Тендерлік өтінімдерді бағалау критерийлері:
Тендерге қатысу үшін келесі пакет құжаттарды тапсыру қажет:
1-пакет: Заңды құжаттама
1) Тендерге қатысуға өтінім;
2) Заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының нотариялдық куәландырылған көшірмелері (жарғы, тіркеу/қайта тіркеу куәлігі);
4) Өкілетті тұлғаны куәландыратын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;
5) Тендерге қатысу үшін өкілетті тұлғаға берілген сенімхат;
2-пакет: Қаржылық құжаттама
1) Баға ұсыныстары;
2) Заңды тұлға сұхбаттары, кірістерді заңсыз жолмен легализациялау және терроризмді қаржыландыруға қарсы ішкі бақылау ережелеріне сәйкес;
3) Банк қызметтерін растау, банк алдындағы борыштың жоқтығын растау үшін банктен алынған түпнегізді анықтама;
4) Бір жыл ішіндегі қаржылық есеп беру көшірмелері, жеке кәсіпкерлер үшін салықтық декларацияларымен қоса;
5) Тіркеу орны бойынша салық комитетінен берілетін салық төлеу бойынша қарыздардың жоқтығын растайтын анықтама;
6) Бұрынғы серіктестерден алынған ұсыныстардың көшірмелері, тәжірибе анықтамаларының бағамы және сипаттамалары (бар болған жағдайда);
7) Материалдық-техникалық база жайлы ақпарат;
3-пакет: Өзге құжаттама
1) Техникалық спецификациялар, жеткізу шарттары, мерзімдері.
3) Алматы қаласы немесе аппараттық-бағдарламалық кешен жеткізілетін өңірлердегі жабдықтарға қызмет көрсету орталығы немесе серіктес болуын растау (атауы, мекенжайы, байланыс деректері көрсетілген ақпаратты беру).
Өз тарапымыздан банк тендерлік комиссиясы тендерлік өтінімдерді қарау, бағалау және салыстыру туралы ақпаратты әлеуетті жеткізушілерге немесе ресми түрде қатыспайтын кез келген басқа тұлғаларға ашпау құқығына ие.
«Нурбанк» АҚ тендерді тоқтату немесе кейін бастауға құқылы, әлеуетті жеткізушілерге тендердің кейінге қалдырылғаны туралы жазбаша хабарламамен жаңа күнді көрсетіп хабарлау арқылы.
Әлеуетті жеткізуші өзінің өтінімін соңғы мерзімге дейін өзгертуге немесе алып тастауға құқылы.
Тендер әлеуетті жеткізушінің уәкілетті тұлғасының қатысуымен немесе қатысусыз өткізіледі, егер уәкілетті тұлға тендерге қатыспаса.
Тендерлік құжаттарды тапсырудың соңғы мерзімі: 2016 жылдың 15 маусымы сағат 12:00.
Контакт тұлғалар:
Кебекпаев Жаслан Серикович
Тел.+7 (727) 2 599 710 ішкі 4007Zkebekpaev@nurbank.kz
Қосымшалар:
Қосымша №1. Хабарландыру(жүктеу .doc, 98 КБ)
Қосымша №3. Заңды тұлға анкетасы(жүктеу .doc, 83 КБ)
Қосымша №5. Техникалық спецификация(жүктеу .docx, 83 КБ)