Құрметті ханымдар мен мырзалар!
«Нурбанк» АҚ көшірмелеу және көбейту техникасына арналған шығыс материалдарын жеткізушіні таңдау және осы техниканы техникалық қолдау көрсету бойынша ашық тендер өткізетіндігін хабарлайды және әлеуетті жеткізушілерді 2015 жылғы 26 қарашада сағат 14:30-да «Нурбанк» АҚ ғимаратында, мекенжайы: Алматы қ., Абай даңғылы 10В, 3-қабат, 310-бөлме, мәжіліс залы, өтетін қайталау тендерге қатысуға шақырады.
Тендер түрі: ашық.
Тендер басталуы: 2015 ж. 26 қараша күні сағат 14:30, мекенжайы: Абай даңғылы 10В, 3-қабат, 310-бөлме, үлкен мәжіліс залы;
Құжаттар қабылдау мерзімі: 2015 ж. 25 қараша күні сағат 12:00-ге дейін, мекенжайы: Абай даңғылы 10В, канцелярия, 204-бөлме.
Тендерге № 2 Қосымшада көрсетілген критерийлерге сәйкес келетін әлеуетті жеткізушілер жіберіледі.
Техникалық сипаттама № 1 Қосымшада көрсетілген.
Тендерге қатысу үшін келесі құжаттар топтамасы қажет:
1 топтама: Заңгерлік құжаттама
1) берілген формаға сәйкес тендерге қатысу өтінімі, бұл хабарламаның мемлекеттік немесе орыс тілдерінде жазылуы және берілуі мүмкін;
2) құрылтай құжаттарының, заңды тұлғаны тіркеу/қайта тіркеу туралы куәліктердің (Жарғы, қосымша құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік) нотариалды расталған көшірмелері;
3) лицензиялардың көшірмелері (тексеру үшін түпнұсқа) мемлекеттің лицензиялауы қажет ететін қызмет түрлерін атқаруға;
4) жеткізуші өкілі болып саналатын уәкілетті тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды расталған көшірмесі;
5) уәкілетті тұлғаның Тендерге қатысуы үшін жеткізушінің сенімхаты;
2 топтама: Қаржылық құжаттама
1) баға ұсыныстары;
2) «Нурбанк» АҚ-та заңдастырудан (жылыстатудан) алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес мақсатында ішкі бақылау ережелеріне сәйкес дайындалған заңды тұлға сауалнама үлгісін толтыру;
3) үміткердің банктік деректемелерін, банктегі мерзімі өтіп кеткен қарыздарының жоқтығын растайтын қызмет көрсететін банктен алынған түпнұсқа анықтама;
4) заңды тұлғалар үшін бір жылға арналған қаржылық есептіліктің көшірмелері, заңды тұлғаның мөрімен расталған, жеке кәсіпкерлер үшін салық декларациялары,
ол болған жағдайда мөрмен расталған;
5) жеткізушінің тіркеу орнындағы салық органынан салық қарыздарының жоқтығы туралы түпнұсқа анықтама;
6) бұрын жеткізушімен жұмыс істеген заңды тұлғалардың/жеке кәсіпкерлердің ұсыныстары мен пікірлерінің көшірмелері,
оларда ынтымақтастық тәжірибесі туралы бағалар мен сипаттамалар қоса, міндеттемелерді уақытында, толық орындау және т.б. (болған жағдайда);
7) материалды-техникалық базаның болуы туралы ақпарат;
8) үміткердің электронды сауда алаңында тіркелгендігі туралы ақпараттың болуы (болған жағдайда);
9) Тендер өткізу алдындағы екі (2) жылдық корпоративтік табыс салығы декларацияларының көшірмелері. Алдыңғы екі жыл үшін салық есебінде шығындар болған жағдайда, қатысушы тауар/қызмет бағасын негіздеуі қажет (кейіннен халықаралық іскери мәміле нысанына айналатын сатып алынатын тауарлар/жұмыстар/қызметтер бойынша).
3 топтама: Басқа құжаттама
1) техникалық сипаттамалар, картридждерді толтыру қызметтері, жеткізу шарттары, мерзімдер.
2) әлеуетті жеткізушілер үшін Техникалық сипаттамалардың «Қосымша талаптарына" келісім беру;
3) болған жағдайда Қазақстан Республикасындағы ірі табысты жобаларға ұсыныстар беруге;
4) әлеуетті жеткізуші тендер өтінішін дайындау және оны тапсырумен байланысты барлық шығындарды көтереді, ал Банк пен тендерлік комиссия бұл шығындар үшін жауап бермейді немесе міндеттемелер алмайды, тендер өткізу сипаты мен нәтижелеріне қарамастан.
Өз кезегінде біз Банк Тендерлік комиссиясының қызмет көрсету әлеуетті жеткізушілер немесе тендерлік өтінімдерді қарауға, бағалауға және салыстыруға ресми қатыспайтын кез келген тұлғаға тендерлік өтінімдерді қарау, бағалау немесе салыстыру туралы ақпаратты ашпауға құқығы бар екенін атап өтеміз.
«Нурбанк» АҚ тендерді күшін жоюға немесе кейінге қалдыруға құқылы және бұл туралы тендерге өтінім берген әлеуетті жеткізушілерді жазбаша хабардар ететін болады, тендерді болдырмау немесе жаңа өткізу күні туралы мәліметтер береді.
Әлеуетті жеткізуші тендер өтінімдерін ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін өз өтінішін өзгертуге немесе қайтарып алуға құқығы бар.
Тендер әлеуетті қызмет көрсетушілердің уәкілетті тұлғасының қатысуымен немесе оның қатысусыз өткізіледі, егер уәкілетті тұлға тендерге қатыспаса.
Контактные лица:
Құжаттарды әзірлеу сұрақтары бойынша, Адамбаева Диана Бекдаировнеге жүгіну.
Тел. 2599 710 вн. 4624 DAdambaeva@nurbank.kz
Құжатталған топтаманы және техникалық сипаттаманы әзірлеу сұрақтары бойынша Шиназбаев Дастан Алдабергеновичке жүгіну
Тел. +7 (727) 250 00 00 вн. 4000 dshinazbayev@nurbank.kz
Қосымшалар:
Қосымша №1 Техникалық сипаттама (жүктеу .docx, 14 KБ)