«Нурбанк» АҚ ашық тендер

«Нурбанк» АҚ ашық тендер

10.09.2015

4-қосымша Сұрыптау критерийлері

Құрметті ханымдар мен мырзалар!

«Нұрбанк» АҚ филиалдарына кассалық жабдық жеткізу бойынша ашық тендер өткізілетіні туралы хабарлайды және әлеуетті жеткізушілерді 2015 жылғы 1 қазанда сағат 14:30-да өтетін тендерге қатысуға шақырады, мекенжайы: Алматы қ., Абай даңғылы, 10"Б", «Галерея» кабинеті.

Сатып алынатын кассалық жабдықтың саны — 111.

Лоттардың саны: 5 (бес):
1. Лот 1 — Вакуумды қалыптау машинасы саны — 3 дана;
2. Лот 2 — Ақша санайтын машина саны — 33 дана;
3. Лот 3 — Монета санайтын машина саны — 2 дана;
4. Лот 4 — Автоматтандырылған мультивалюталық валюта детекторі саны — 35 дана;
5. Лот 5 — Ультракүлгін детектор саны — 38 дана.

Тендер түрі: ашық.

Тендердің басталуы: 01-10-2015 14:30 сағ, мекенжайы: Абай даңғылы, 10"Б", «Галерея» кабинеті.

Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 30-09-2015 12:00 сағ, мекенжайы: Абай даңғылы, 10"Б", кеңсе.

Тендерге әлеуетті қатысушыларды таңдау критерийлеріне (файл 1.4_Қосымша № 4 Таңдау критерийлері.xls) сәйкес жауап беретін әлеуетті жеткізушілер жіберіледі.

Кассалық жабдықтарды жеткізудің техникалық спецификациясы Қосымша 1-де көрсетілген (файл «1.1_Қосымша1 Тех. спецификация. doc»).

Тендерге қатысу үшін келесі құжаттар пакеттерін ұсыну қажет:

1 пакет: Заңды құжаттамалар
1) тендерге қатысуға өтінімдер, осы хабарламаға № 3 Қосымшасына сәйкес қазақша/орысша тілдерінде;
2) құрылтай құжаттарының нотариалды куәландырылған көшірмелері, заңды тұлғаны тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік (Жарғы, қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу туралы куәлік);
3) лицензия көшірмесі (тексеру үшін түпнұсқа) мемлекеттік лицензияланатын қызмет түрлері жөніндегі (егер сатып алынатын тауарлар/жұмыстар/қызметтер лицензиялауға жататын болса);
4) өкілетті тұлғаның өкілдігін растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі — жеткізушінің өкілі;
5) Тендерде қатысу үшін өкілетті тұлғаға берілген жеткізушінің сенімхаты.

2 пакет: Қаржылық құжаттамалар
1) баға ұсыныстары;
2) ақшаны заңдастыруға (жылыстыруға) қарсы ішкі бақылау ережелеріне сәйкес толтырылған заңды тұлғаның сауалнамалары;
3) үміткердің банк реквизиттерін растайтын және үміткердің банк алдындағы мерзімі өткен қарызының жоқтығын растайтын қызмет көрсететін банктен алынған анықтаманың түпнұсқасы;
4) бір жылға арналған заңды тұлғаларға арналған қаржылық есеп көшірмелері, заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған, жеке кәсіпкерлер үшін салық декларациялары, мөрімен куәландырылған, егер бар болса;
5) жеткізушінің тұрғылықты жері бойынша Салық комитетінен алынған салықтарды төлеу бойынша қарыздың жоқтығын растайтын анықтаманың түпнұсқасы;
6) бұрын жеткізушімен жұмыс істеген заңды тұлғалар/жеке кәсіпкерлердің пікірлері мен ұсынымдары көшірмелері бар, ынтымақтастықтың мерзімінде, міндеттемелерді орындау толықтығы мен т.б. бағалауды қамтыған (егер бар болса);
7) материалдық-техникалық базаның болуы туралы ақпарат;
8) үміткердің ЭТП-ге тіркелгені туралы ақпарат (егер бар болса);
9) Тендер өткізілгенге дейінгі 2 (екі) жылдың ішінде корпоративтік табыс салығы бойынша декларациялардың көшірмелері. Салық есебінде алдыңғы екі жылда табысы жоқ болған жағдайда, қатысушы сатып алынатын тауарлар/жұмыстар/қызметтер бойынша бағасын дәлелдеуі қажет (халықаралық бизнес операцияларының нысаны болып табылатын тауарлар/жұмыстар/қызметтерді сатып алуларға қатысты).

3 пакет: Басқа құжаттар
1) жабдықтың техникалық сипаттамалары, жеткізу шарттары, мерзімдері, тізім, тәртібі мен қызметтерді көрсету мерзімдері (егер бар болса);
2) жабдықты сату және техникалық қолдау көрсету құқығын растайтын құжаттарымен жабдықты өндіруші компаниялардың уәкілеттендіру хатының болуы;

3) сертификатталған мамандардың саны туралы ақпарат (мамандардың сертификаттарының көшірмелері);
4) жабдықты біржолғы және толық көлемде тұтынушының мекенжайы бойынша жеткізілетіні туралы міндеттеме;
5) әлеуетті жеткізушілердің өз қалауы бойынша ұсынуға құқылы басқа құжаттар.

Әлеуетті жеткізуші өз тендерлік өтінімін дайындау және тапсырумен байланысты барлық шығындарды өзі көтереді, ал Банк пен тендерлік комиссия талап етуші қатынасқа тартпайды және тендердің жүргізілу сипаты мен нәтижелеріне қарамастан, осы шығындар үшін жауап бермейді.

Біздің тарапымыздан атап өтетініміз, «Нұрбанк» АҚ тендерлік комиссиясы тендерлік өтінімдерді қарау, бағалау және салыстыруға ресми қатыспаған әлеуетті жеткізушілерге немесе кез келген басқа тұлғаларға қатысты ақпаратты жария етуге құқылы емес.

«Нұрбанк» АҚ тендерді болдырмауға немесе кейінге ауыстыруға, тендерлік өтінімдерді ұсынған әлеуетті жеткізушілерге жаңа күнді көрсетіп, тендерді болдырмау немесе кейінге қалдыру туралы хабардар етуге құқылы.

Әлеуетті жеткізуші тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін өз өтінімін өзгертуге немесе қайтарып алуға құқылы.

Тендер әлеуетті қызмет жеткізушінің уәкілетті адамның қатысуымен немесе онсыз, егер уәкілетті адам тендерге қатыспаса, өткізілуі мүмкін.

Байланыс тұлғалары:

Заңдық және қаржылық құжаттамалар пакеттерін қалыптастыру бойынша сұрақтар үшін Адамбаева Дина Бекдаярбекқызына хабарласыңыз (тел. 2599–710, ішкі. 4624, DAdambaeva@nurbank.kz).

Басқа құжаттамалар пакетін қалыптастыру бойынша сұрақтар үшін Жаңғази Раўшан Қостайқызына хабарласыңыз (тел. 2599–710, ішкі. 5098, rdjangazieva@nurbank.kz).

Қосымшалар:

Қосымша №1 Техникалық спецификация (жүктеу .xlsx, 14 КБ)