«Нұрбанк» АҚ ашық тендерi

«Нұрбанк» АҚ ашық тендерi

28.08.2015

Қосымша №4 Таңдау критерийлері

Құрметті ханымдар мен мырзалар!

«Нұрбанк» АҚ POS-терминалдар (әрі қарай – Жабдық) жеткізу жөнінде ашық тендер өткізу жайлы хабарлайды және әлеуетті жеткізушілерді 2015 жылғы 10 қыркүйекте 14:30-да Алматы қ., Абая данғылы, 10«В», «Галерея» кабинетінде орналасқан бас кеңсе ғимаратында өтетін тендерге қатысуға шақырады.

Сатып алынатын POS-терминалдардың саны – 500.

Лоттар саны: 3 (үш):

  • Лот 1: «Нұрбанк» АҚ клиенттері үшін 300 дана GPRS стационарлық және мобильді POS-терминалдар сатып алынады;
  • Лот 2: «Нұрбанк» АҚ клиенттері үшін 162 дана GPRS мобильді POS-терминалдар сатып алынады;
  • Лот 3: «Нұрбанк» АҚ кассалық торабының жұмысын қамтамасыз ету үшін 38 дана стационарлық ETHERNET POS-терминалдар сатып алынады.

Тендер түрі: ашық.

Тендер бастауы: 10-09-2015 14:30, мекен-жайы: Абая, 10«В», кабинет «Галерея»;

Ұсыныстарды жинау мерзімі: 09-09-2015 12:00 дейін, мекен-жайы: Абая 10«В», канцелярия;

Тендерге «Қосымша №4_Таңдау критерийлері» құжатында келтірілген критерийлерге сәйкес келетін әлеуетті жеткізушілер жіберіледі.
Жабдыққа қойылатын техникалық талаптар келтірілген:

  • Лот №1 Қосымша 1-де (файл «5.1_Қосымша1 Тех.талаптар (Лот1+Лот2+Лот3).xlsx» (бет «Лот 1»);
  • Лот №2 Қосымша 1-де (файл «5.1_Қосымша1 Тех.талаптар (Лот1+Лот2+Лот3).xlsx» (бет «Лот 2»);
  • Лот №3 Қосымша 1-де (файл «5.1_Қосымша1 Тех.талаптар (Лот1+Лот2+Лот3).xlsx» (бет «Лот 3»).

Тендерге қатысу үшін келесі құжаттар топтамасын ұсыну қажет:

1 топтама: Заңдық құжаттама

1) тендерге қатысуға өтінім, осы хаттың қосымша №2 сәйкес қазақша/орысша тілдерінде жасалған;

2) құрылтай құжаттарының нотариалды куәландырылған көшірмелері, заңды тұлғаны тіркеу/қайта тіркеу куәлігі (Жарғы, қосымша құн салығы бойынша тіркеуге қою туралы куәлік);

3) мемлекет лицензиялайтын қызметті жүзеге асыруға лицензияның көшірмелері (салыстыру үшін түпнұсқа) (егер сатып алынатын тауар/жұмыс/қызмет лицензиялауға жатқызылған болса);

4) жеткізушінің өкілі – уәкілетті тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;

5) Тендерге қатысуға уәкілетті тұлғаға жеткізушінің сенімділік.

2 топтама: Қаржылық құжаттама

1) баға ұсыныстары;

2) «Нұрбанк» АҚ заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы ішкі бақылау ережелері бойынша толтырылған заңды тұлғаның сауалнамалары;

3) үміткердің банктік деректемелерін растайтын және банктің алдында үміткердің мерзімі өткен қарыздарының жоқтығын растайтын қызмет көрсететін банктен алынған түпнұсқалық анықтама;

4) бір жылға арналған заңды тұлғалардың қаржылық есептілігінің көшірмелері, заңды тұлғаның мөрімен расталған, жеке кәсіпкерлер үшін салық декларациялары, мөрмен расталған, бар болған жағдайда;

5) жеткізушінің тіркелген орны бойынша Салық комитетінен салықтарды төлеу бойынша қарыздардың жоқтығын растайтын түпнұсқалық анықтама;

6) жеткізушімен бұрын серіктес болған заңды тұлғалар/жеке кәсіпкерлердің, ынтымақтастық тәжірибесі туралы бағалаулар мен сипаттамаларды қоса алғанда, уақтылы, міндеттемелерді толық орындағанына байланысты ұсыныстар мен пікірлердің көшірмелері (болған жағдайда);

7) материалдық-техникалық базаның бар болуы туралы мәліметтер;

8) үміткердің электрондық сауда алаңына тіркелуі туралы мәліметтер (болған жағдайда);

9) Тендерді өткізу алдындағы екі жылға арналған корпоративтік табыс салығы декларациясының көшірмелері, салық есебінде екі жыл бойы шығындар болған жағдайда қатысушы ұсынған тауар/қызмет бағасының негіздемесін ұсыну қажет, кейіннен олар халықаралық коммерциялық мәміленің нысаны болып табылады.

3 топтама: Өзге құжаттама

1) Жабдықтарды жеткізу шарттары, мерзімдері, тізімі, қызметтер көрсету тәртібі мен мерзімдері;

2) Жабдық өндіруші компаниялардан жеткізушінің құқтарын растайтын құжаттармен жабдықтарды іске асыру және оларға техникалық қызмет көрсету құқтарын растайтын уәкілеттік хаттардың болуы;

3) сертификатталған мамандар саны туралы мәліметтер (мамандардың сертификаттарының көшірмелері);

4) жабдықты тапсырыс беруші мекенжайына бір рет толық жеткізу туралы міндеттеме;

5) әлеуетті жеткізушінің өз қалауы бойынша ұсынатын өзге құжаттар.

Әлеуетті жеткізуші өз тендерлік өтінімін дайындауға және ұсынуға байланысты барлық шығындарды өзі көтереді, ал Банк пен тендерлік комиссия осы шығындарға жауапты емес және міндеттемелер алмайды, тендердің өткізілу сипатына және нәтижелеріне қарамастан.

«Нұрбанк» АҚ тендерлік комиссиясы тендерлік өтінімдерді қарау, бағалау және салыстыру жөніндегі ақпаратты әлеуетті жеткізушілерге немесе ресми түрде қатыспайтын басқа тұлғаларға ашпау құқын өзіне қалдырады.

«Нұрбанк» АҚ тендерді өткізу немесе кейінге қалдыру жөнінде жазбаша хабарламамен тендерге өтінім жіберуші әлеуетті жеткізушілерді хабарлап, жаңа күнді көрсете отырып, тендерді болдырмау немесе кейінге қалдыру құқын өзіне қалдырады.

Әлеуетті жеткізушінің тендерлік өтінім беру соңғы мерзімінің аяқталуына дейін өз өтінімін өзгерту немесе кері қайтарып алу құқы бар.

Тендер өткізу жеткізушінің өкілетті тұлғасының қатысуымен не болмаса онсыз өтеді, егер өкілетті тұлға тендерге қатыспаса.

Байланыс тұлғалары:

Заңдық және қаржылық құжаттама топтамаларын қалыптастыру жөнінде сауалдар үшін Адамбаева Диана Бекдаировнаға (тел. 2599-710, ішкі.4624, DAdambaeva@nurbank.kz) хабарласуға болады.

Техникалық тапсырма бойынша өзге құжаттама топтамасын қалыптастыру жөнінде сұрақтар үшін Кемалов Максат Инниятұлына (тел.2599-710 ішкі.55-88, MKemalov@nurbank.kz) хабарласуға болады.